Шағын бизнестің экономикадағ мәні, ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 19:38, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН ФОРМАЛАРЫ.
1.1 Шағын бизнестің экономикадағ мәні, ролі
1.2 Шағын бизнестің ұйымдық – құқықтық формалары
1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері..
2. ҚР-ң 2007-2009ж аралығындағы шағын кәсіпкерлікті талдау негіздер
2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
2.2 ҚР-ң 2007-2009 ж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау
2.3 ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін талдау 3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.
3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері
3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 48.26 Кб (Скачать)

2.2 ҚР- ның 2007- 2009 жж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау Шағын кәсіпкерлік республика экономикасында, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында үлкен орын алады. Бүгінгі таңда ол айтарлықтай мықты экономикалық және саяси күшке ие. Шағын кәсіпкерлік, нарықты тауарлармен және қызметтермен жабдықтауға, дұрыс бәсекенің өсуіне көмектесе отырып, экономиканың жақсы дамуының индикаторларының бірі болып табылады. Оның кейінгі бірнеше жылдағы динамикасы, бұл сектордың бастапқы кезеңінен даму кезеңіне көшкендігін көрсетіп отыр. Қазақстандағы қызмет ететін шағын бизнес субъектілерінің жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтарына 744,6 мың бірлікке жетті, оның ішінде заңды тұлғалардың (ұйымдардың) үлесіне 16,2%, жеке кәсіпкерлікке – 61,1%, шаруа (фермерлік) қожалықтарға - 22,7% келеді. Олардың шығарған өнімінің жалпы көлемі 2007 жылға, есептік мәліметтер бойынша 2001,7 млрд. тенгені құрады, яғнп ол алдыңғы жылдың мәліметтерімен салыстырғанда 30,7% өсті. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің 2009 жылғы 1 қаңтарының мәліметтері бойынша республикада шағын кәсіпкерліктің 845 737 субъектісі тіркелген, бұл 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15% көп, мұның қызмет ететіні 76% немесе 639 185 бірлігін құрайды. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан заңды тұлғалар 172 277 бірлік құрайды, оның қызмет ететіні 114 850 бірлік, жеке – 673 460 бірлік, оның ішінде қызмет ететіні – 524 335 бірлік. Тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 476601 бірлікті құрады, оның ішінде қызмет ететіні – 363016 адам. Республикада 190859 бірлік шаруа қожалықтары тіркелген, оның қызмет етеіні – 161 319. Шағын бизнес сферасындағы қызметкерлер саны 1 653 482 адамды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% көп. Қызмет ететін заңды тұлғалар 553 731 адамды (33%), жеке кәсіпкерлер – 682420 адамды (41%); шаруа қожалықтарындағы қызмет ететіндер – 417 331 адамды (25%) құрады. Сауда саласында жоғары кәсіпкерлік белсенділік байқалып отыр, барлығы 554 630 адам қызмет ететін 342 235 субъект тіркелген. Құрылыста барлығы 118307 адам қызмет ететін 32021 субъект тіркелген, тұтынушыларға қызмет көрсету, жалға алу және жылжымайтын мүлік операциялары бойынша -121354 адам жұмыс істейтін 53367 субъект тіркелген. Өнеркәсіп қызметінде 98272 адам жұмыс істейтін 27499 субъект тіркелген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімді шығаруы 2008 жылға 1532863903,8 мың тенгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 