Құрт аурулары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 13:23, реферат

Краткое описание

Соңғы жылдары бірнеше аудан орталығында туберкулезге қарсы ауруханалар ашылды. Бұл шалғай ауылдардағы науқастардың үйіне жақын өз ауданында емделуіне мүмкіндік беруде. Сонымен қатар облыс орталығындағы аурухананың жұмыс істеу тығыздығын жеңілдетті. Бірақ Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғыны Асылбек Жадырасыновтан редакцияға хат келді.

Файлы: 1 файл

Құрт аурулары.docx

— 20.55 Кб (Скачать)

«ҚҰРТ АУРУЫ» ҚҰРЫҚТАЛА  БАСТАДЫ

12 Ақпан 2009 | 1 пікір  

Қарабұтақ. Тұрғындар: «Құритын болдық»  

Мамандар: «Алаңдауға негіз жоқ» 
 

Соңғы жылдары бірнеше  аудан орталығында туберкулезге қарсы ауруханалар ашылды. Бұл  шалғай ауылдардағы науқастардың үйіне  жақын өз ауданында емделуіне  мүмкіндік беруде. Сонымен қатар  облыс орталығындағы аурухананың  жұмыс істеу тығыздығын жеңілдетті. Бірақ Әйтеке би ауданы Қарабұтақ  ауылының тұрғыны Асылбек Жадырасыновтан  редакцияға хат келді. Қысқаша мазмұны  мынадай: 

«Қарабұтақ селосында  туберкулезге қарсы емдеу-сауықтыру  орталық ауруханасының ашылуына халық о баста қарсы болған еді. Бұрынғы аурухана ғимаратына еуропалық  үлгіде күрделі жөндеу жүргізілді. Бірақ айналасы қоршалмай қалды. Бұл ауруханаға туберкулез ауруының ем қонбайтын, созылмалы түрімен  ауыратындар жатқызылуда. Әрине, олар да адам баласы екенін түсінеміз. Бірақ  ол науқастардың туберкулез қоздырғыштары  ауа арқылы тарап, халыққа жұғатыны неге ойландырмайды? Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі қызметкерлері  тексеру кезінде аурухананың  талапқа сай еместігін анықтады. Бұл мәселе аудан әкімінің есебі  кезінде де көтерілді. Облыстық денсаулық  сақтау басқармасының өкілдері де нақты  жауап бере алмады. Қысқасы, басқарма бастығы Қайрат Сабырдың бұйрығы  сол күйінде қалып отыр. 

Аурухана мектепке қатынайтын жолдың бойында, аялдамалар мен дүкендерге жақын орналасқан. Жергілікті халықтың өкпе ауруына шалдықпасына кім кепілдік береді?».  

Бұл жөнінде мамандардың  түсіндірмесін сұраған едік. Облыстың бас фтизиатры Сара Дәулетова  былай деді: 

- Қарабұтақтағы аурухана  туралы Асылбек Жадырасынов бірнеше  жерге алаңдаушылық тұрғыда арыз  жазды. Бұл мәселе облыстық  денсаулық сақтау басқармасында  қаралды. Аурухананың жұмысы жете  тексерілді. Жақында ғана, яғни 28 қаңтарда  басқарма мамандарынан және туберкулезге  қатысты дәрігерлерден құрылған  арнайы комиссия мүшелері Қарабұтақ  селосында тұрғындармен кездесу  өткізіп, түсіндіру жұмыстарын  жүргізді. Бұл жұмыстардың қорытындысы  жөнінде арыз иесіне, Қарабұтақ селолық әкімдігіне және «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалына жазбаша хабарланды. 

Туберкулез ауруханасы Қарабұтақта 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Ал соңғы кезде айтылып жүрген басқа аудандардан аурулар әкелінуде, олардың бәрі созылмалы аурумен  ауыратындар деген бекер сөз. Тек тұрғындардың арасында осындай  қауесет тарап, алдын ала салынып  отырған байбалам деуге болады. Бір  адамның Мұғалжар ауданынан келіп  емделіп жатқаны рас. Өйткені  ол азамат Қарабұтақта апам тұрады, маған қараса алады деп өтініш еткен соң, қанағаттандыруға тура келді. Қазіргі кезде 24 адам емделуде. Олардың  бәрі де Әйтеке би ауданының тұрғындары болып табылады. 

