Витаминдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 09:53, реферат

Краткое описание

Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдар

Оглавление

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . 2
I.ВИТАМИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . . . 3
1.1 Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы . . . 7
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . 31
ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . 32

Файлы: 1 файл

витаминдер.docx

— 46.43 Кб (Скачать)

      Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні – бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде ферменттің активтілігі азаяды да, қанда прожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы , сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды – тиамин – және кокарбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды.

      В1 витаминінің зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.

      В1 витаминінің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит,яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының негізгі себебі де осында.

      «Бери-бери» ауруымен ауырғанда  адамның жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әлсіреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауыруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер тартылып солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі – оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей; В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Ағза тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек етеді. В1  витаминінің жалпы формуласы – С12Н17N4OSC HCI. Тиаминнің құрамында 2 гетероциклды сақина болады: пиримидин және тиазол. Тиазол молекуласында амин тобы мен күкірттің кездесуіне байланысты тиамин деген атқа ие болады. Тиаминді кристалдық жағдайда түссіз ине тәрізді тұз қышқылды тиамин түрінде алады. Тиамин суда жақсы еріп, этил спиртіне  нашар ериді, эфир мен хлороформда ерімейді. Күшті қышқыл ортада тиамин қыздыруға берік, ал сілтілі және бейтарап орталарда, ол қайнағанға дейінгі уақыттың өзінде-ақ бұзылады. Тиаминпирофосфат кофермент есебінде ферменттер  құрамын кіреді. Тиаминнің жеткіліксіз нәтижесінде: қанда, жүйке ұлпасында, мида прожүзім қышқылының мөлшері артады.

      В1 – авитаминозы кезінде қарында және ішекте сөл бөлінуі нашарлайды, асқазан қабырғасында тұз қышқылының түзілуі тоқталады. Осылардың салдарынан асқа деген тәбет жойылады, сөйтіп, малдың салмағы кемиді, арықтайды. Ағзадағы осы аталған жайсыз өзгерістер , онда ТПФ коферменттің активті тобы тиаминнің жеткіліксіздігінің көмірсулар алмасуының тотықпаған өнімдері жиналуынан болады.

      Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер,әсіресе  бидай, күріш, қара бидай дәндерінің қауызы, ашытқы оған бай кееді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі.

      В1 витаминін күйіс қайыратын  малдың қатпаршақ қарынында микроорганизмдер  синтездейді. Жылқы, шошқа және  тауық бұл витаминді өте-мөте  қажет етеді. Жылқы мен шошқаға бір тәулікте қажет мөлшері олардың 10 кг дене массасында 3-4 г шамасындай. Малдың буаз және желіндеу кезінде В1 витаминін қажет ету мөлшері арта түседі.

      Тиаминнің адам ағзасы үшін  тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг-нан аспайды. Рационда көмірсулардың мөлшері көбейген сайын ағзаның тиаминге деген қажеттілігі арта түседі.

      В2 витамині (рибофлавин). В2  витаминінің жалпы формуласы – С17H20N4O6 . Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындаы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиттің күңгірттенуіне әсерін тигізеді. В2  витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2  витаминінің зат алмасудағы маңызыда өте зор.

      В2  витамині әсіресе клетканың,  яғни ағзаның өсіп - өнуіне әсерін  тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда  жетімсіздігі адамдардың, әсіресе  балалар бойының өсуі қабілетін  де төмендетеді. В2  витаминінің  көздің көру процесінде де  үлкен мәні бар. Әсіресе, бұл  витамин А витаминмен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына қажет.

      С витамині жеткіліксіз болғандағыдай , рибофлавин гиповитаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі – ұсақ қан тамырларының әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2  витаминінің жетіспеушілігі бірте – бірте бауыры мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады. Жалпы В2  витамині жеткіліксіз болғанда адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні шаншып ауырады. Көзден жас ағып жарыққа қарай алмайды , көздің көруі де нашарлайды. Жиі кездесетін белгісінің бірі – аузы уылып, екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып , қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында «ауыздық» деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршақтанып кетеді. Ағзадағы флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2  витамині жетіспеген ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады .

      Сондай – ақ бұл витаминнің  ана мен баланың денсаулығы  үшін де атқаратын рөл өте зор. Мәселен, перзенттің құрсақта жақсы өсіп жетілуі үшін ананың денсаулығы жақсы болып, ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Тамақтың құрамында А, В, С витаминдері жеткілікті болу керек, өйткені екі қабат әйел тек өз ағзасын ғана емес, жатырдағы перзентті де қоректендіреді.

      Туғаннан кейін жүре пайда  болатын катарактағы келсек, адамның  жасы ұлғайған сайын зат алмасуының  өзгеруінен көз бұршағының қасиеттері  кеми береді. Адамның 55 – 60 жасынан  бастап жалпы ағзасында , әсіресе көз бұршағының құрамында қышқылдық процесі бұзыла бастайды. Осыған орай , жалпы ағзада және көз бұршағының   құрылысында аскорбин қышқылы және рибофлавин витаминдері азая түседі. Сөйтіп, зат алмасу көз бұршағының ішкі құрылысы мен сыртқы қабығы қатайып, мөлдірлігі кемиді де, оның ортасында қатайған дән (ядро) пайда болады, әрі шет жағы да көмескілене береді. Сөйтіп, егде адамның ағзасы, әсіресе көз бұршағы С және В2  витаминдерімен жеткіліксіз қоректенгендіктен, оның жанарында бірте – бірте катаракта басталады. Әсіресе ішіп – жейтін тағамның құрамында С және В2 витаминдері жетіспейтін адамдардың көзінде бұл дерт жиі кездеседі.

      Катарактаның әуелгі белгілері  мынадай: көздің көру өткірлігі  бірте – бірте нашарлап, содан  қарашықтың ортасы ақсұрғылт болып көрінеді. Сөйтіп, көз бұршағының қарауытуы күшейген сайын көздің көру қабілеті де нашарлап , бірте – бірте тек күн мен түнді ғана ажырата алатын болады.

      Кәріліктен болатын катаракта көбінесе бір көзден басталады . Ал кейде екі көзден бірдей басталуы мүмкін. Көз бұршағы қарауытқанда ауырмайды, қызармай тек бірте – бірте көздің көру өткірлігі кеми бастайды.

      Катаракта әр адамда әр түрлі уақытқа созылады. Кейде бір жылда түгел қарауытып, ал кейде бұл процесс бірнеше жылға созылады.

      Катарактадан алдын ала сақтану  үшін егде жастағы адамдардың  күнделікті ішіп -  жейтін тағамының құрамында витаминдердің мөлшері , әсіресе С және В2  витаминдері жеткілікті болуы тиіс. Бұл үшін тағам үнемі бір түрлі болып келмей, әр түрлі болуы керек. С витамині қарақат, аскөк – укроп, көк жуа, қымыздық, помидор, қияр, сәбіз, өрік, апельсин, лимон, картоп, орамжапырақтарда көбірек болады. Витаминдер тіпті ашытқан капустаның өзінде де , оның шырынында да болады.

      Ағзада С витаминін жинау үшін  жаз , күз айларында көкөніс түрлері мен жеміс – жидектерді көбірек жеген дұрыс. Өйткені қыс , көктем айларында көкөніс пен жеміс – жидектер бола бермейді. Тағы бір айта кететін жайт – көкөніс, жеміс – жидек витаминдерінің көпшілігі адам ағзасының склерозға қарсылығын күшейтіп, адам өмірін ұзартуға да әсер етеді.

      Демек, күнделікті ішіп – жейтін  тамақтың құрамында  көкөніс , жеміс – жидектер жеткілікті болса, олардың адам ағзасына рак айруын болдыртпайтын ерекше қасиеті бар екенін Жапония ғалымдары терең зерттеп анықтады.

      В2  витамині  сиырдың сүті, жұмыртқа , картоп, капуста, сәбіз, қара нан, бұршақ тағамдарында көп болады. Тағамда В2 витамині ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тек көз бұршағын ғана көмескіленіп қоймай, адамның беті – қолының терісі құрғап , өңі кетеді, еріні жарылады, көз айналысы мен маңдай терісіне әжімдер түсіп, адам жасына жетпей мосқал тарта бастайды.

      Катаракта иондалған радиоактивтік  заттардан шыққан сәулелердің  зардабынан да пайда болады.

      Рибофлавин картопта , орамжапырақта, қара нанға , ашытқыда, қызанақта, сәбізде, жұмыртқада, бауырда , сүтте жане сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. В2  витамині дәрі ретінде қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.

      Пантотен қышқылы (В3 витамині ). Бұл витамин 1933 жылдан белгілі бола тұрса да, ол тек бірнеше жыл өткеннен кейін барып кристалдық түрде алынды.

      В3 витаминінің жалпы формуласы  – С9H17NO5.

      В3 витамині барлық жан-жануарлар  мен өсімдіктер клеткаларының  құрамына кіреді.

