Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:55, реферат
Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады.
Кіріспе
Негізгі бөлім.
1. Бейімделу формалары мен эволюциясы.
2. Бейімделу үрдісінің даму кезеңдері.
3. АДАМНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
4. Бейімделу механизмдері.
Қорытынды.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
Кіріспе.
Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі[1]; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.[2]
Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.
Негізгі бөлім.
1. БЕЙІМДЕЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Тұқым қуалау,
өзгергiштiк, табиғи
Белгiлi
бiр организмнiң қоршаған
Дене
бiтiмдiк күштерге немесе
Тiрi организмдерде 3 түрлi мiнез-құлықтың (іс-әрекеттің) бейiмделушiлiк типтерін ажыратады: жағымсыз әсерлерден қашу; жағымсыз әсерлермен бiрге өмiр сүру, бағыну; арнайы бейiмделу реакциясының өрбуiне байланысты жағымсыз әсерлерге белсендi қарсы тұру.
Г. Селье
пассивтi бағыну түрiн
Белсенді бейімделудің
биологиялық мәні өзгеріп
Сыртқы
ортаның белгілі бір елеулі
компоненттері өзгергенде
2.БЕЙІМДЕЛУ ҮРДІСІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бейiмделу үрдiсiнің кезеңдік өрбуін алғаш рет сипаттаған Г. Селье болды. Бейiмделу үрдiсiнің кезеңдік ағымын қарастырайық.
Бірінші кезең – «авариялық» кезең. Бұл кезең физиологиялық және патогендiк факторлардың (немесе қаршаған орта жағдайларының өзгеруiнiң) әсерiнің алғашқы кезiнде дамиды. Мұнда iшкi жүйелердiң жұмысы өзгередi, әсiресе қан айналым, тыныс алу. Бейімделу реакцияларына ортаңғы нерв жүйесi, гармоналды факторлар (негiзiнен бүйрек үстi безiнiң ми қабатының (катехоламиндер) гармондары) қатысады. Ал бұл симпатикалық жүйенiң тонусының жоғарылауымен шектеседі. Симпатико – адреналин жүйесiнiң белсендiлiгiнiң артуы нәтижесiнде вегетативтiк қызметтер катаболизмдiк сипат алады. Организмдi жуық арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз ететiн өзгерiстер туындайды. Авариялық кезеңде вегетативтiк жүйенiң белсендiлiгiнiң жоғарылауы тәртiпсiз жүредi және әртүрлi жүйенiң қызметiнiң көрсеткiшiнiң өзгеруi өзiн өзi ақтамайтындай жоғары болады. Қызметтердiң нерв жүйесiмен, гуморальдық факторларымен басқарылуы жеткiлiксiз топталған. Кезең iзденiс сипатта - ағзалық және жүйелiк механизмдер арқылы организм жаңа факторларға немесе жаңа жағдайларға бейiмделушi әрекетте болады. Бұл кезеңде ұлпадағы, жасушадағы молекулалық үрдiстер бағыттық өзгерiске ұшырамайды. Бейiмделудiң бұл кезеңi негiзiнен жоғары эмоционалдықта өтедi. Сондықтан, бұл кезеңнің кµрініс беру механизмінде организмде эмоционалдық жылжуларды қамтамасыз ететін орталық нерв жүйесінің барлық элементтері қатысады. «Авариялық» кезең жеке тұлғалық ерекшелiктерге және тiтiркену факторларының күшiне байланысты әртүрлi көрiнiс беруi мүмкiн. Тiтiркену күшi жоғары болса, бұл кезеңнiң көрiнiс беруi де жоғары болады.
Екінші кезең - тұрақты бейiмдiлуге өту кезеңi. Ол орталық нерв жүйесiнің жалпы қозымдылығының төмендеуiмен, жаңа әсерлерге µрбіген бейімделуді басқаруды қамтамасыз ететін функционалдық жүйелердiң қалыптасуымен сипатталады.
Гармональды өзгерiстiң төмендеуi бастапқы кезде қызметтiк қайта құрылуға ұшыраған ағзалармен жүйелердiң қызметтерiнiң бiртiндеп қалыпқа түсуiн қамтамасыз етедi.
Бейiмделу реакциясына
бiртiндеп ұлпалық деңгей
Үшінші кезең - тұрақты бейiмделу кезеңi немесе резистенттiлiк. Бұл өзiндiк бейiмделу түрi болып табылады. Бұл кезең ұлпалардың, жасуша мембранасының элементтерiнiң әрекетiнiң жаңа деңгейiмен сипатталады. Тiршiлiктiң жаңа жағдайына адекватты гомеостазистi қамтамасыз ете ұлпалардағы үрдiстердiң белсендiлiгi артады.