Аталмыш ауруханада 35 қызметкер еңбек етеді, яғни 170-тен  астам адамның күнкөрісі осы  ауруханамен байланысты екенін де ескерген жөн болар. 

Тағы бір айтарымыз, Қарабұтақтың өзінде өкпе ауруымен ауыратындардың тіркелуі жыл сайын азая түсуде. Егер ауа арқылы ауру тараған болса,  науқастардың саны кемімеген болар  еді. Аурухананың аумағы аурулардың санатына сәйкес қоршалғанын да айта кету керек. Сонымен қатар аурухана селоның сыртында орналасқан және оның маңында бір дәріхана мен екі  үй ғана орналасқан. Ауруханаға сырттан  ауру апарылмайтынын және аурухананың  жұмыс істей беретінін баса айтамын. Одан келіп-кетер қауіп жоқ. 

Емдеуге мүмкіндік  мол 

Бұл мәселеге байланысты облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Нұрлан Ағзамовтың пікірін  білген едік. 

- «Қарабұтақ жыры»  соңғы уақытта басталды. Селода  аурухананың бұрыннан бар екенін  және бұл ауылдың өзінде туберкулез  ауруының төмендегенін ескерсек, орынсыз алаңдауға негіз жоқ,  – деді Нұрлан Ағзамұлы. 

- Аурухана 40 адамға  есептелген, ал науқастар саны 24 қана. 

Мынаны ескерейік. Осыдан бірнеше жыл бұрын қала сыртындағы туберкулез ауруханасы қаланың  ішіне көшірілді. Сол кезде де осындай ретсіз айқай-шу болған еді. Қазір облыс бойынша, оның ішінде қалада науқастар саны жылдан-жылға  кеміп келеді. Қазіргі аурухана орналасқан Құрмыш ауданының тұрғындары арасында талдау-зерттеу жұмыстары жыл  сайын жүргізіліп отырады. Қорытындысында бұл ауданда науқастар санының өспегені, керісінше азайып отырғаны анықталды. Егер ауамен тарайтын болса, осы ауданның тұрғындарына зияны тиген болар еді ғой. Сондай-ақ, Алматы қаласының қақ ортасында республикалық ғылыми-зерттеу туберкулез институты атам заманнан бері тұр. «Қазақстан» қонақ үйінің, Республика сарайының дәл жанында. Ол институтта күрделі операциялар жасалып, асқынған науқастар емделеді. Мәскеуде, Санкт-Петербургте де осылай. 

- Облыс бойынша  туберкулез ауруы азайды дедіңіз-ау… 

- Иә, солай. Ақтөбе  облысы біраз жылдар бойы туберкулез  ауруынан республикада қолайсыз  облыс болып саналды. Республика  бойынша соңғы орындарда қалып  келдік. Биыл облыстар арасында  жақсы жағынан бесінші орындамыз.  Алғаш рет ауырған адамдар,  аурудың жалпы саны кеміді. Науқастардың  өлімі азайды. Сырқаттану көрсеткіші 2007 жылмен салыстырғанда 28 пайызға,  балалар арасындағы ауру 22,1 пайызға  түсті. Ауру саны әрбір 100 мың  адамға шаққанда 124,5 құрап отыр, ал  республика бойынша – 125,6 адам. 

- Жағдайдың мұнша  күрт жақсаруына қандай факторлар  себеп болды? 

- Облыс көлемінде  көптеген ұйымдастыру жұмыстары  жүргізілді. Туберкулезге қарсы  2008-2010 жылдарға арналған өңірлік  бағдарлама қабылдадық. Ауруларды  анықтап, дер кезінде тіркеуге  алу жолға қойылды. Мониторинг  жұмысы ашылды. Оның ішінде емдеу  жұмыстарын ұйымдастыру, дәрі-дәрмектің  үйлестірілуі, клиника жұмысы, лабораториялар  қызметі, ақпараттандыру секілді  қажетті іс-қимылдар жүзеге асырылуда. 

