Бұлшықеттердің жиырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 19:04, реферат

Краткое описание

Бұлшықеттің жиырылып қысқаруы мен қайта босауы саркоплазмадағы миофибрильдердің ұзындығының өзгеруіне байланысты. Олар талшықтың бір ұшынан дейін созылатын қатар- қатар орналасқан жіпшелер будасы.

Оглавление

I.Кіріспе
Бұлшықеттердің жиырылуы
II.Негізгі бөлім
1.Бұлшықеттің жиырылу тетігі
2. Бұлшықеттің босаңсу механизмі
III.Қорытынды
Еттің қажуы
IV.Пайдаланған әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы. Х .К. Сәтбаева, А. А Өтепбергенов, Ж.Б Нілдібаева Алматы, 2005,663 б.
2. Адам физиологиясы, А .Р .Рахишев , Алматы ,2004 .Қалыпты физиологиядан тәжірбиелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.
3. Қанқожа М.Қ .Қозғыш ұлпалар физиологиясы , Алматы 2004.
4. Физиология с основами анатомии человека А.В .Логинов

Файлы: 1 файл

бұлшықет.doc

— 56.00 Кб (Скачать)

                               Жоспар:

I.Кіріспе

 Бұлшықеттердің жиырылуы

II.Негізгі бөлім

 1.Бұлшықеттің жиырылу тетігі

2.  Бұлшықеттің босаңсу механизмі

III.Қорытынды

   Еттің қажуы

IV.Пайдаланған әдебиеттер:

 1. Адам физиологиясы. Х .К. Сәтбаева, А. А Өтепбергенов, Ж.Б Нілдібаева Алматы, 2005,663 б.

 2. Адам физиологиясы, А .Р .Рахишев , Алматы ,2004 .Қалыпты физиологиядан тәжірбиелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

3. Қанқожа М.Қ .Қозғыш ұлпалар физиологиясы , Алматы 2004.

 4. Физиология  с основами анатомии человека  А.В .Логинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

                                    

                                     Кіріспе

     Адам  мен омыртқалы жануарларда кездесетін ет тіні құрылымына қарай көлденең жолақты қаңқа еті,  көлденең жолақты жүрек еті және бірыңғай салалы ет болып үшке бөлінеді .

  Көлденең жолақты еттер қатарына қаңқа еттері ,тіл, көз, жұтқыншақ ,көмей,  өңештің жоғарғы бөлігіндегі еттер жатады. Қаңқа еттерінің қызметі ми қыртысымен тығыз байланысты,  сондықтан олар адам денесінде ерікті қимыл әрекеттерді қамтамасыз етеді.

   Біріңғай салалы бұлшықеттің де адам үшін маңызы өте зор. Ол теріде , ішкі ағзаларда,  сөл мен несеп түтіктерінің қан және лимфа тамырлаpының өкпе, кеңірдек, жыныс ағзаларының қабырғаларында орналасқан. Бұл ет аталған қуысты ағзалар мен түтіктерді кеңейтіп ,тарылтады да бүкіл ішкі ағзалар қызметіне әсер етеді.

    Қаңқа еті көлденең жолақты миоциттерден тұрады.Талшық ұзын, цилиндр тәрізді .Оның ұзындығы 10 см  кейде одан да көп, ені 12-70 мкм.

     Бұлшықеттің жиырылып қысқаруы мен қайта босауы саркоплазмадағы миофибрильдердің ұзындығының  өзгеруіне байланысты. Олар талшықтың бір ұшынан дейін созылатын қатар- қатар орналасқан жіпшелер будасы.Миофибрилдерді әрбір 2,5 мкм мембрана көлденең 2000-дай бөлікке саркомераға бөледі . Әр саркомера қақ ортасында 2500-дей жуандығы 10 нм миозин және екі жағынан тіркелген миозиннен екі есе жіңішке  диаметрі 5 нм актин орналасады.Актиннің ұшы екі жақтағы миозин талшықтары арасына жартылай кіріп тұрады. Миозин жіпшелердің күңгірт бөлігінде болады.Бұл бөліктер миофибрил бойында бірінен соң бірі кезекпен орналасқан .Қатар- қатар жатқан миофибрильдердің күңгірт бөліктері бірыңғай бір қатарда ашық бөліктері, екінші қатарда орналасқандықтан микроскоппен қарағанда жолақ- жолақ болып көрінеді .

