Ақын–жыраулар мен билердiң шешендiк сөз өнерiндегi тәлiмдiк ойлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:00, реферат

Краткое описание

Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды.

Файлы: 1 файл

адебиет назира.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

“Қалың қазақ  елiм” деп үн қатқан, ұран тастаған жыраулар: “Ылайым, елiм аман болсын” деген тоқтамды алға тартты. Ол шешендiгiмен, көрегендiгiмен, қайырымдылығымен жамандықтан, жалғандықтан, жұғымсыздықтан, жауласудан сақтандырды.

Асанқайғының  жыраулық дәстүрi мен философиясын жалғастырған Бұқар жырау (1693-1787) болды. Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркi — адам, адам көркi — оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние - бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгi байлық та, жарлық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi. “Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, iшiнде оның бiрi арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы болса мiнiсiп, торқасы болса киiсiп, толғамалы қамшы алып, толағайда толғай дәурен сүрмес пе” - деген толғауы осы ойдың айғағындай.

Абылай ханға  арнаған: “Жұлдызың туды-ау оңыңнан, жан бiткен ерiп соңыңнан. Он сан  Алаш баласын, аузыңа құдай қаратып..”  — деген толғауында ханның мәртебесi, бiрiншiден, халықтың өзара бiрлiгiн  сақтай бiлуiнде, екiншiден, халыққа өз саясатын қолдатқыза алатын ептiлiгiнде екенiн алға тартады. Осыдан: адамды адам ететiн — оның ортасы, нақты тәлiм-тәрбиесi деген ұстанымды бекем ұстайды.

Нағыз ержетiп, азамат болу үшiн он бiр тiлектi орындауды  ұсынады. Олар “Тiлек” толғауында былайша келтiрiледi:

1. Аллаға адал  бол. Алла — сенiң бүкiл өмiрiң  мен тыныс-тiршiлiгiңнiң негiзгi арнасы. Аллаға сыйынғанның адамдық дүниесi қай уақытта болмасын тоқайласады.

2. Пасық,  залым   адамның тiлiне  ерiп  азба.     Қаскөйлерден ылғи сақтанып жүру қажет.

3. Қыз-келiншектер,  әйелдер үстi-басын таза ұстап,  жарасты киiмiн сәнiмен киiп,  өзiн байыпты ұстай бiлуi жөн.  Бүгiнгi қыз бала, жас келiн өзiнiң  байыпты жүрыс-тұрысымен ертең  көрегендi бәйбiше, зерделi әже боларлық  рәсiммен iштесетiнiн ұмытпа.

4. Төсек тартып  жатпағын. “Әуелгi байлық — денсаулық”  екенiн жадыңнан шығарма, сол  үшiн белсендi әрекеттен тайынба.

5. Мұсылмандықтың  белгiсi — бес парызды ұмытпа, парызды өтеуде ұқыптылықты сақта.

6. Ардақтаған  аяулың күннiң күнiнде бөтен  бiреуге тегiннен-тегiн олжа болмасын, көршi күштiлердiң қол астына қарап қалмасын. (Бұл арада орыспен, қытайлықтармен бейбiтшiлiк саясатын ұштастыру жақтарын ескерткендей).

7. “Желкiлдеген  ту келiп, жер қайысқан қол  келiп, сонан сасып тұрмалық”  деп ел қорғау мәселелерiн алға тартады.  Тағы бiр толғауда:  “Батырлықтан не пайда, халқыңа  қайран   қылмаса, хандардан   пайда   жоқ,   қарашаны   жалмаса”   деп   ел мен жер қорғаудың өнегесiне мегзейдi.

8. Өз ұрпақтарын  кездейсоқ, төтенше жағдайлардан  сақтана бiлудi еске  салады. Табиғаттың дүлей күштерiнен сақтанып,  қамсыз жүрмеу де — имандылық нышаны.

9. “Төреңiз тақтан  таймасын”. Елдiң бiрлiгi патшаның  өз тағында нық отыруына да  байланысты. Ел басқару елеулiлердiң  үлесi, “қырық адамның жаны барлардың”  тиесiсi. Хан бағдарламасын қолдау да — имандылық.

10. Бейбiт өмiр   “тар құрсағын кеңейткен, тас  емшегiн жiбiткен” аналардың беделiн  көтередi, оларды аңыратып қалдырмайды.  Ананы сүйiп  ардақтау жеткiлiксiз,   оны  барынша  құрметтеп,   сыйлау — парыз. Ананы аңыратпау,  ана алдындағы парыз бен қарызды өтеу де — имандылық.

11. Әйел-ананы  қастерлеу — имандылық қасиеттiң  негiзi. Жырау   психологиялық   тұжырымдар   жасауға,   жасқа   тән   мiнез ерекшелiктерiн топтауға  машық. Шындықтың сынағынан өте  бiлу де, қарттықты сыйлай бiлу де — үлкен құрмет, арлылардың асылдығы. Үлкендер мен асылдарды сыйлау - өмiр үшiн күрестiң бiр түрi, ел-жұртына деген сүйiспеншiлiктiң үлкен құрметi. Осындай тағлымы мол iс-әрекетте адамның сана-сезiмi дұрыс және тез дамиды. Отаны мен туған жерiн сүйе бiлген тез есейедi. Толғауы терең Бұқар жыраудың талғамы осыған тiреледi.

