Дин

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:04, реферат

Краткое описание

Дін мәселесі өте нәзік, үлкен сарбадалылықты, әлі де көп талқылауды қажет ететін тақырып және үлкен мәселе. Бұған бір рет жазылған мақаламен шектеліп қалу болмас. Қазіргі күні жас қыздардың тым көзге өрескел киім киюлері, өздерін жастайынан қартайтынқыратып көрсетулері дұрыс емес деп ойлаймын. Өткенде көшеде бір жас жігіт бір қызды жетектеп келеді, қарасам әлгі қыздың киінгені қап-қара, басынан аяғына дейін жабық қара киім

Файлы: 1 файл

дини (Автосохраненный).docx

— 27.17 Кб (Скачать)

Дін мәселесі өте нәзік, үлкен сарбадалылықты, әлі де көп талқылауды қажет ететін тақырып және үлкен мәселе. Бұған бір рет жазылған мақаламен шектеліп қалу болмас. Қазіргі күні жас қыздардың тым көзге өрескел киім киюлері, өздерін жастайынан қартайтынқыратып көрсетулері дұрыс емес деп ойлаймын. Өткенде көшеде бір жас жігіт бір қызды жетектеп келеді, қарасам әлгі қыздың киінгені қап-қара, басынан аяғына дейін жабық қара киім. Сол арқылы өздерін кемсітіп, Алла тағаланың берген жарық дүниесін қарайтып, төңіректегі әсемдікті көруден мақрұм қалуы ғой. Тым сондайға түсіп кетуі, дінді дұрыс түсібеуі ме деп ойлаймын. Сонымен қатар елдегі дұрыс дін насихатының болмауының кесірі де шығар. Кейде бір жақты болып кететіні бар екені шындық. Оның үстіне мешіт маңындағы адамдардың білімдерінің төмендігі бар екені тағы да шындық. Менің ойымша мешіт маңындағы адамдар тек қана дінмен ғана шектеліп қалып жатады. Ол адамдар дінмен қоса әдеби кіттаптарды көп оқып, қазағымыздың салт-дәстүрлерін өте терең меңгеруі шарт па деп ойлаймын. Өйткені жоғарыда аталған қыздарымыз солай киінгенімен, дін жолымен жүргенімен ілімдері саяз, мәдениеттерінің төмен екенін көріп жүрміз. Үлкен сыйлау, сыпайылық таныту, мәдениеттілігін көрсету жағына келгенде ішіңіз ауырады. Сол кезде ойлаймын одан да қазағымның салт-дәстүрін біліп, дұрыс ұстай білсең сондан асқан дұрыстық, содан асқан имандылық жоқ па деп ойлаймын.

Бұл еліміздегі ең өзекті мәселе, бірақ  өкінішке орай, ең тасада қалған мәселе де осы. Газет, журналдар бұл мәселеге жоламай жабулы қазанды жабулы ұстауға тырысады. Бірақ, «ауруын жасырған өледі» Мешіттерде шын мәнінде де мәселе ушығып тұр. Олардағы намазхандардың 60 пайызы уахабби екені рас. Және бұл қарқынды үрдіс. Жастар елдің болашағы дейміз. Ал, жастар жаппай сол ықпалға түсуде. Бұлай кете берсе 2030 жылы уахаббистер еліміздегі ең ықпалды күшке айналатын болады. Олар қазір үгіт-насихат арқылы жайлап көбейіп алуды мақсат етуде. Сонан соң олар өз өнерлерін көрсететін болады. Сондықтан да оларға көбейюге мүмкіндік бермеу керек. Ол үшін оларға қарсы үгіт-насихатқа бар күшті жұмылдыру қажет. Олардың шеберлікпен жүргізіліп жатқан үгіт жұмыстарына қарсы біз де шеберлік таныта алмай үстемдікті қолдан беріп алсақ, онда осы шалалығымыздың сазайын тартатын боламыз. Еліміздің болашағы қауіп үстінде, бірақ осыны түсінетін адамдар аз. «Пока гром не грянет, мужик не перекреститься» деп орыстар айтқандай бейқамдықты қою керек. Уахаббилерді жай ғана есепке алып, санап отырғанмен іс бітпейді. Бізде түсінік жұмыстарының нашар жүргізілетіні соншалықты халық уахаббилердің кімдер, және оларды қалай айыруға болатынын да білмейді. Ал, уахаббилер болса біз»салафиміз» деп жұртты алдарқатып қойып, оларды өз қатарларына көптеп тартып емін еркін көбеюде. Салафилер «қой терісін жамылған қасқырлар» Бірақ уахабби десе шошынатын адамдардың өздері сол салафилердің қатарына ене отырып уахаббиге айналуда. Негізінде кімдердің насихаттары күшті болса, солар халыққа жағымды болады. Міне, біз осы жағынан қатты ұтылып жатырмыз. Сондықтанда насихат мәселесін мемлекеттік деңгейде қолға алмайынша біз бұл тығырықтан ешқашанда шыға алмаймыз! 

Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек. бірақ…

Менің қолыма қалам алуыма себеп – бү­гінгі күнгі еліміздегі діни ахуалдың алаңда­ту­шылығы мен  аймақтардан келіп түскен азамат­тардың хаттары. Негізгі қауіпті құбылыс “уах­хабилік” ағымның артынан еріп кетушілердің саны көбейіп, “сәләфи” ағымының кеңінен на­сихатталуы көңілге үлкен қорқыныш ұялатады.

2007 жылы осындай ахуалдың  салдарынан елі­міз­дегі жастардың  15 пай­ы­зы осы ағымға ере бас­таған. 2009-2010 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Егер өңірлерге бөліп қарасақ, 10 мың адам­ның 7,5 мыңы уах­ха­билер, оның ішінде 75 пай­ызы 13-25 жас ара­лы­ғындағы жасөспірімдер мен жастар.

Маусым айында Ақтау­дағы қатаң режімді коло­ниядан 21 тұтқын қашып, олар өзін-өзі жарып жі­берген оқиға елді дүрліктірген-ді. Олардың бәрі де уаххабилік ағымды ұстанушылар екендігі анықталды.

Жоғарыда аталған ағымға ерген азаматтар­дың қызмет етуі былай тұрсын, сәбилерін тиісті медициналық тіркеуден және дәрігерлік тек­се­руден өткізуден бас тартуда. Мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар арасында музыка тыңдау харам, Мемлекеттік әнұранды тыңдамау, кеуде­ге қол қоймау, Мемлекеттік туға құрмет көрсетпеу, әскери борышты өтемеу дұрыс деген ұғым қалыптастырып, теріс бағыттағы уағыздар жүргізуде. Сондай-ақ, 12-16 жастағы қыз балалардың сабақты тастап кетуі мен ата-анасының рұқсатынсыз неке қию фактілері де жиілеп келеді.

Ағымға кіріп кеткен балалардың ата-ана­лары балаларымыз бір түрлі, істеген тамағымды ішпейді, “сен кәпірсің” дейді, деп күйінеді. Олар “Сендер кімсіңдер?”, десек, “Мұсылман­быз”, дейді, “Ұлтың кім?”, десек, “Ұлтымыз жоқ, біз мұсылманбыз”, дейді. Дәл қазір осыған тоқтам болмаса, бес-алты жылда бұл ағымдардың бір-бірімен қақтығысу қаупі төніп тұр. Бала әкесіне, қыз шешесіне қарсы шықса, болашағымыз не болмақ?!

Қазіргі кезде мектеп пен  жоғары оқу орын­дарында, еңбекпен түзеу мекемелерінде хизб ут тахрир, такфир, жалпы уаххабизм идео­­логиясымен уланғандар өз жұ­мыстарын кедергісіз ашықтан ашық жүргізіп, қатарларын толықтыруда.

Ақтөбелік азаматтар А.Түркімбаев, С.Ізтаев, Д.Исімбаев Ресей арқылы Дағыстанға лаңкестік пиғылмен өткелі тұрған жерінен  ұсталып, біреуі жеті жылға, ал қалған екеуі алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Орал қаласының 23 жасар  жергі­лікті тұр­ғыны, тыйым салынған діни түрлі кітап-құ­рал­дар, бейне және аудио­кассеталар, жа­рыл­ғыш заттар және есірткімен ұсталған. Ол бір­аз уа­қыттан бері бақылауда жүрген ради­кал­дық діни ағымның белсенді мүшесі болып табылған.