Бұл кезеңнiң негiзгi ерекшелiктерi мыналар болып табылады:
1) энергетикалық ресурстардың жинақталуы;
2) құрылымдық және
3) иммундық жүйе қүшiнiң
Бұл кезеңде организм арнайы және арнайы емес резистентiлiкке - оргнизмнiң тұрақтылығына ие болады. Басқару механизмдерi үшінші кезең барысында үйлесімді жұмыс істейді. Бiрақ, бұл кезең ширыққан басқаруды талап етедi, сондықтан бұл кезеңнiң шексiз өрбуi мүмкiн емес. ‡шінші кезеңнің µрбүі организм үшiн тек кетпеуi де мүмкiн. Басқару жүйесiнде шиеленiс, күйзелiс туындатуы мүмкiн, сондықтан күйзелiстiң туындауын « бейiмделу бағасы» деп атайды. Бұл кезеңдi абсалюттi тұрақты деп қарастыруға болмайды. Тіршілік үрдiсiнде тұрақты бейімделу кезеңіндегi организмге ауытқу – флюктуация: уақытша дезадаптация (тұрақтылықтың төмендеуi) және реадаптация (тұрақтылықты қалпына келтiру) да тән болуы мүмкiн.
3. АДАМНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Біздің планетамыздың тарихында адамның қоршаған ортамен әрекетінің нәтижесінде көптеген Жер планетасының кейпін өзгерткен үрдістер болып жатыр. Адам бір жағынан тарих нәтижесі, ал екінші жағынан оның жасаушысы, тудырушысы. Жүз ғасыр бойы қалыптасқан адам организмнің физиологиялық қасиеттеріне ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны және тіршілік жағдайы т. б. көп жағдайда сәйкес келмейді. Бұл тұрғыда Ф.Энгельстің «табиғатты жеңген жеңісіміз үшін масаттанбауымыз қажет, себебі әр осындай жеңіс үшін табиғат кек алады»,- деген пікірі еске түседі. Жаңа табиғи және өндіріс жағдайында адамның бейімділігін қысқаша белгілі бір экологиялық ортада организмнің тұрақты тіршілігі үшін қажет әлумет-биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Жеке тұлғаның немесе популяцияның бейімделу мүмкіндіктері тіршілік әрекеттің нақты жағдайларында айқындалады. Тірі жүйенің бейімделу қасиеті жеке бас денсаулығының бірлігі болып табылады. Адамның бейімделу қасиеттері мен қорлары белгілі бір ретпен көрініс береді және олар уақытпен шектеледі. Белгілі бір табиғи немесе жасанды тіршілік ортасында организмнің бейімделу мүмкіндіктерінің қорын терең зерттеуге болады.
Серотинина Н.Н., Агаджанян Н.А. еңбектерінде ішкі организмнің тұрақтылығының бұзылуына қауіп төнген кезде тұтас организмнің реакцияларын сипаттайтын эксперементтік мәлімдемелер кездеседі. Г.Селье «Адаптациондық синдром» туралы ілімінде бейімделуді үш кезеңге ажыратады. З.И.Барбашова бойынша бейімделудің кезеңдері келесідей сипаталады: 1 кезең – авариалық кезең сыртқы әсерлерге жауап ретінде организм µзінің қорғаныш күштерін жинақтауы; 2 кезең – тұрақты өтпелі бейімділік кезең. Қоршаған орта жағдайларына организмнің негізгі қызметтік жүйелерінің бейімделе бастауы.
3 кезең – тұрақты бейімделу немесе резистенттілік кезең. Экстремальды фактордың ұзақ уақыт әсерінен организм, сол фактордың әсерінен туындаған қызметтік бұзылу - ығысуларды толығымен қайта қалпына келтіре алмаудан әлсіреп, титықтайды.
Белгiлi бір қоршаған ортаның шектеуші әсерiне организм жаттығады, сол әсерге толығымен бейiмделуге тырысады. Егер шектеуші фактор көрсеткіші тіршілік үрдісіне сай келмесе организм өзiнiң тiршiлiгiн жоғалтады. Мысалы: адамның 4000 метр биiктiктегi тау аймақтарында құнды өмiр сүрiп, жұмыс iстеуi мүмкiн емес.
Биология ғылымында бейiмделу (адаптация) үрдісі – организмнің құрылысы мен қызметтерінің тіршілік ету жағдайларына бейімделуін білдіреді. Бейiмделу үрдісі нәтижесінде, белгілі бір тіршілік ортасына тірі организмді өмір сүруге ыңғайлайтын тиімді белгілер мен қасиеттер қалыптасады. Бейiмделу тірі организмдер эволюциясымен тығыз байланысты және белгілі бір климатта организмнің өмір сүруін түсіндіреді. Тұрақты бейімделген организм ретінде өзгерген тіршілік жағдайына жеңіл бейімделіп, сол ортаның тіршілігіне бейімделген ұрпақ беретін организмдерді қарастырады. Физиологиялық тұрғыдан бейiмделу (адаптация) ретiнде жасушалар, ағзалар, жүйелер мен организм деңгейiнде жүретiн белгiлi бiр физиологиялық реакциялармен қамтамассыз етiлген туа және жүре бiткен барлық бейiмделу әрекеттерiнiң түрлерiн қарастырады. Көптеген әдебиеттерде бейiмделу деп жеке тұлғаның тiршiлiкке бейiмделу үрдiстерi мен құбылыстарын және тұтас популяцияның тiршiлiк әрекеттерi барысында пайда болған өзгерiстердi де атайды.
4. БЕЙІМДЕЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ
Организм қоршаған ортаның өзгерісімен немесе өзгеріске ұшыраған жеке фактормен алғашқы кездесуі бағдарлау реакциясын туындатады, ал бұл қозудың шоғырлануымен жүреді. Тітіркенудің күшінің белгілі бір деңгейге жетуі симпатикалық жүйенің қозуына және адреналиннің бөлінуіне әкеледі. Мұндай нейрореттеуші сипат – бейімделудің бірінші кезеңіне тән. Келесі кезеңдер барысында жаңа реттеуші қатынас қалыптасады: күшейген эфферентті синтез мақсатты қорғаушы реакциялардың жүзеге асуына әкеледі. Гипофиз-адреналин жүйесінің қызметінің күшеюінен организмдегі горманальдық сипат өзгереді. Глюкокортикоидтар мен ұлпада бөлінетін биологиялық белсенді заттар құрлымдарды өзара жұмылдырады. Ал бұл құрлымдар әрекетінің нәтижесінде ұлпалар жоғары энергетикалық, пластикалық, қорғаныштық пен қамтамасыз етіледі. Бұл үшінші кезеңнің негізін құрайды.
Тұрақты бейімделудің өтпелі кезеңі тек бейімдуші фактор ұзақ уақыт, жеткілікті күшпен әсер еткенде ғана орын алатындығын атап өткен жөн. Бейімдуші фактор қысқа уақыт аралығында әсер етсе бірінші кезеңнің өрбуі тоқтап, бейімделу үрдісі қалыптаспайды. Егер бейімдуші фактор ұзақ уақыт немесе қайталанып, қайталанулар алғашқысынан күштірек әсер етсе, «құрлымдық іздер» деп аталатын жүйенің пайда болуына айтарлықтай алғы шартттарын түзеді (кесте 4). Әсер етуші факторлардың әсері жинақталады, метоболизмдік өзгерістер тереңдеп өседі және бейімделудің авариялық кезеңі өтпеліге одан тұрақты бейімделуге айналады. Тұрақты бейімделу басқару механизмдерінің үздіксіз ширығуымен, нервтік және гуморальдық арақатынастардың қайта құрылуымен, жаңа жүйелердің қалыптасуымен байланысты болуына сәйкес, бұл үрдістер белгілі бір жағдайларда әлсіреуі мүмкін. Бейімделу үрдісінің дамуында гормоналды механизмдердің атқаратын зор маңызын ескерсек, ең әлсіреуге ұшырайтын да осы бөлім екендігі түсінікті болады.
Бір жағынан басқару механизмдерінің әлсіреуі, екінші жағынан энергияның жұмсалуының жоғарлауымен байланысты жасуша механизмдерінің әлсіреуі дезадаптацияға әкеледі. Дезадаптация көп жағдайда организмде бейімделуді туындататын негізгі факторлардың әсері күшейіп, тіршілікпен сәйкессіздікке келген жағдайда туындайды.
Организмнің белгілі бір факторлар кешеніне бейімделу мәселесінде әлі де болса көп нәрсе шешілмеген. Бейімделулің эксперименталды негізделген критерийлерін 1989 жылы Н.А.Агаджанян ұсынды.
Сурет 4 - Жеке тұлға бейімделуінің механизмдері
Қорытынды.
Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі. Бейiмделу үрдiсiнің кезеңдік өрбуін алғаш рет сипаттаған Г. Селье болды. Бейімделудің үш кезеңі бар. Биология ғылымында бейiмделу (адаптация) үрдісі – организмнің құрылысы мен қызметтерінің тіршілік ету жағдайларына бейімделуін білдіреді. Организмнің белгілі бір факторлар кешеніне бейімделу мәселесінде әлі де болса көп нәрсе шешілмеген. Бейімделулің эксперименталды негізделген критерийлерін 1989 жылы Н.А.Агаджанян ұсынған. Бейімделу үрдісінде ерекше орынды нерв жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі алады. Тiрi организмдерде 3 түрлi мiнез-құлықтың (іс-әрекеттің) бейiмделушiлiк типтерін ажыратады: жағымсыз әсерлерден қашу; жағымсыз әсерлермен бiрге өмiр сүру, бағыну; арнайы бейiмделу реакциясының өрбуiне байланысты жағымсыз әсерлерге белсендi қарсы тұру.