24,2% көп, оның ішінде құрылыс саласында–259206357,9 (17 %), жеке қолданыстағы заттардың және көлік жөндеу бойынша сауда саласында 387592173,6(25,4 %), өнеркәсіпте – 187368849,5 (12,3 %), кәсіпорындарға қызмет көрсету, жалға алу және жылжымайтын мүлік операциялары бойынша 181134699,2 (11,9%) құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі шағын бизнестің (шағын бизнес және үй шаруашылығының) үлесі 2008 жылы 30,9%-ды құрады. Салық Комитетінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына 179770373 мың тенгені құрады. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінен ең көбі Алматы қаласында – 60879 (35 %), Астана қаласында - 17047 (10 %), Оңтүстік Қазақстан облысында – 15068 (9 %), Шығыс Қазақстан облысында – 10668 (6 %) белгіленген. Шағын бизнес саласындағы ең көп жұмысшылар саны Оңтүстік Қазақстан облысы – 237083 адам немесе шағын бизнестегі жалпы жұмысшылар санының 15 %, Алматы қаласында – 216303 адам (13 %), Алматы облысында - 178874 адам (10 %). Ең аз саны Қызылорда облысында – 40785 адамды (3 %) құрады. 2009 жылға Шығыс Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік 61,3 мыңнан астам қызмет ететін шаруашылық субъектілерімен көрінеді, оның ішінде үлесіне 12,9% келетін кәсіпорындарды (заңды тұлғалар), жеке кәсіпкерлікті (59,6%) және шаруа (фермер) қожалықтарын (27,5%) қоса алғанда. Жалпы облыстағы шағын бизнесте, республиканың шағын кәсіпкерлігінде қызмет ететін жалпы жұмысшылар санының 8,4% немесе 154,2 мың адамға жуық қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындары. 2009 жылдың 1 қаңтарына облыста шағын бизнестің 11232 кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда 5,3% көп. Тіркелгендерден 70,3% (7891) кәсіпорын қызмет ететін болып табылған, яғни олар экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алған, олардың ішінде 65,6% - белсенді, 4,4% - әлі қызметін бастамаған, жаңа, ал 30,0% - уақытша тұруда болған. Облыстың шағын бизнесінің үлесіне республиканың 6,6% қызмет ететін және 9,3% белсенді кәсіпорындары келген. Қызмет ететін кәсіпорындар саны бойынша облыс, республикада кему шкаласы бойынша Алматы, Астана қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейінгі бесінші орында болды. Белсенді кәсіпорындар саны бойынша Шығыс Қазақстан Алматы (үлес салмағы 25,1%) және Астана (10,5%) қалаларынан кейінгі үшінші орында болды. Аяқталған жылдың кезеңі бойы шағын кәсіпкерліктің қызмет етіп түрған кәсіпорындар саны 3,0%, ал тіркелген кәсіпорындар саны 5,3% өсті. Белсенді, яғни өнімді шығаратын және қызмет көрсететін кәсіпорындар саны талданатын кезеңде 37,3% (1406 бірлікке) өсті [1-сурет]. Сол уақытта облыста тіркелген кәсіпорындардың үштен бір бөлігіне жуығы - 3341 (29,7%) әрекет етпейді, оның ішінде 3,2% ликвидация процесінде, 96,8% хабар жоқ. Қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың көп бөлігі - 3639 (жалпы көлемнен 46,1%) саудаға, көлік жөндеуге, жеке қолдану заттарына бағытталған, 1185 (15,0%) – құрылыспен шұғылданған, 1084 (13,7%) – тұтынушыларға қызмет көрсету, жал және жылжымайтын мүлік операцияларымен, 740 (9,4%) - өңдеу өнеркәсібінде қызмет еткен. Қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың өсуі құрылыста (157 кәсіпорынға), сауда саласында (166 кәсіпорынға), тұтынушыларға қызмет көрсету, жал және жылжымайтын мүлік операцияларында (58 кәсіпорынға) байқалды.

