Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 14:08, лекция
Бағдарлауға қолайлы болу үшiн жұлдыздық аспан, шартты түрде, 88 шоқжұлдыздарға бөлiнген. Жұлдыздар ежелден-ақ басты-басты шоқжұлдыздар мен зодиактiк шоқжұлдыздарға (к. Зодиак) бөлiне бастаған. Шоқжұлдыздардың аты гректер мен римдiктер мифологиясынан алынған (мыс. Андромеда, Персей, Дельфин т.б.) не ежелгi халықтардың жер, мал, аң шаруашылығымен айналысуына байланысты (мыс., Сиыршы, Балықтар, Қоян т.б.) аталған.
Жұлдыздық аспан – аспан күмбезiнде түнде көренетiн шырақтардың жиынтығы. Жұлдыз аспаннаң бiр мезгiлде 6-жұлдыздық шамаға дейiнгi 2500-дей жұлдызды көруге болады. Олардың көбiсi Құсжолының бойында орналасқан.
Бағдарлауға қолайлы болу үшiн жұлдыздық аспан, шартты түрде, 88 шоқжұлдыздарға бөлiнген. Жұлдыздар ежелден-ақ басты-басты шоқжұлдыздар мен зодиактiк шоқжұлдыздарға (к. Зодиак) бөлiне бастаған. Шоқжұлдыздардың аты гректер мен римдiктер мифологиясынан алынған (мыс. Андромеда, Персей, Дельфин т.б.) не ежелгi халықтардың жер, мал, аң шаруашылығымен айналысуына байланысты (мыс., Сиыршы, Балықтар, Қоян т.б.) аталған.
Жұлдыздық аспаннан жұлдыз шоғырын, жұлдыз ассоцияциясын, галактикалық тұмандықты, Күн жүйесiнiң құрамына енетiн планеталарды, кiшi планеталарды, кометаны, жасанды Жер спутниктерiн, космостық зондтарды бақылауға болады. Осы объектiлердiң көбi телескоппен көрiнедi. Ал торпақ шоқ-жұлдызындағы шашыранды жұлдыз шоғырларын (Үркер, Гиад), Геркулес пен Центавр шоқжұлдызындағы шар тәрiздi жұлдыз шоғырын, Таразы шоқжұлдызындағы галактикалық тұмандықты, Андромеда шоқжұлдызындағы галактикаларды, Магеллан бұлттарын, Шолпан, Юпитер, Марс, Сатурн, Меркурий, Уран планеталарын, Веста кiшi планетасын, кометаларды жай көзбен көруге болады. Атмосфераның жоғарғы қабатында өтетiн атом, процестердiң нәтижесiнде түнгi аспан ренi ешуақытта қара болмайды. Жердiң айналуынан болатын аспан сферасының көрiнерлiк тәулiктiк айналуы салдарынан Жұлдыздық аспан үздiксiз өзгерiп тұрады.
Жұлдыздық аспан картасы - жұлдыздық аспанда жай көзбен көрiнетiн жұлдыздардың орны белгiленген карта. Мұнда аспанның Солтүстiк және Оңтүстiк жарты шары мен экватордағы жұлдыздар жеке-жеке көрсетiлген.
Жұлдыздық астрономия - жұлдыздар жүйесiнiң құрылысы, құрамы, динамикасы мен эволюциясының жалпы заңдылықтарын және осы заңдылықтардың бiздiң Галактикада (Құсжолында) қалай орындалатынын зерттейтiн астрономияның бөлiмi. Жұлдыздық астрономия жұлдыздық статистика, жұлдыздық кинематика және жұлдыздық динамика болып бөлiнедi.
Жұлдыздық динамиканың негiзгi мақсаты – жұлдыздар жүйесiне әсер етушi күштердi зерттеу арқылы олардың құрылысы мен эволюциясының негiзгi заңдылықтарын анықтау.
