Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 17:25, реферат
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады.
Инвестиция 
- өндірістегі құрал – 
Инвестиция екі бағытта пайдаланылады: 
1. нақтылы инвестиция – материалдық активтерге 
қаржы жұмсау. 
2. Қаржылық инвеситиция – құнды қағаздарға 
қаржы жұмсау құрылымы бойынша. 
1. Жалпы инвестициялар – жаңа негізгі 
капиталға жұмсалған капитал мөлшер. 
2. Таза инвестициялар – ауыстырылған 
негізгі капиталдан аммортизация құнын 
шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал. 
Инвестициялау нышандары бойынша. 
1. Кәсіпорынның негізгі қорына жұмсалатын 
инвестициялар ғимарат құрылыстары, ірі 
көлемді құрылыстар, құрал – жабдықтар 
үшін. 
2. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар. 
3. Сақтық қор инвестициялар. 
Субъектілер бойынша – мемлектетік жекеменшік 
және сыртқы кәсіпкерлік инвестициялардың 
екі түрі болады: 
1. Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік 
кәсіпорындарды инвес тициялау. 
2. Портфелдік инвестициялар – пайда табу 
үшін инвесторлардың кәсіпорындардан 
акция, облигация және басқа құнды қағаздарды 
сатып алу үшін жұмсалған инвестициялары. 
Инвестиция мөлшері объективті және субъективті 
факторларға байланысты. 
Объективті факторларға – жататындар: 
табыс, пайыз нормасы, өнім шүығарудың 
деңгейінің өзгеруі, пайда және капитал 
қоры. 
Субъективті факторларға кәсіпкердің 
инвестициялауға бейімділігі, ынтасы 
т.б. қасиеттері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      Глоссарий 
 
Экономикалық заңдар  -экономикалық 
процестер мен құбылыстардағы тұрақты 
болып қала беретін, берік орын алатын 
объективті өзара тәуешлділіктер мен 
себепті – салдарлы байланыстар.
 
Акция – бағалы қағаз, акционерлік 
қоғамға қатыстылығын анықтайды, және 
пайдадан өз үлесін алатындығын куәландырады.
 
Пайда – кәсіпорынның мақсаты және 
қозғаушы күші.
 
Қаржы – қоғамның ақшалай қаржы қорларын 
құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық 
қатынастар жиынтығы.
 
Салық – жеке және заңды тұлғалардың 
мемлекеттік жүргізіп отырған заңының 
негізінде міндетті түрде төленетін төлемдер.
 
Акционерлік қоғам - кәсіпорын түрі, 
жарғылық қоры акция шығарып, оны сату 
арқылы салымдарын біріктіру нәтижесінде 
құралады.
 
Аванс – алдағы төлем дердің есебінен 
берілетін ақшалай сома немесе басқадай 
мүліктік құндылық.
 
Ақша – тауарлар мен көрсетілген қызметтердің 
өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей 
балама ролін атқаратын, кез келген тауарлар 
мен көрсетілген қызметтерге айырбасталатын 
ерекше тауар. 
 
Инфляция – тұтынушы салыстырғанда 
артық ақшаның бір бөлігін алу жолымен 
айналыстағы ақша массасын азайту.
 
Банкнот – эмисиялық банктер айналысқа 
шығарған ақша билеттері.
 
Несие – қарыз капиталының қозғалысы, 
несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып 
беру және мерзімдік принциптеріне құрылған.
 
Банк – ақша қаражатын жұмылдыру және 
оны несие түрінде орналастыру, сонымен 
қатар, банк заңдарына сәйкес басқа да 
операцияларды жүзеге асыру үшін жаратылған 
ұжым.
 
Пайыз – бұл ақша капиталы үшін төленетін 
ақы, оны негізінен несие және банкке салынған 
ақша бойынша төленетін пайыз деп түсіну 
керек.
 
Еңбек – адамның өзіне қажетті игіліктерді 
өндіру үшін жұмсалған дене және ақыл 
– ой энергиясы.
 
Айырбас – бір өнімнің басқа екінші 
өнімге алмастырылу процесі.
 
Тұтыну – адамның қажеттілігін қанағаттандыру 
үшін жасалған игіліктерді пайдалану 
болып табылады.
 
Өндіріс – барлық игіліктерді шығару 
процесі, әдепкі баспалдағы, тұтқасы мен 
тірегі.
 
Биржа – стандарталған тауарлардың 
көтерме сауда нарығын немесе валюталарды, 
бағалы қағаздарды және жұмыс күшін сатып 
алу – сату жөніндегі операциялар нарығын 
айтады.