Үстіміздегі жылдың 30 наурызында Тұрғыз­ба ауылдық округінде М.Тағашев атты азамат­тың үйінде “сәләфи” ағымының бір топ азама­ты жиналып, заңсыз “дағуат” (уағыз насихат) жүргізіп отырған кездерінде анықта­лып, үй иесіне ескерту беріліп, 13 азаматқа айып­пұл са­лынған, ал оның үшеуі жасы кә­мелетке толма­ған­дар болып шықты. Бұл мы­салдар олардың іс-әрекеттерінің бірі ғана. Ал бәрін айтып шығу тіптен мүмкін емес.

Жоғарыда аталған әрекеттер  Қазақстандағы діни экстремизмнің  қайда бағыт алып бара жат­қанын аңғартады. Күні кешегі Дағыстанда оққа байланған қазақстандық 5 жасөспірімнің қазасы құзырлы органдар мен қалың көпші­лікті дүр сілкіндірді емес пе?!. Бұл топтар неге айдың, күннің аманында алыстағы Ауғанстан мен Чешенстаннан жау іздеп, ел арасына іріткі салып, халықтың мазасын алып тұр? Өйткені, оларды бұл қылмыстарға олардың діни көз­қа­растары итермелеуде.

Жалпы, осы мәселелер еліміздің  барлық аймақ­тарынан көрініс беріп  отыр. Әсіресе, бұл мәселе Батыс Қазақстан  халқын қатты алаң­датуда. Әр түрлі  атаумен аталып, “дінсіздерге қарсы  әділетті соғыс” бастауды мақсат тұтқан бұлар қару-жарақтармен жабдықталып, мекеме­лер мен адамдарды тонап, қоғам мен мем­лекетке зиян келтіруде.

Діни ахуалды бақылауда  ұстау үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар өз деңгейіндегі нәтижесін бере алмауда. Өйткені, бұл саладағы қызмет заңнамалық тұрғыдан қамтылмаған, яғни дәстүрсіз діни бірлестіктердің кейбір заңсыз әрекеттеріне құқықтық тосқауыл қою мүмкіндігі шектеулі.

Ал тек қана насихаттық жұмыстар арқылы қоғамдық сананы реттеу мүмкін емес. Респуб­ликамыздағы ислам  діні қызметкерлерінің көбінің дүниетанымы  бір ғана дін айналасында өте тар деңгейде және қазіргі қоғам өміріндегі сұранысқа жауап бере алмауы да жасырын емес. Мешіт имамдары кездесулер кезінде ислам дінінің аумағындағы жалпы адами құндылықтардан басқа мәселелерден аспайды.

Жоғарыда аталғанның негізінде  Мәдениет, Білім және ғылым министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тығыз байланыста жүйелі түр­де діни мәселелерімен нақты айналысып отыр­ған жоқ. Сол себепті аталған ведомстволар жер­гілікті жерлердегі өкілеттерінің жұмысын шұғыл түрде қолға алып, жоғарыда аталған, мем­лекетке қауіп төндіретін түрлі фун­дамен­талистік, экстремистік діни көзқарастағы топ өкіл­дерінің таралмауын, сондай-ақ, білім беру саласына өтіп кетпеуін қадағалап, шара қолдануы қажет.

Сонымен қатар, “дінтану”  пәнін елдік мүдде тұрғысынан тиімді пайдалану мақсатын­да мектептердегі дінтану сабақтарына шектеу қойып, оқытатын мамандардың білім дейгейі, көзқарасы мен ұстанымы тұрғысынан сарап­тама жасап, бұл үдерісті ең алдымен жоғары білікті ұстаз даярлап барып іске асырған жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, республикалық радио және телеарналарда, радикалдық ағым­д­ар жөнінде нақты хабарлар берілуі қажет.

Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек, мемлекет дін ісіне араласпайды. Сонда да Пре­зидентіміз бүкіл діндердің бәрінің басын қо­сып, татулыққа шақырып жатқан кезде осы еліміздің өңірлерін дүрліктірген жайға Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан талдау жасалып, баға берілуі тиіс деп білемін. Діни фанатизм кез келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі ықтимал. Сондықтан да, кейбір мәсе­ле­лер­де мемлекеттің араласуы қажет деп есеп­теймін. Көтерілген проблемаларды заңды түрде қамтамасыз етпей, діни ахуалды реттеу мүмкін еместігін қаперге салсам деймін.

Мы все стремимся  к миру  во всем мире. В любом современном обществе, в том числе и казахстанском, религия представляет собой немаловажную часть жизни общества, влияние которой нельзя не учитывать, а также занимает определенное место в жизни молодежи. В Казахстане осуществляют деятельность разные религиозные течения. Настоящее время серьезную опасность на молодежь представляет тоталитарные секты.

