Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2012 в 18:45, реферат
Жасуша құрамындағы органикалық заттар. Олардың құрылысы мен атқаратын қызметі Органикалық қосылыстар тірі организм жасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер — нәруыздар, нуклеин қышқылдары және кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — витаминдер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б. жатады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы: өсімдіктер жасушасында күрделі көмірсу — полисахарид, жануарларда — нәруыз бен майлар, ал микроорганизмдерде нәруыздар басым болады. Осылай бола тұрса да, өр түрлі жасушаларда осы органикалық заттар тобы өзара ұксас қызмет атқарады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Биологиялық белсенді заттар және олардың қауіпсіздігі
2.2 Балалар тағамындағы биологиялық қоспалар және оларды тіркеу
2.3 Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.4 Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен
биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.5 Ағзаға қажетті биологиялық заттардың қоршаған ортаға әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Осы Техникалық регламент барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жіктеуіші бойынша кодтармен ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттарға қолданылады.
Техникалық регламенттің
ережелері ұйымдық-құқықтық
3. Ветеринарияда пайдаланылатын
дәрілік заттар мен
Ветеринарияда пайдаланылатын
дәрілік заттар мен
4. Осы Техникалық регламент ветеринарияда пайдаланылатын, мемлекеттік тіркеу жүргізуге әкелінетін дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың тәжірибелік үлгілеріне, сондай-ақ генетикалық түрлендірілген өсімдік немесе басқа шикізаттан дайындалған препараттарға қолданылмайды.
2.5 Ағзаға қажетті биологиялық заттардың қоршаған ортаға әсері
Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.
Қоршаған ортаны ластайтын затардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі.
Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі – түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар шығарып тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электростанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады
Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары автокөліктер өте көбейіп улы газдың мөлшері 40 пайызға, ал ұшақтардан бөлініп шығып жатқан улы газдың мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынана бөлінген шаң- тозан қоршаған ауада, топырақта калий, кальций, магний элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын өндіретін металлургия зауытынан шығатын улы заттар топырақ пен шөптердің бойына жиналып, ауа мен су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың денсаулығына қауіп келтіреді. Адам организімінің улы заттарға төзімділігі әрқалай. Жас балалар мен қарт кісілер, аурушаң улы заттарға төзімсіз келеді.
Сондықтан қоршаған ортаға зиянды заттар шығаратын кәсіп орындардың қаладан алыстау жерге орналасқаны жөн. Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топққа бөлуге болады: 1. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
2. Физикалық ластану - жылу, радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, шулар мен тербелістер.
3. Биологиялық ластану
– жұқпалы және паразиттік
ауруларды туғызатын қоздырғыш
бактериялар, вирустар,
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың әсем ландшафтарының бұлінуі, орман – тоғайлардың жойылуы, табиғатты сулу жерлерді су басып батпақ – сорға айналуы, сусымалы құмдардың жылжып жайылымдарды, өзендерді, бұлдіруі, су қорының азайып көлдердің құрғауы және тағы басқалар.
Ал биосферадағы ластану процесі үш кезеңге бөлінеді [3]
Адам организімі ластаушы заттарды қабылдаған
кезде белгілі бір мөлшерге, немесе деңгейге дейін ғана төзе алады. Ал егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам организімі оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға душар болады.
Қоршаған ортамен, табиғатпен адам өмірі тығыз байланысты. Егер онда кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат та одан зардап шегеді, одан айналып өте алмайды. Өзімізді қоршаған сыртқы орта (ауа,су, топырақ) адам өміріне зор ықпал жасайды. Ал денсаулығымыз осыған байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Өзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бұлдірмей таза сақтау, қолдан келсе оны жақсартуға тазартуға ұлес қосу әрбір сапалы азаматтың негізгі өмірлік парыздарының бірі болып қала бермек. “Табиғат – біздің туған бесігіміз” деп бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны, жер бетіндегі сұлу табиғатты сақтап, оны бұзбай сулар мен топырақты, атмосфералық ауаны таза күйінде болашақ ұрпағымызға қалдыру – бізге үлкен міндет. Сондықтан табиғатты жанымыздай сүйіп, өзімізді қоршаған ортаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Табиғатқа жанашыр болу-адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.
Қорытынды
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта
жағдайларында тіршілік ете алады.
Өзіне қажетті жағдайларды
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
пайдаланылған әдебиеттер