2.3 ҚР-да  шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының  2007-2009 ж қызметін талдау Қазақстанда  1 шілдеде шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерін тексеруге жарияланған  мораторий аяқталды Еске сала  кетейік, 17 ақпанда өткен үкіметтің  отырысында Қазақстанда шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Үкіметтің қаулысына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдар 2009 жылғы 17 ақпан 2009 жылғы 1 шілде аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы, жер қойнауын пайдалану туралы, ветеринария саласындағы заңнама нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді, Астана, Алматы қалаларының және облыстық маңызы бар қалалардың маңынан берілген жер мәселелері, қызметкерлерге айлық табыстарын уақтылы және толық төлеу, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту заңдылығы мәніне, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша тексерістерді қоспағанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты. Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитетінің бағалауынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы тиімсіз іске асырылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері сан жағынан жақсарғанына қарамастан, Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы өзінің күтілген нәтижелеріне жеткен жоқ. Есеп комитеті бағдарламаның тиімсіз іске асырылуын бағдарламаны іске асыруға жауапты қатысушылардың көптігімен байланыстырады. Сондай-ақ, олардың жұмыстары үйлестіріліп жүргізілмегенін әрі жауаптылық деңгейі төмен болғанын атап өткен жөн. Бағдарламаны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеп, Индустрия және сауда министрлігі іске асырған. Іс жүзінде, оның операторы бюджет қаражатын алушы "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор) болды. Индустрия және сауда министрлігі тарапынан тиісті ішкі қаржылық бақылаудың болмауына байланысты Қор шағын кәсіпкерлікті қолдаудың орнына іс жүзінде банк жүйесінің ресурстық базасына әрі банк қызметінің тәуекелін төмендететін органға айналды. Сөйтіп, республикалық бюджеттен бағдарламаны іске асыруға деп бөлінген 30 млрд. теңгенің тек 11,6 млрд. теңгесі немесе қаржыландыру көлемінің 40%-ы ғана шағын және орта бизнестің қолына тиген. Осылайша, 6 млрд. теңгеден астам қаржы тиімсіз жұмсалып, республикалық бюджет Қор басшыларының кінәсінен 3,5 млрд. теңгеге зиян шекті. Сонымен қатар, Қор бағдарламаға бөлінген қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктердің және түрлі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын сатып алған. Бюджет қаражатын екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне де салып отырған. Осы ретте шағын кредит берудің тиімді жүйесін құру, шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру сияқты іс-шаралар орындалмаған. Есеп комитеті Үкіметке мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа идеологиясын қалыптастыруды аяқтауды ұсынды. "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Қазақстан  Республикасында шағын кәсіпкерлікті  қаржыландыру мәселелері Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген ынталығын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті товарлармен және қызмет етумен толтыру. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері Қазақстан азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатымен мынадай шаралар көзделген: - жеке адамның және семьялық кәсіпкерліктерін, шаруашылық қожалықтарының істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік беретін заңдармен қамтамасыз ету; - шағын бизнес субъекттерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу. Бұл тіркеудің мерзімін және ақысын қысқарту, қажетті жоғарғы қорының көлемін азайту, шағын кәсіпкерлер меншігіне мемлекеттік меншікті ақысыз беру; - мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субъекттерінен қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен жағдайларды жою. Бұған тек заңда бекітілген айыптар, өсімдер және басқа санкциялар жатпайды; - материалдық өнімдер өндірісімен шұғылдалатын шағын бизнес субъекттеріне салық және кеден ақысын төлеуге жеңілдіктер беруді өрістету. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мәселесін реттеу үшін үкіметке жатпайтын құрылымдардың қатысуымен 1997 жылдың маусым айынан бастап шағын кәсіпкерлікті дамытатын Қор ашу жөнінде ұсыныс енгізілуі белгіленген. Қазақстан Республика Үкіметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі мен бірге шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына және жеке кәсіпкерлерге ақы алынбайтын мемлекеттік және екінші деңгейдегі банклерде мемлекеттің қатысуымен есеп шот ашуды қамтамасыз ететін шараларды жасауға тапсырма берілді. Осымен қатар екінші деңгейдегі банклерді бірінші кезекте шағын бизнес субъектеріне несие беруін ынталандыратын шаралар жүйелері де жасалуда. Облыстарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірге мынадай шаралар жүргізілуде: - мемлекеттік кәсіпорындарында пайдаланылмайтын объекттерді және аландарды түгелдеу; - пайдаланылмайтын өндіріс ғимараттар туралы мәлімет берген кәсіпкерлерге, егерде олар өндіріспен айналысса, ғимараттар жалға немесе сенім хат бойынша - бір жыл мерзімге беріледі. Келешекте объекттер кәсіпкерлердің меншігіне беріледі. Егерде кәсіпкерлер алты айдың ішінде өндірісті іске асыра алмаса, объекттер қайтарып алынып, қайтарылған мүліктер қайтадан жарысқа қойылады; - шағын бизнес орталықтарын және бөлімшелерін салуға арналған жерлер анықталады, ай сайын шағын бизнес субъекттері араларында жерді сату жарыстары жүргізіледі; - жердің құны 5 жыл мерзімге бөліп-бөліп төленеді. Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлер субъекттеріне жерге ие болу құжаты ақысыз беріледі; - өндірістік әрекеттер ұйымдастыру үшін шағын бизнес кәсіпорындарының пайдалануына, аяқталмаған мемлекеттік құрылыс объекттері тендер негізінде берілуі қамтамасыз етіледі. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың басым бағыттары ішінде оны қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылау, шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтау сияқты маңызды шаралар бар. Шағын кәсіпкерліктің ойдағыдай дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі – олардың қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымының жақсы дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын элементтерін жалға қою. Қазіргі кезде республикада шағын кәсіпорындардың өміршендігі мен өркендеуін арттыратын бизнес – инкубаторлар, технопарктер мен орталықтар жұмыс істеуде. Алайда, олардың жұмысы әзірге республиканың шағын кәсіпкерлігінің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз. Сондықтан бағдарламада көптеген кәсіпкерлердің есеп, бизнес – жоспар, маркетинг, қаржылық талдау, құқықтық мәдениет машықтарын әлсіз меңгергендігі ескеріле отырып, бизнес – инкубаторларға, технопарктерге, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтарға, мемлекеттік уәкілетті органдарға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді күшейту тапсырылған. Шағын кәсіпкерлік саласындағы қаржылық қолдау шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қажетіне сай келетін жабдық шығара алатын компанияларға бағдарлануы тиіс, олардың өндірістік бағыты өнімнің жаңа түрлерін игеруі, техникалық және технологиялық озықтығы ескерілетін болады. 3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында лайықты орын алды. Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрлымның қалыптаса бастағандығының айғағы.Алайда, заңдық тұлғалардың жалпы санының 55пайызы ғана жұмыс істегенін айтпай кетуге болмайды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген 103721 кәсіпорынның тек 78475-і ғана жұмыс жағдайында екен.Оның тек 39907-і қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қабілетті. Яғни әр 100кәсіпорның тек 38-і ғана жұмыс істеуде, ал қалған заңды тұлғалар құрылудың немесе құрып ткетудің алдында. Бұдан мемлекеттің кіріс көзі болып табылады, миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету шағын бизнестің Қазақстандағы жағдайы көңіл қуантарлық емес екені көрініп тұр. Жұмыспен қамтудың салалық құрылысымен қарастырсақ, бизнеспен айналысатын әрбір үшінші адам сауда жүйесінде,, әрбір бесінші өнеркәсіптік өндірісте, әрбір алтыншы құрлыста еңбек етеді. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың жалпы саны жағынан алғанда сауда саласында 36,1 пайызы, өнеркәсіптік өндіріс орындарында 21,2 пайызы істейді, қалғандары түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Бұл дерекерден сауда ісі әлі де басым екендігін, салалық құрылымдарда өндіріс көлемі әлі де өзгере қоймағанын көруге болады.Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты талдағанда агроөнеркәсіптік кешендегі шағын кәсіпкерлік қазіргі уақытта еліміздің экономикасына тиісті үлес қоса алмай отырғанын немесе табысн экономиканы сараптағанда мемлекеттің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда шағын бизнес басты құралдардың біріне айналғаны да байқалдаы. Шағын кәсіпкерлік, әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдарды есепке алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі республикадан тыс жерден тасмалданып, сол жерде өнделіп, дайын өнім жоғарғы бағамен қайта әкелінеді. Мұның үстіне, тасымалдау кезінде өнім бағасы төмендеді, шығынға жол берілді.Бірқатар жаңа өнім алуға болатын қалдықтар өнделген жерлерде қалды.Қазіргі уақытта агроөнеркәсіпке кірісу жүйесінде шағын кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар.«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл-селоларды дамытудың басты бағыттары туралы » заңда:Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік, шарушылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен шұғылданады, шикізаттар өндеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді,-деп атап көрсетілген. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестік ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпаратттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады.Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға қызымет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұсалмайды. Қазіргі қалыптасқан күрделі жағдайда ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің қарқынды дамуына тұсау болып отырған екі факторды бөліп көрсету керек. Бұл - техникалық мүмкіндіктің әлсіздігі және қаржы ресурстарының тап-шылығы.Екінші бағыт жөнінде айтатын болсақ, ауыл экономикасын қаражаттың сауықтыру тіпті күрделі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты аяқтай келіп ,жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығы айқын. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білімді кадрлардың жетіспеуі. Ал шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке беруге жарайтын мүлік шағын кәсіпорындаодың керектігі несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын кәсіпорындардың керектігі банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу информациялық қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпорынның артықшылықтары: бәсекелі нарықтық өрісін кеңейтеді; айрықша қажеттіліктерді(пәтерлерді жөндеу, ксерокөшірме, көлік жөндеу, ұсақ сауда т.б.) қанағаттандыру мүмкіншілігі, өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдеріне тез Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер). Алматы: ЮРИСТ, 2005ж.