Тек қаламен шектелмей, ауылдық жерлерде де қатерлі дертті анықтау, оның алдын алу жұмыстары  тиянақты орындалуда. Барлық аудандар бойынша талдау жасалып, бақыланып  отырады. Аурудан сезіктенгендер алдымен  қалалық, аудандық емханаларда тексеруден өтеді. Ауруды анықтаудың өзінің стандарттары бар. Сезіктілер алдымен учаскелік  емханада қаралады. Рентген пленкасында  өзгеріс болып, өкпенің қабынуы  жағдайында науқас екі-үш апта емханада антибиотиктер қабылдайды. Жазылып  кете қоймаса, бізге жіберіледі. Ал тапсырған қақырығында Кох таяқшасы табылса, онда бірден біздің ауруханаға жатқызылады. 

Қалалық, аудандық емханалардың мамандарымен тұрақты жылжымалы  оқулар жүргізіп отырмыз. Оған терапевтер, педиатрлар, рентгенологтар, лаборанттар  және басқа мамандар тартылды. Емханалардың бас дәрігерлерін бөлек жинадық. Соңғы халықаралық стандарттарды  оқытып, үйретіп, тиісті сертификаттар  бердік. Өткен жылы осындай оқуға 945 медицина қызметкері қамтылды. Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі халықаралық  қордың қолдауымен біраз жұмыстар атқарылды. Қор қаржы, емдеу, тамақтандыру, тіпті, қағазбен қамтамасыз ету мәселелеріне көп көмектесті. Көптеген әдістемелік  кітапшалар, көмекші құралдар, дәрігерлік ұсыныстар, күнтізбеге дейін шығарылды. Бұларда туберкулездің белгілері қандай болады, оны анықтау, емдеу жолдары – бәрі-бәрі жазылған. Мұндай көмекші құралдар әрбір дәрігердің алдында жатыр. 

Сонымен қатар өткен  жылдан бастап республикадағы 5 облыстың бірі болып республикалық эксперименттік жобаға енуіміз де біз үшін қолайлы  болып тұр. Осы жоба арқылы 6,5 миллион  теңгеге қазіргі заман талаптарына  сай микроскоптар, лабораториялық құрал-жабдықтар, медициналық аппараттар алынды. Сондай-ақ, жергілікті және республикалық бюджеттер  қаржысына жұмсақ және қатты инвентарьлармен  қамтамасыз етілдік. Мүмкіндігі жоғары УЗИ, торокоскопея секілді керемет  аппараттар науқастарды емдеуге  қолданылуда. Плеврит деген диагнозды  анықтайтын торокоскопея аппаратын  меңгеру үшін дәрігерімізді арнайы Қазан қаласында оқыттық. Қазір  ол операцияларды сәтті жасауда. 

Мынаны да ескерген дұрыс болар. Әрбір ауданда балабақшалар бар. Қалада 492 кереуеттік балабақша  жұмыс істейді. Тұрғындар қалашығында 180 орындық балабақшада балалар  профилактикалық ем алады. Бұл балабақшаларда ата-анасы ауырған балалар оқшауландырылады. Мектеп оқушылары, жасөспірімдер үшін Благодар ауылдық округінде «Шағала» шипажайы, Қурайлыда мектеп-интернат бар. Осындай ауқымды жұмыстардың  бәрі облыста туберкулез ауруының кемуіне  ықпалын тигізуде. 

- Емдеу әдісі туралы  не айтасыз? 

- Соңғы бірнеше  жылдан бері ДОТS стратегиясымен  жұмыс істеудеміз. Бұл стратегияның 5 қағидасы бар, олар: мемлекеттің  қолдауы, бактериоскопея, науқастың  санатына қарай дәрі-дәрмекпен  толық емдеу, науқастардың дәрі-дәрмекті  медицина қызметкерінің көзінше  ішуін бақылауға алу және жүргізілген  шаралардың нәтижесін бақылау,  яғни талдау жасап, мониторинг  жүргізу. 

