Сасық меңдуана (Datura)

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 12:53, сочинение

Краткое описание

Бір жылдық не екі жылдық шөп тамырлы өсімдік, биіктігі 30-70 см айналасында, өн бойында жұмсақ түгі болады. Маусым, мамыр айларында гүлдеп, тамыз, қыркүйек айларында жемістенеді. Жемісі қоңырау тәрізді,ішінде ұсақ домалақ ұрығы болады, улы келеді.
Меңдуана төмен улы өсімдік, тауық қатарлы үй құстары жеп жойса ұзақ уақыт сенделіп, аузынан су ағып өледі. Адам жесе басын бұлғаңдата береді, албаты сөйлейді, көзі шұбартады да өзін рахат сезінеді.

Файлы: 1 файл

Улы өсімдіктер-баяндама.doc

— 346.50 Кб (Скачать)

Меңдуана

 

Бір жылдық не екі жылдық шөп тамырлы өсімдік, биіктігі 30-70 см айналасында, өн бойында жұмсақ түгі болады. Маусым, мамыр айларында гүлдеп, тамыз, қыркүйек айларында жемістенеді. Жемісі қоңырау тәрізді,ішінде ұсақ домалақ ұрығы болады, улы келеді.

Меңдуана төмен улы  өсімдік, тауық қатарлы үй құстары  жеп жойса ұзақ уақыт сенделіп, аузынан су ағып өледі. Адам жесе басын бұлғаңдата береді, албаты сөйлейді, көзі шұбартады да өзін рахат сезінеді.

Өзге дәріліктермен аздап қосып  пайдаланады, безгектік секілдеуге, тыныштандыруға істетеді.

Сасық меңдуана

Сасық меңдуана (Datura) — алқа тұқымдасына жататын өте жағымсыз иісі бар, біржылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұталар. Қазақстанның барлық аймақтарында (тек таулы жерлерде өспейді) кездесетін 1 түрі — кәдімгі Сасық меңдуана (D. stramonіum). Ол үй маңында, бақшада, кейде қоқысты жерлерде топтанып өседі. Биіктігі 20 — 100 см, сабағы жылтыр, көп бұтақтанған. Ұзын сағақты жапырақтары жұмыртқа тәрізді, ұшы үшкір, жиектері толқындала ойықталған. Тостағанша жапырақшалары бесеу, ақшыл-жасыл түсті, бір-бірімен бірігіп түтік құрайды. Күлтесінің де саны бесеу, ақ түсті, түтік тәрізді түбі жіңішкеріп тостағанша ішінде жатады. Гүлдері ірі, қысқа сағақты, өркенге бір-бірден орналасады. Сәуірден қыркүйекке дейін гүлдеп, шілде — қазан айларында жемісі піседі. Жемісі — шар не жұмыртқа тәрізді қауашақ. Тұқымдары бүйрекке ұқсас, қара, ұсақ болады. Сасық меңдуана — дәрілік өсімдік, оның құрамында гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары, эфир майы (0,04%), каротин (0,1%), илік заттар (0,7%) болады. Тұқымында 45%-дай линол глицериді, 40%-дай олеин, 20% стеарин бар. Сасық меңдуананың емдік қасиеті көне заманнан белгілі. Медицинада Сасық меңдуанадан алынған препаратты өкпе демікпесі, тыныс жолдары, теңіз және биіктікке байланысты ауруларға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында буын ауруларын, невралгияны, жүйке ауруларын емдеу үшін қолданылады. Өте улы өсімдік.

Күшала

Күшала (Emіnіum) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Азияның құмды жерлерінде кездесетін 5 түрі бар. Қазақстанда Мойынқұм (Жамбыл облысы) мен Қызылқұм шөлінде, Қаратауда және Тянь-Шаньның батысында өсетін 2 түрі бар: ит күләшласы немесе Леманн күшаласы (Emіnіum lehmannіі) мен Регел күшаласы (Emіnіum regelіі).

Бұлардың ішінде көп  тарағаны – ит күшаласы. Оның биіктігі 15 – 40 см, түйнекті өсімдік, жапырақ тақтасы үшбұрышты, қандауыр пішінді, ұзын сағақты (ұзындығы 7 – 12 см, ені 1,5 – 3 см). Гүл шығатын сабағының түп жағында мөлдір жарғақты қынабы болады. Қара күлгін түсті, ұзындығы 4 – 8 см собық гүлшоғыры сабағының ұшынан дамиды. Собығының сыртындағы жамылғысының ұзындығы 12 см, ені 3 см. Жамылғысының ішкі беті мақпалдай жұмсақ, қара күлгін түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ақ жидек. Түйнегінде алкалоидтар болатындықтан улы, сондықтан өсімдіктің түйнегін кеміргіштер жемейді. Ит күшаласы өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.

Қалақай

Қалақай  (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасынан бір туысы. Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.

Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында белок көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — үйлі (лат. Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында белок, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.

Өсімдіктердің адам өмірдегі тылсым сырларындағы мысалдар

Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне  қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат  баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен.

 Ал, өсімдіктерге дұрыс  қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса  «ренжіп», адам ағзасына зиянды  улы химиялық заттар бөліп  шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз.

 Ал, кактустар да адамның  көңіл-күйіне әсерін тигізеді  екен. Кактусқа «туу, түрі құрысын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.

Ал, кейбір өсімдіктер өз қожайынын  басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал, жерік болған кезде қатты ит жерік болып, тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.

Әрине, өсімдіктердің барлығы тек  зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен.

Ал қазтамақ (герань) бірінші суғармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді. мол өнім болмайды деп есептеген. «Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені белгілі ғой.

Ертеде «қыдырып» кеткен күйеуін  үйге қайтару үшін әйелдер жатын  бөлмеге алқызыл түсті гүлді  қойған. Сол бөлмеде үш күн қонған ер адам ендігәрі басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген сезімі арта түседі екен. Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда, өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.

Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған жөн. Оларды сәбиді баққандай күтсеңіз, өскен соң сіздің денсаулығыңызға, отбасыңызға оң әсер етеді дейді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласыз.

Ал, мына бір оқиға осыдан 7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында жапырағы жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршып тастайды. Ағаш солып қалған соң, кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп жүріп қолы тимейді. Бір күні «әйел өз болашағын білмекші болып көріпкелге барады. Көріпкел оған «отыз жасыңда өлесің» дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да «дені сап-сау, аяқ қолы балғадай адам қалай өледі?» деп, көріпкелдің сөзіне аса мән бермейді. Тамыз айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын шақырмақшы болып, той қамына кірісіп кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған сәтте, ауа райы күрт өзгеріп, аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш желдің күшімен тура екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі қашып үлгіреді, екіншісі ағаштың астында қалып, қайтыс болады. Тура отызға толған күні, көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел қайтыс болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура келді. Бұл оқиғада ең таң-қаларлығы–ағаштың әйелден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ болған шығар. Кім біледі? Бірақ, «ағаштың да жаны бар, олар да сезеді» дейді ғой. «Емші» өсімдіктер

 


Информация о работе Сасық меңдуана (Datura)