2. 3. Закон  РК от 19 июня 2007 года, №131-1 О государственной поддержке малого предпринимательства.

4. Указ  Президента РК. 2005г, №2486 О производственном кооперативе. 5. Аубакиров Ж., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері. 2004ж, Алматы. 6. Қабдиев К., Досқалиев С.А. Экономика. 2006ж, Алматы.

7. Әубәкіров  Л.Ә., Кәрібаев К., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері. 2005ж, Алматы. 8. Мадяирова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. 2004ж, Алматы.

9. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. 2007ж, Алматы.

10. Ашонұлы  Қ. Шағын кәсіп және нарық.//Қазақ әдебиеті-2005ж. 11. Қинашева Ж. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі.//Ақиқат-2002ж.№2.

12. Райханұлы  Н. Шағын кәсіпкерлік: Бағдар айқындала түсті.//Ақиқат №7 2006ж. 13. Исабеков Б. Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның даму перспективалары.//Қазақстан жоғарғы мектебі-2003ж.

14. Бейсенұлы  Б. Бизнестің өз құндылығы бар.//Жас  Алаш-2007ж. 15. Шеденов В.Қ., Байжомартов І.С., Жүнісов Б.А., Колягин Б.М. Жалпы экономикалық теория. 2002ж. Алматы-Ақтөбе

16. Бейсенғазиев  М.Б. Кәсіпкерлік негіздері. 2006ж, Орал.

17. Ломакин  В.К. Мировая экономика. 2004ж, Москва: Финансы.

ҚОСЫМША-А

ҚОСЫМША Б

ҚОСЫМША В

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫ  АЗАЙТУ- ұйымдаспаған сауда түрлерін біршама өркениетті түрге айналдыруға, сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін, базар саудасын сауда орталықтарына айналдыру бойынша қызмет көрсету стандарттарын енгізуге жағдай жасау

2.Шағын  кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымын  дамыту- проблемалық мәселелерді уақытында шешу, әлеуметтік кернеулікті болдырмау, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасында диалог орнату.

3.Шағын  кәсіпкерлік субъектілерін нығайту  үшін жағдай жасау- проблемалық мәселелерді уақытында шешу, әлеуметтік кернеулікті болдырмау, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасында диалог орнату.

4.Кәсіпкерлік  белсенділіктің қарқынды дамуын  қамтамасыз ету- кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту инфрақұрылымының дамуының қалдықсыз болуы, маманданбаған кадрларды қайта даярлау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімдігін арттыру.

Информация о работе Шағын бизнестің экономикадағ мәні, ролі