    Миозин шиыршықты 150 молекулалардан тұрады . Әр жіпшенің ұшында екі жұмыр басы болады .Осы домалақ өсінділері арқылы миозин актинге жабысады. Миозиннің осы өсіндісінің АТФ қышқылы ыдырататын ферменттік қасиеті бар.Бұл қасиет актинмен байланысқанда 10 есе жоғарылайды.

   Актин шиыршықты жіпшелерден тұрады ,олардың ішінде әрбір 40 нм аралығында домалақ басы  бар тропонин молекуласы және тропомиозин белогі кездеседі .Тропомиозин жіпшелері жиырылмаған етте актиннің миозин өсінділері жабысатын жерін жауып, миозиннің актинге жабысуына кедергі жасайды.

    Ет жиырылған кезде талшықтардың қысқаруын Хаскельдің  “белок талшықтарының жылжуы “теориясы түсіндіреді.Бұл теория бойынша ет жиырылған сәтте актин талшықтары миозин бойымен сырғып ,толығынан олардың ара -арасына кіреді.Мұның салдарынан миофибрильдердің ашық бөлімі қысқарады, тіпті жоғалып та кетеді ,ал күңгірт бөлімі оның қақ  ортасындағы тек миозин жіпшелерінен тұратын ашық тілімі жоғалып, одан әрі күңгірттене түседі және күңгірт бөлімдері бір- біріне жақындайды .Осы сәтте миофибрильді жай микроскоппен қараса оның көлденң жолақтығынан айырылғанын көруiн болады .Актин мен миозин ет жиырылғанда қысқармайды .Актин жіпшелері арасына енгендіктен саркомера қысқарады .Бірнеше саркомераның қысқаруы миофибрильді әжептәуір қысқартады.

     Актиннің миозиндер арасына кіруі ,миозиндердің көлденең өсінділері актомиозиннің ферменттік қасиетінің  жоғарылуы және саркоплазмада Са иондары деңгейінің көтерілуімен байланыстырылады.

    Ет  талшығы жиырылуы үшін мотонейроннан мионевральдық түйіспеге импульс келіп жетуінен әрекет потенциалы туып, сарколлемада теріс заряд пайда болады. Ол мембрана бойымен Т өсінділері арқылы ішкі түйіспеге жетіп ,ретикулум цистернасының  Са ионына өтімділігін жоғарылатады. Мұның салдарынан кальций иондары цистернадан саркоплазмадан өтеді .

 Кальций иондары тропонин молекулаларымен әрекеттесіп тропонин тропомиозин комплексін құрады. Бұл тропониннің пішінін өзгертеді де актин оралымдарының арасына тропомиозинді тереңірек кіруіне жағдай жасайды .Сөйтіп актин тропомиозин кедергісінен құтылады ,актинге миозиннің көлденең өсінділерінің жабысатын жері босайды. Бұл өсінділер актинге жабысып ,ондағы миозиннің ферменттік қасиетін жоғарылатады.Бұл үшін  Мg иондарының жеткілікті болуы шарт . АҮФ қышқылы ыдырай бастайды . Фосфор қышқылы бөлініп ,аденозинді фосфор қышқылы пайда болады .Осыған орай миозин өсіндісінің  пішіндік өзгеруіне байланысты олар қайық ескектерінің қимылын жасап актин жіпшелерін миозин жіпшелерінің ортасына қарай тартады . Оған босаған энергия жұмсалады. Мұнымен қатар, миозин өсіндісіне  АҮФ қышқылы қайта түзіледі және  Са иондары саркоплазмада азая бастайды . Осыған орай актинмен миозин байланысы бұзылады. Келесі серпіністе осы механикалық және химиялық үрдістер қайтадан қайталаналы .Сонымен бұлшықеттің жиырылуы аяқталарда протоплазмадағы кальций иондары азаяды . Кальций мөлшері бастапқы қалпына келерде, жиырылған ет босайды да ,актин кері жылжиды ,ет талшықтары ұзарып, бұрынғы қалпына келеді  ,осыған орай АҮФ қышқылының мөлшері де бұрынғы қалпына келуге тиіс . Энергия өзегі бастапқы деңгейіне жетпесе ет толығынан босап шықпайды. Онда контрактура пайда болуы мүмкін.