Жұлдыздық астрономия 18 ғасырдың аяқ кезiнде В.Гершельдiң еңбектерiнде қалыптаса бастады. Ол бiздiң Галактиканың алғашқы моделiн жасады. Күн қозғалысының оның айналасындағы жұлдыздармен салыстырғандағы бағытын анықтады. В.Гершель көптеген қос жұлдызды анықтап, олардың кейбiреулерiнде орбиталық көзғалыстың болатындығын дәлелдедi.
Жұлдыздық карталар – жұлдыздық аспанның немесе оның бөлiгiнiң картасы. Барлық аспанды немесе оның кейбiр бөлiгiн қамтитын Жұлдыздық карталардың жиынтығы жұлдыздық атлас деп аталады. Жұлдыздық карталар телескопты аспанның қажеттi нүктесiне келтiру, аспандағы жұлдыздарды салыстыру, жұлдыздық аспандағы планеталарды, кометаларды, айнымалы жұлдыздарды т.б. олардың координаталары бойынша табу үшiн пайдаланылады. Жұлдыздық карталар аспанның Солтүстiк және Оңтүстiк жарты шарлары үшiн стероографиялық проекцияда жеке-жеке жасалады.
Ең әуелi жұлдыздық глобустар жасалды. Жұлдыздық аспан әдепкiде (16ғ.) жазықтықта проекцияланды. 1603 ж. немiс астрономы И.байер "Уранометрия" атты жұлдыздық атласта әрбiр шоқжұлдыздың жарық жұлдыздарын грек алфавитiнiң әрiптерiмен белгiледi. 17-19 ғасырда поляк астрономы Я.Гевелийдiң (1690), ағылшын астрономы Дж. Флемстидтiң (1729), немiс астрономдары И.Э.Боде (1782), Ф.Аргеландер (1843) мен Э.Хейстiң (1872) атластары жарияланды. Алғашқы жұлдыздық карта Петр I-нiң нұсқауы бойынша 1699ж. жасалды.
Жұлдыз аралық жұтылу – жұлдыздар мен басқа аспан шырақтары жарығының жұлдыз аралық орта құрамындағы космостық тозаңдардан шағылуы немесе жұтылуы салдарынан әлсiреуi. В.Я. Струве Жұлдыз аралық жұтылуды бiрiншi рет (1847) бақылап, дәлелдеген және оның мөлшерiн дұрыс анықтаған. Жұлдыз аралық жұтылудың мөлшерi жарық шығаратын аспан шырағы сәулесiнiң таралу бағытына және оның қашықтығына байланысты өзгередi. Мың парсек қашықтықта нөлден бiрнеше жұлдыздық шамаға дейiн ауытқуы мүмкiн.
Жарықты жұтатын заттардың негiзгi массасы Құс жолы жазықтығында орналасқан. Совет астрономы П.П.Паренаго фотометриялық бақылаулар арқылы Жұлдыз аралық жұтылуды есептеудiң жаңа тәсiлiн жасады.
Жұлдыз аралық орта – бiздiң және басқа Галактикаларға жататын жұлдыздар арасындағы кеңiстiктi толтырып тұрған сиретiлген материя. Ол газдар мен өте ұсақ қатты түйiршiктерден, тозаңдардан (мөлшерi, шамамен, 10-5 см.) тұрады. Жұлдыздардың көрiнерлiк жалтырауын әлсiрететiн тозаңдардың бар екендiгi жарықтың жұлдыз аралық жұтылуын бақылау нәтижесiнде айқындалды.
Галактиканың
радиосәуле шығаруына жұлдыз аралық газ
елеулi әсер етедi. Жұлдыз аралық ортадағы
әлсiз магнит өрiсi космостық сәулелердiң
пайда болуында маңызды қызмет атқаруы
ықтимал. Жұлдыз аралық ортаны
зерттеу арқылы жұлдыздардың пайда болу
механизмi айқындалды.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Воронцов –Вельяминов Б.А. Астрономия.- Алматы, 1997
2. Паренаго П.П. Жұлдызды астрономия. –Алматы,1954
3. Мартынов Д.Я. Практикалық астрофизика.- 1967
4. Мырзабаева
Р.Б. Физика және астрономия.-