Выступая на закрытии первого съезда лидеров мировых  и традиционных религии, президент  Казахстана сказал: «Хочу заострить  ваше внимание и на такой проблеме, как рост числа  и влияния всяких псевдорелигиозных объединений. Они есть практически в каждой стране и в основном паразитирует на существующих в современном мире трудностях. Многие из них под модными причинами проповедуют далеко небезобидные идеи, творят далеко не благие дела, итогом которых может быть  подрыв, устроив не только веры, гражданского общества, но и государств. Мы должны противостоять подобным организациям, пресекать их деятельность, ограждая наших граждан от любого негативного влияния…».

Внутренний мир  подростка характеризуется сложностью, подчас противоречивостью, поскольку  сознание его находится в процессе становления. Это стремятся использовать представители нетрадиционных религиозных  течений, миссионеры, считая детство, отрочество и юность периодом «открытости человека к религии».

В целях ограждения молодежи от влияния тоталитарных религиозных  течений нам необходимо обратить особое внимание на патриотическое воспитание учащихся общеобразовательных школ, средних специальных и высших учебных заведений, а именно с  тем, как осуществляется  гуманитарное обучение и воспитание, в котором знания о  сути религиозных культов занимают не последнее место.  Не случайно Президент Казахстана  Нурсултан Назарбаев огромное внимание уделяет воспитанию патриотизма, развитию межконфессионального диалога, укреплению дружбы, взаимопониманию в обществе, улучшению жизни казахстанцев, воспитанию молодого поколения в духе толерантности.

В юном возрасте возможна перестройка сознания и закрепление  религиозных знаний и убеждений. У подростков и юношей с тенденциями  тяги к вере религиозное окружение  бывает практически всегда. Прежде всего, это религиозность среди  ближайших родственников. Религиозное  окружение, прежде всего семейное и  связанные с ним устойчивые религиозные  тенденции служат важной причиной приобщения молодежи к религии. За их поведением и обучением осуществляется контроль.  Учебная адаптация сопровождается повышением интереса к религии. Формируется предпосылки для дальнейшего формирования и развития устойчивых религиозных норм и принципов.

Определение уровня религиозности подростков основано на следующих критериях:

  1. наличие в сознании представлений о Всевышнем;
  2. психо-эмоциональной отношение к нему;
  3. соблюдение религиозных норм и традиций;
  4. непредоставленное участие в религиозных действиях.

Молодые и неопытные  люди, столкнувшись с подобными течениями, подпадают безвыходную ситуацию. Они отказываются в общении своими сверстниками и членами семьи. Психологическая  напряженность возрастает, и некоторые  из них принимают неординарные решения. Кто-то уходит из дома, а кто-то вообще из жизни. Многие молодые люди различными путями привлеченные к деятельности сект  по прошествии времени начинают сожалеть о своем выборе. Однако исправить ошибку бывает трудно. Руководители религиозных сект стараются любым способом (физическим и психическим воздействием) удержать их.

Этапы вовлечения в  секту:

  1. соблазнить и польстить.
  2. нейтрализовать способность к критике и качество личности.
  3. упрочить связь с группой и стимулировать социальные разрывы.
  4. сделать возвращение в общество невозможным.

Радикальные религиозные  течения всегда открыты для желающих, но они постоянно нарушает права  своих членов, и наносят им вред путем использования определенной методологии, называющиеся «контролирование сознания». Особенно особое скрытое  наблюдение ведется за молодыми новичками. Их проверка тестирования и оценки водятся в специальные журналы, картотеки и все изменения  фиксируются.

В Казахстане сегодня  объявлена свобода вероисповедания. Каждый вправе выбирать себе религию. Но главное – она не должна психологически калечить, ломать судьбы людей, настраивать  их против государственной политики страны.

В целях недопущения  молодежи в радикальные религиозные  течения, Департаментом юстиции  СКО при взаимодействии с уполномоченными  органами власти и управления, правоохранительными  структурами в соответствии с  положениями Конституции РК и  законом «О свободе вероисповедания  и религиозных объединениях», на постоянной основе проводятся предупредительно-профилактические мероприятия в форме семинаров, «круглых столов», лекций, публикаций материалов в СМИ. В ходе указанных мероприятий дается правовая оценка деятельности радикальных религиозных течении и раскрывается негативная сущность их идеологии.

Информация о работе Дин