Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 12:49, реферат
Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – егеменді, ешбір мемлекетпен ортақтаспаған тәуелсіз мемлекттің ата заңы. Біздің Конституция мемлекетіміздің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін айқындайды. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді.
Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы
Орындаған : Орынбекова С.
Факультет: Фармация
Тобы: ТФП 001-01
Тексерген:Қасымгожин Д.
Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – егеменді, ешбір мемлекетпен ортақтаспаған тәуелсіз мемлекттің ата заңы. Біздің Конституция мемлекетіміздің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін айқындайды. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді.
1993 жылдың 28 қаңтарында егеменді тәуелсіз қазақ мемлекетінің тұңғыш Конституциясын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі бірауыздан қабылдады.
Бiз, ортақ тарихи тағдыр
бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тiлей отырып,
қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғарыауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,
өзiмiздiң егемендiк құқығымыздынегiзге
ала отырып
осы Конституцияны қабылдаймыз.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдум-ның (бүкіл халықтық дауыс беру) нәтижесінде Қа- зақстан Республикасының екінші Конституциясы қабылданды. Бұл жаңа Конституцияда биліксіздік құбылысын жеңу мақсатында парламент құқықтары елеулі шектеліп, прези-денттік билік вертикалі күшейтілді.
Жаңа Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген.
Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады.
ҚР-ның негiзгi мақсаты :
өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту;
өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру;
байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту.
Конституция 9 бөлімнен тұрады:
Мұндағы жалпы ережелер деп аталатын 1 бөлімде (1-9 баптар) Қазақстан Рес- публикасының стратегиялық бағыты, елімізде жүзеге асырылатын қыз- меттің негізгі принциптері бекітілді. Олар:
“Адам және азамат” деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықар. құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тiкелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесiнен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады.
Соның басты маңызды қағидаларының бірі:
- әркiмнiң өз құқықтары
мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына
құқығы бар.
- заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.
- тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына,
тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жерiне байланысты немесе кез келген өзге
жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге
болмайды.
- әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
- әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына
құқығы бар.
- адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды.
- ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық
жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық
қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге
не жазалауға болмайды.
Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, “Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет”. Мұның мәнiсi мынада:
бiрiншiден, Президент мемл. билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды;
екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламентке тәуелсiз;
үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемл. билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседi, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек әкiмш.-аумақтық бөлiнiстерге — облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр орталыққа бағынады.
Яғни, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Консти- туциясының 49 бабында былай деп жазылған:
«1. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы».
Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген.
1995 жылғы Конституция бойынша, Парламент Палаталары «Мәжіліс», «Сенат» деп аталып, Қазақстан Республикасы Констициясының 49-63 баптарында ел парламентінің саяси жүйедегі орны мен құзыреттері және ол заңмен реттейтін қоғамдық қатынастар тізбесі нақты көрсетіліп берілді.
“Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi” (2-бап, 2-тармақ). Қазақстандағы саяси құрылыс демокр. болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемл. билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық екендiгi былай баяндалған: “Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.
91-баптың 1-тармағына сәйкес ҚРК-на өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Республика Президентiнiң бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiм бойынша өткiзiлетiн респ. референдумда жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер Президент өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Парламенттiң қарауына беруге ұйғарса, онда өзгерiстер мен толықтырулардың жобасы респ. референдумға шығарылмайды. Бұл ретте Парламенттiң шешiмi Конституцияда белгiленген тәртiппен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 3/4 дауысымен қабылданады (62-бап, 3-тармақ).
Егер Президент Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерiн респ. референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда қос Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент осы өзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Президент осы заңға қол қояды немесе референдумға шығарады.
Егер референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткiзiлдi деп есептеледi, егер олардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, заң қабылданды деп саналады.
30 тамыз - ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды.
Заң, тәртіп туралы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса, ол күй-рейді».
Г.Фуллер: «Заң адамды
бағындырады, заңды ақыл бағындырады».
Сенеке: «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған
заңдардан да қатаңырақ».
Дж.Гарфиллд:«Көн- діре алатын күші болмаса
заң заң болудан қалады».
Бауыржан Момыш-ұлы: «Тәртіпке бас иген
құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды».
Назарларыңызға рахмет!!!
Информация о работе Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы