Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 19:11, реферат
Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді.
Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, Клондауға болатынын көрсетті. Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.
ДНҚ фрагменттерін Клондау
ДНҚ фрагменттерін Клондау оның бір ғана молекуласынан көптеген молекулаларды алуға мүмкіндік береді. ДНҚ тізбегі, негізінен, бактерияларда клондалады. Себебі, бактерияның геномына қосымша “бөгде” ДНҚ тізбегі жалғанғаннан кейін де, бактериялық плазмида немесе фагтар қалыпты өмір сүруін жалғастыра береді. Бұл жалғанулар – өзінің және “бөгде” ДНҚ-ның тізбекті (гибридті немесе химерлі) плазмидалардың немесе фагтардың түзілуіне әкеледі. Мұндай гибридті тізбектер бактерияларда бастапқы плазмидалар немесе фагтар сияқты екі еселенеді, сондықтан да олар көп мөлшерде болады. Бөгде фрагменттердің көшірмелері клеткалардан қайта таза күйінде бөлініп алынады. Осындай әдіспен қандай да болмасын ДНҚ тізбегін Клондауға болады. Бөгде ДНҚ-ы геномның инертті (сапалы) көшірілуіне мүмкіндік жасайтын болғандықтан, плазмиданы немесе фагты – клондаушы векторлар деп те атайды. Кез келген ДНҚ фрагменттерін Клондау үшін вектор есебінде лямбда фагы мен әр түрлі плазмидалар қолданылады. Құрамында клондалатын ДНҚ фрагменттері бар вектор бактерияның клеткаларын кальций иондарымен өңдегеннен кейін ғана ішіне ене алады. Бұл әдіс – “бөгде” ДНҚ фрагменттері бар белгілі клонды бактериялардың штаммдарын шығаруға және осы клондарды көп мөлшерде көбейтуге мүмкіндік береді. Толық түрдегі геномды Клондау үшін алдымен геномды қолайлы мөлшерде фрагменттерге бөледі. Сонан соң химерлі векторлар популяциясын түзу мақсатында фрагменттерді клондайтын векторға орналастырады. Мұндай клонданған фрагменттер жиынтығын геном кітапханасы немесе гендер банкі деп атайды. Мыс., дрозофила 103 нуклеотидті жұпты фрагменттерін×шыбыны геномының ұз. 15 – 20 108×Клондау үшін тәуелсіз 40 000 клон керек (мұндағы жалпы геном ұз. 1,5 жұпты нуклеотидке тең). Адамның толық геномдық кітапханасын құру үшін 800 000 клон қажет. Гендік кітапханада организмнің барлық тұқым қуалайтын ақпараттары жинақталған. Бірақ генетиктер геном кітапханасындағы клондардың қандай тізбекте кезектесіп орналасатындығын әлі толық анықтаған жоқ. Клондау немесе рекомбинантты ДНҚ технологиясы әдістері генетика және биотехнология ғылымдарына үлкен жетістік әкелді. Рекомбинантты ДНҚ әдістері медицина, ауыл шаруашылығы және химия технологиясындағы күрделі мәселелерді шешуге үлкен жол ашады.
Клон
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Долли— қой ұрғашысы, басқа ересек жанды заттың торша ойдағыдай көбейтiлген бiрiншi сүтқоректi клон.
Клон — бір торшаның немесе бір организмнің жыныссыз көбеюі нәтижесінде пайда болған ұрпақ.
Микроорганизмдер генетикасында негізгі өлшем бірлігі ретінде пайданылады. Иммунологияда клон деп антиген әсерінен лимфоциттерден болған торшалар тобын атайды. Вирусологияда клон — бір вирионнан тарайтын бір текті вирустар тобы. Вирустық клонды вируспен зақымданған тауықтың қауызын жармаған балапанының хорионаллантоисты қабығындағы жеке күлдіреуік жаралардан немесе торша себіндісіндегі таңбалардан іріктеу, сондай-ақ вирусты көбейту арқылы алады. Клондау (лаборатория жағдайында торша немесе вирус клондарын жасанды алу) — онкология, генетика, иммунология, вирусология және т. б. салаларда теориялық және іс жүзінде күрделі мәселелерді зерттеу үшін қолданылады.
Кісіні клондау қайда апарады? |
16.02.12. Клондау дегеніміз - жыныссыз-ақ
көбейту жолы. Ғылым әлемінде мұндай тәжірибе
жасалып жатқалы біраз уақыт болды. Дегенмен
адамды клондау - өте күрделі мәселе. Аталық
ұрықтан екі ұл немесе аналық ұрықтан
екі қыз, яғни бір эмбрионнан бір-бірінен
айнымайтын егіздер дүниеге келетінін
бәріміз білеміз. Ал енді баланың өзінен
айнымайтын сыңарын биология ғылымының
жетістігінің арқасында дүниеге келтіру
- ғажап нәрсе. Адамды клондау аса көп уақытты
қажет етеді екен. Бір клонды жасау үшін
жүз әйелдің аналық ұрығы, әр әйелден он
ұрықтан алғанда мың ұрықтан бір ұрық
қана клонның пайда болуына жарамды болатыны
анықталған. Әйелдердің аналық ұрығынан
гендерін алып тастап, тапсырыс берген
әйелдің клеткасынан гендерін алып, жатырға
салады. Содан кейін қалыпты процесте
дами отырып, тоғыз ай бойы ана құрсағында
жетілген бала қажетті адамнан айнымай
дүниеге келеді. |