орталық субстраттың
басқа молекуласымен байланысады.
Ал ферменттік реакция қарқынына
фермент пен субстрат табиғаты мен
мөлшері, температура, қысым, әрекетшіл
орта деңгейі, басытқының (ингибитор) болу-болмауы т.с.с. әсер етеді.
Ферменттердің қазіргі кезде қолданылып
жүрген жіктеуі биохимиктердің 1961 жылы
Мәскеуде өткен Халықаралық съезінде
қабылданған. Бұл жіктеудің негізіне фермент
жүргізетін реакцияның түрі алынған. Ал
фермент аты өзі ыдырататын субстрататына
-аза — деген жалғау қосудан шығарылады.
Мысалы, целлюлозаға (клетчатка) әсер ететін
фермент целлюлаза, мальтозаға әсер ететін
фермент — мальтаза т.с.с. аталады. Осы
принциппен барлық ферменттер алты топқа
бөлінген. Ас қорыту ферменттері үшінші
— гидролазалар тобына жатқызылған. Олар
органикалық қосылыстарды су қосу арқылы
ыдыратады, сондықтан мұндай реакция гидролиз
деп аталады.
Гидролазалар тигізетін әсерлеріне қарай
үш топқа бөлінеді. Гликолиздік ферменттер
— (амилаза, декстриназа, глюкозидаза
(мальтаза), галактозидаза (лактаза), фруктофуронидаза
— сахараза т.б.) -гликозидтік қосылыстарға,
протеолиздік ферменттер (пепсин, катепсин,
реннин (химозин), трипсин, химотрипсин,
эластаза, энтерокиназа, коллагеназа,
карбоксипептидаза, карбоксипептидаза
А, аминопептидаза т.б.) — пептидті байланыстарға,
липолиздік ферменттер (липаза, фосфолипаза
А, сілтілік фосфотаза т.б.) — эфирлі байланыстарға
әсер етеді.Көптеген ферменттер бұйығы
(профермент) түрде бөлінеді. Олар не басқа
гидролиздік ферменттердің, не электролиттердің,
не жеке иондардың (кальций, магний, цинк)
әсерімен белсенді түрге айналады. Әрекеттерінің
мағынасына қарай ферменттер экзо- және
эндоферменттер болып бөлінеді. Экзоферменттер
мономерді субстраттың шеткей тізбектерінен
бөлсе, эндоферменттер полимер тізбегінің
ішкі байланыстарына әсер етеді. Ас қорыту
ферменттерінің әсері бір-біріне тәуелді
және субстрат қасиеттерімен тығыз байланысты,
сондықтан олар ферменттік жүйе құрады.
Ферменттік жуйе деп қоректік заттардың
полимерлі молекулаларын белгілі ретпен
ыдырататын ферменттер тобын атайды. Осы
жүйенің құрамы ндағы бір ферменттің қызметі
бүлінсе бүкіл ас қорыту процесі бұзылады.