 

   Бұлшықеттің қажуы .

   Етті ұзақ уақыт белгілі бір ырғақпен тітіркендіріп отырса ол қажиды, оның жиырылу қабілеті бірітіндеп төмендеп, ақыры мүлде жауап бермей қояды. Бұл уақытша құбылыс. Біраз уақыт үзіліс жасап тынықтырса ,ет қайтадан жиырыла бастайды, бірітіндеп жиырылу қасиеті бастапқы қалпына келеді .Бұлшыұеттің қажуын жазып алуға болады ,ол эргограмма деп аталады. Бұлшықеттің жиырылуы пессимум жиілігінен де тоқталады. Бірақ қажу мен пессимум жиілікте жиырылу тоқтағанмен бұл екі құбылыстың себебінде және физиологиялық қасиеттерінде ерекшелік бар . Бұлшықеттің қажуы ұзақ уақыт жиырылу қызметін атқару нәтижесі, дем алған соң ,бұлшықеттің жұмыскерлігі бұрынғы қалпына келеді. Пессимум жиілікте тітіркендіргіш жиілігін төмендетсе болғаны, ет дем алмай -ақ тітіркендіргіш күшіне сәйкес жиырылады және қажыған етте кездесетін химиялық өзгерістер мен контрактура мұнда болмайды.

    Қаңқа еті бірыңғай салалы  етке қарағанда тез қажиды . Бұлшықеттің қажу себебі толығынан зерттелмеген.

    И.Шифф бұлшықеттің қажуы оның энергия қорының, әсіресе ,гликогеннің азаюынан деп түсіндіреді . Бірақ қажыған етте гликоген біржола жойылып кетпейді ,оның деңгeйі қажыған соң да әжептәуір болады.Е.Пфлюгердің ойынша, бұлшықеттің қажуы ұзақ жұмыс істеу салдарынан ,етте ,сүтте, фосфор қышқылдарының және басқа да ыдырау өнімдерінің жиналуынан  болады ,деп түсіндірді. Осыған байланысты етте зат алмасу бұзылады. Фосфор қышқылы Са иондарымен әрекеттесіп бұлшықеттің қозу және жиырылу қасиеттерін төмендетеді және әрекет потенциалының тууын кішірейтеді .

   Жекеленген етті  оттегі жоқ тек азот толған ауада сақтап ,тітіркендірсе ондай ет тез қажиды.

    Осы аталған пікірлер бұлшықеттің қажу сырын толық анықтамағанымен оның жеке себептерін көрсете алады. Организмнен бөлінбеген ет қажыған кезде оның химиялық құрамындағы гликогеннің ,АҮФ қышқылының, креатинфосфаттың азаятыны және актиннің өзгеретіні анықталады.Актомиозиннің сульфогидрлік тобы азаяды немесе ол басқа заттармен қосынды құрады. Сөйтіп ет қажығанда оның ферменттік қасиеті төмендейді .Мұндай химиялық өзгерістің дәрежесі жекеленген еттерде өте жоғары ал организмнен бөлінбеген еттерде өте төмен болады .Өйткені етке қан арқылы оттегі ,қоректік жаңа заттар жеткізіліп ,ыдырау өнімдері уақытында шығарылып тұрады.Организмнен бөлініп алынбаған етті жиырылуы тоқтағанша ,жүйке арқылы тітіркендіріп ,одан соң бұлшықеттің өзін тітіркендірсе, ет жиырылып қажымағанын көрсетеді .Мұнда еттен бұрын мионевральді түйіспе қажиды.Демек ,организмде ет жұмысының тоқтауы ,онымен байланысты болуы мүмкін .Біртұтас организмде бұлшықеттің қажуы көп себепті үрдіс.

      

  

 

 


Информация о работе Бұлшықеттердің жиырылуы