      Қарқынды тотығу процесі жүретін ұлпаларда пантоден қышқылы деп аталатын витамин кездеседі. Тағамдарда   пантоден қышқылы жоқ болса, асқа тәбет шашпайды, өсу процесі тоқталады, денеге жара түседі. Бүйрек безі зақымданады, денедегі түктердің және шаштың түсі өзгереді. Бұл жайт пантоден қышқылының ағзадағы ең қажетті, әрі ерекше органикалық

қосылыс – коэнзим А – ның құрамына кіретіндігімен түсіндіріледі. В3 витамині көмірсулар мен майлардың алмасуына бар ферменттердің құрамына енетіндіктен, оның қажетті мөлшерінің жетімсіздігі майлар мен көмірсулардың ағзадағы алмасу, қорытылу жүйесінің бұзылуына әсер етеді. Егер бұл витамин жоқ болса, асқа тәбет шашпайды, өсу процесі тоқталады,денеге жара түседі. Бүйрек безі зақымданады, денедегі түктердің және шаштың түсі өзгереді. Бұл жайт пантотен қышқылының ағзадағы ең қажетті, әрі ерекше органикалық қосылыс – коэнзим А – ның құрамына кіретіндігімен түсіндіріледі. В3 витамині көмірсулар мен майлардың алмасуына бар ферменттердің құрамына енетіндіктен, оның қажетті мөлшерінің жетімсіздігі майлар мен көмірсулардың ағзадағы алмасу, қорытылу жүйесінің бұзылуына әсер етеді. Егер бұл витамин жоқ болса, майлар мен көмірсулардың алмасуынан пайда болған ағзадағы сірке қышқылының одан әрі бөлшектеніп, қорытылуын тоқтатып тастайды. Пантоден қышқылына бауыр, балық уылдырығы, өсімдіктердің жасыл желектері, араның балауызы мен ашытқылар өте бай келеді. В3 витамині ішек таяқшасы әсерінен көп мөлшерде пайда болатындықтан, адам ағзасы бұның жетіспеуінен авитаминозға ұшырайды. Бұл витамин сүт қышқылы бактерияларының өсуін тұрақтандыратын болғандықтан, сүт тағамдарын өндіруде үлкен рөл атқарады.

      Азық-түліктің ауыстырылмайтын компоненті  ретіндегі пантоден қышқылының  асқан ерекшелігі пантое қышқылымен  байланысты.Сол қышқылдың кішкентай молекуласы адамдар мен жануарлардың ұлпаларында синтезделмейді.

      Авитаминоз. В3 – авитаминозына  тән құбылыс – жас жануарлардың  өсуі тоқтайды, терісі зақымданады,  шаш ағарады, нерв жүйесінің , асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылады. Адамда және жануарларда В3 – авитаминозы сирек кездеседі. 

      Табиғатта таралуы. Пантоден қышқылы  өсімдіктерге қарағанда, жануарлар  ұлпасында және мүшелерінде көп.  Ол қышқылдың бай көздері:балық уылдырығы, балауыз, ашытқы, өсімдіктердің көгі, бауыр.

      Бұл витаминнің ересек адамға  қажет мөлшері тәулігіне 10-15 мг,шөжелердің 1 кг тірі салмағына қажет 1,0 – 2,5мг.

      РР витамині (В5 витамині никотин  қышқылы). РР витаминінің аты «Pellagra preventing» (пеллагра ауруына қарсы)  – деген ағылшын сөздерінің  бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотенамит болмаса, адармдар пилагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі , ауыз қуысының кілегейлі қабаты, ал тіл сияқты дертпен ауырады. Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуі реттеуге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне және тағы басқа толып жатқан функцияларға әсер тигізеді. Пеллагра ауру, әсіресе қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған. Оның себебі жүгері белоктарында трептофан амин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам ағзасында никотенамит немесе РР витамині аз түзіледі. РР витаминінің провитамині никотин қышқылы ашытқыда , бауырда, саңырауқұлақта, түрлі жармаларда көп кездеседі.

      Химиялық табиғаты мен биологиялық  маңызы.  В5  Витаминінің жалпы  формуласы – C6H5NO2. Никотинамид  никотин қышқылының амиді бола  тұрып, пиридин қатарындағы қосылыстарға жатады. Никотин қышқылының өзінің де витаминдік активтілік қасиеті бар.

      Никотин Қышқылы суда нашар  ериді де, ал спирт, глицирин  мен эфирде жақсы ериді. Жарыққа,  тотықтырғыштарға және қыздыруға тұрақты келеді. Бұл витаминнің қышқылтым дәмі бар.

      Никотин қышқылы ұлпада амидтеледі, одан кейін рибоза, фосфор және  аденил қышқылдарымен қосылып  коферменттер түзеді. Ал соңғылар  ерекше белоктармен қосылыса  отырып, дегидрогенеза ферменттері  түзіледі, ағзадағы әр түрлі толықтыру реакцияларына қатысады. Ол күрделі ферменттер сутегін, электрондар мен протондарды бөліп шығару жолымен субстраттың тотығуын катализді. Жалпы никотинамид қатысатын реакциялардың саны қырықтан астам.

Информация о работе Витаминдер