DOTS бойынша емдеп  шығу үшін әрбір науқасқа 5-10 мың  доллар көлемінде қаржы жұмсалады.  Мұның ішінде емдеу процедурасы,  тамағы, жататын орны және басқалар  бар. 

Қазіргі кезде қалада және Шалқар, Темір, Мұғалжар, Әйтеке би, Ырғыз аудандарында ауруханалар, басқа  аудандарда бөлімшелер жұмыс істейді. Қаладағы ауруханада өкпе терапиясы, хирургия, өкпеден тыс туберкулез, дифференциялды диагностика және балалар бөлімдерінде 500-ден астам адам емделуде. Бұрын  бұдан әлдеқайда көп науқас қабылданатын. Қазір аудандарда ауруханалардың ашылуына байланысты кереуеттер саны азайды. Алайда аурухана типтік үлгіде болмағандықтан аурулардың орналасуы нормаға сәйкес келмейді. Өкпе терапиясы бөлімінде  жаңадан ауырғандар, қайталап ауырғандар, созылмалы аурулар және арнайы бөлімшелер емдеумен айналысады. Мұның ішінде арнайы бөлімшеге тоқталып өтейін. Бұл бөлімшеде алғашқы емдеу санаттарында ем қонбағандар емделеді. Ал өкпеден тыс туберкулез деп без, сүйек, плеврит (өкпе мен көк еттің арасына су жиналуы), урологиялық туберкулезді айтамыз. Қазіргі кезде туберкулезді емдеу қиындығы бар. Ол төзімді туберкулездің пайда болуымен байланысты болып отыр. Яғни бірінші және екінші қатардағы науқастар емді қабылдамайды. 

Ауру неден туындайды  деген сұрақ та туындауы мүмкін. Ауру негізінен жұқпалы науқастармен жиі қатынаста болудан жұғады. Сондай-ақ, адамның организміндегі иммунитетке де байланысты. Дұрыс  тамақтану да керек. Тамаққа тойып  алу міндет емес, тамақтың құнарлылығы  жоғары болуы тиіс. 

- Аурухана типтік  жобада емес дедіңіз, қиындықтар  бар ма? 

- Бұл ғимарат бұрын  қалалық аурухана болды. Дегенмен  соңғы жылдары бірқатар жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Мәселен, операция  залы, реанимация, лаборатория бөлімдері,  стерильдеу орталығы жөндеуден  өткізілді. 1986 жылдан бері жөнделмеген  жылу жүйесі де жөнделді. Енді  жатын корпустардағы жуыну бөлмелерін, сантехникалық жүйелерді, азық-түлік  блогын жөндеу жоспарланып отыр. 

- Кадр мәселесі  қандай деңгейде? 

- Облыс бойынша  мамандармен қамтамасыз ету тәуір.  Дәрігерлеріміз жеткілікті. Мәселен,  республика бойынша әрбір 100 мың  адамға 1 дәрігерден келсе, бізде  1,8 дәрігер болуының өзі кадр  саясатындағы жақсы ісімізді  көрсетсе керек. Соңғы жылдары  дәрігерлер туберкулез ауруханасына  баруға құлықты емес. Жастар жағы  ауру жұқтырып аламын деп бекер  қорқады. Мұнымен қатар фтизиатр  дәрігерлердің интернатурадан өтуі  ақылы болып кетті. Жалақы да  мардымды емес. Дегенмен фтизиатрлардың, рентгенологтардың, лаборанттардың, УЗИ дәрігерлерінің жалақыларына  республикалық бюджеттен ақы  қосу көзделуде. Осы жерде ұзақ  жылдардан бері еңбек етіп  келе жатқан және облыста туберкулездің  кемуіне үлес қосқан Ақмерден  Оразалин, Роза Алғиева секілді  бөлім меңгерушілерін атап айқым  келеді. Лабораториялық қызмет дәрігері  Дина Естекбаева, мониторинг жүргізуші  Александр Габдушев, арнайы бөлім  меңгерушісі Пернебек Бейсенбаев, рентгенолог Мақсат Байзақовтар  да өз істеріне жауапкершілікпен  қарап, адал жұмыс істеуде.

Информация о работе Құрт аурулары