Жарғақ қанаттылар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 14:13, доклад

Краткое описание

Жарғақ қанаттылар (Hymenoptera) — жәндіктер класының бір отряды. Қазба қалдықтары триас кезеңінен бері сақталған, 300 мыңға дейін түрі Жер шарында кеңінен таралған. Жарғақ қанаттылар қондырма құрсақтылар (Phytorhaga), шағатын Жарғақ қанаттылар (Aculeata) және паразит Жарғақ қанаттылар (Parasіtіca) болып 3 отряд тармағына бөлінеді. Кейде соңғы екеуін біріктіріп — қынама (сабақты) құрсақтылар (Apocryta) деп атайды. Жарғақ қанаттылардың дене тұрқы 0,2 мм-ден 6 см-ге дейін. Ересектерінің 2 жұп жарғақ қанаттары болады, артқы кішілеу қанаттары алдыңғыларына ілгекшелермен жалғанады. Қанаттарының жүйкеленуі сирек, ересектерінің кейбір түрлерінде қанаттары айрылған.

Файлы: 1 файл

Жарғақ қанаттылар.docx

— 16.98 Кб (Скачать)

Жарғақ қанаттылар (Hymenoptera) — жәндіктер класының бір отряды. Қазба қалдықтары триас кезеңінен бері сақталған, 300 мыңға дейін түрі Жер шарында кеңінен таралған. Жарғақ қанаттылар қондырма құрсақтылар (Phytorhaga), шағатын Жарғақ қанаттылар (Aculeata) және паразит Жарғақ қанаттылар (Parasіtіca) болып 3 отряд тармағына бөлінеді. Кейде соңғы екеуін біріктіріп — қынама (сабақты) құрсақтылар (Apocryta) деп атайды. Жарғақ қанаттылардың дене тұрқы 0,2 мм-ден 6 см-ге дейін. Ересектерінің 2 жұп жарғақ қанаттары болады, артқы кішілеу қанаттары алдыңғыларына ілгекшелермен жалғанады. Қанаттарының жүйкеленуі сирек, ересектерінің кейбір түрлерінде қанаттары айрылған. Төменгі сатыдағы Жарғақ қанаттылардың ауыз қуысы кеміргіш типті, жоғарғы сатыдағыларының ауыз қуысы кеміріп жалағыш немесе сорғыш типті болады. Аналықтарында болатын жұмыртқа салу өсіндісі шағатын Жарғақ қанаттыларда шағу органы — піскекке айналған. Жарғақ қанаттылар — толық түрленіп дамитын жануарлар. Тіршілік ету ерекшеліктері және ортаға бейімделуі әр түрлі. Табиғи экожүйелерде гүлді өсімдіктердің тозаңын тасымалдаушылар, буынаяқтылардың санын реттеуші жыртқыштар және паразиттер ретінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, Жарғақ қанаттылардың ішінде ұрпағына қамқорлық жасап, қауымдасып тіршілік ететін түрлер және орман шаруашылығы мен мәдени өсімдіктердің зиянкестері де кездеседі. Кейбір паразит түрлер (мысалы Trіchogramma evanescens) ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы биологиялық әдістермен күресу мақсатында пайдаланылады. Ал қолға үйретілген бал арасынан ерте замандардан бері емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады.

 

Кіріспе

Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған. Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.

Түрлерінің саны жағынан тек қоңыздар мен көбелектерден ғана кем, ең ірі отрядтардың бірі - 100 мыңнан аса түрлері бар. Соның ішінде біздің елде 10 мыңдайы кездеседі. Қоректену сипаты және маңызы жағынан жарғақ қанаттылар алуан түрлі. Олар фитофагтар және галла түзушілер, гүл шырынын және тозаңын пайдаланушылар, жыртқыштар және насекомдардың паразиттері болып саналады.

Жарғақ қанаттылар отряды қондырма құрсақтылар және сабақшалы құрсақтылар деп аталатын 2 отряд тармағына бөлінеді.

ҚОНДЫРМА ҚҰРСАҚТЫЛАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ - Symphita. Құрсағы қондырма типіне жататын, аяғының ұршық бөлімі 2 бунақтан тұратын, тек өсімдіктермен ғана қоректенетін насекомдар. Оларға орман ағаштарына зиян келтіретін мүйізқұйрықтылар мен егеушілердің бірқатар тұқымдастары жатады.

Сабақ егеушілер тұқымдасы - Cephidae. Денесі бүйір жақтарынан аздап қабысқан, басы жұмыр, ұзындығы 7-15 мм ірі немесе орташа насекомдар. Алдыңғы сирақтары бір тепкілі. Личинкаларын жалған жұлдызқұрттар деп атайды, түстері ақ, сарғыш, шала дамыған көкірек аяқтары S - әрпі тәрізді иілген. Құрсағының ұшында түтікше тәрізді без болады.


Информация о работе Жарғақ қанаттылар