Тарих сахнасында 3 мыңжылдық салты бар көшпендiлер  өркениетiн тұлғалаған, ұрпақтарын үлгiге үйiрлеген — даланың қайраткерлерi, дiлмарлары, би шешендерi. Ел аузында  “түгел сөздiң түп атасы” атанған Майқы биден бастап 200 ден артық дiлмарлар, одан да артық бек атаулары жатталынып қалған.

Әрқайсысы ел-жұртының қуанышы мен қайғы-қасiретiн, ерлiгi мен ептiлiгiн еселеп жеткiзген, ел қамын ойлап, қазақ ұлысын құруға, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын реттеуге, заңдастыруға үлкен ықпал еттi. Әдiл билiгi, тапқыр шешендiгi барлар “қалың елi қазағының” атынан сөйледi, көкейкестi ойларын “бiр кiсi емес, жалпақ жұртқа” арнады.

Билердiң шешендiгi — сол халықтың даналығы мен ой-санасынан  туындайтыны айғақ. Халықтың ой-санасы оның мәдениетiне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмiр сүру тәсiлi мен дiни наным-сенiмiне, күнделiктi тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсiм-салтына сүйенедi. Осы әр түрлi деңгей мен көрiнiстегi факторлар ой-сананы өзiнше ұйытқы етiп келдi. Қазақ билерi дүние мен әлемдi адамилық тұрғыдан түсiндi. Олар үшiн:

– дүние мен  адам, ғұмыр мен дүние, табиғат-ана  бiртұтас мән;

– адамсыз заман  болмайтындығы ақиқат;

– адамның өмiрдегi орны мен қызметiн жандандыру, әрлету қажеттiлiк.

Руханияттың бiр  өлшемi, қолдаушысы және қорғаушысы —  билiк, басқару, әкiмшiлiк. Қазақтың ұлыс болып ұлғаюына, елдiгiн құрып  орнығуына орай би-шешендердiң рухани дәстүрi қалыптасты, ықпалын арттырды. Билер дәстүрiнiң мақсаты —  адамды тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелi азаматты қалыптастыру, адамға қажеттi iзгi қасиеттердi үлкен құндылық дәрежесiне көтеру. Бұл мәселелер тұлғалық пен елдiктiң тұтқасы. Би-шешендер сол тұтқаның ұстанымын айқындады және соған сүйендi. Онысы:

Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау;

Кiсiлiкке қайшы  сөзге бас шұлғымау;

Кiсiлiкке қайшы  былыққа батпау;

Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау, — “кәмiл  адам” тәрбиелеудiң тиегi мен  пернесiн орнықтырды. Осы ереже  мен сұранысқа орай билердiң мәртебесi қалыптасты. Қандай iсте болмасын бидiң сөзiне артықшылық берiлдi. Би шешiм қабылдарда қиналып, билiк айтудан бас тартса, оған айып салынбады. Егер ол терiс билiк шығарса, онда ол қияметте, құдай алдында жауап бередi делiндi. Би кез келген адамға басу сөз айта алды. Куәлiкке құдайдан қорқатын, күнәсi жоқ, көпке қадiрлi адамдар шақырылды. Антын бұзып, iске нұқсан келтiрген немесе елге зиян келтiрген адамды абыройсыз деп, қоғамнан аластатылды.

Бүкiл халықтың ынтымағын қолдаған олар ел арасында мұрты кертiлмес беделге ие болды. Олар ханды да, қараны да баянсыздықтан, қызбалықтан, жалғандықтан сақтады, дұшпандарын шындықтың шоғымен қақтады, кек пен кежiрдi, жайма мақтан мен мансапты төмендетпей, зәбiр-зардаптың отын басты, тұсаулады.

Әр замандары  адамдардың сапалық жақтарын саралай  бiлдi, адам болмысының төрт түйiндерiн - ақылды, рухты, нәпсiнi, көңiлдi зерделедi.

Даулы мәселелердi ушықтырмай, қауым мен ұрпақтың ниет, пиғылын күзеп түзедi, дүмшелiкке ұйықпады, рухани сырқаттан емдедi, рухани бұзылудан сақтады.

Тiрлiктiң де, шындықтың да көзiн тапты, iстiң қанағаттанарлық шешiмiн табатындардың кезегiн бақты, жемiс-жетiктi рухани үстемдiкке тартты.

Әкенiң iсiн балаға, ханның iсiн қараға түсiрмедi, бiрiн  астам зорлыққа барғызбады, бiрiн  азған ұрлыққа барғызбады. Ақ тұрып, адал жүргендi үйреттi.

Бiреудiң талабымен емес, жүрегiнiң қалауымен халқын бiрлiкке, ерлiкке, еңбекке, оқуға, өнер-бiлiмге шақырды.

 Халқымыз  уәж сөзге тоқтаған, бiр сөздiлiгiмен  кiсiлiктi жақтаған. Сөз қадiрiн бiлген  халқымыз тiптi қиын қыстау кезде:  “Бас кеспек бар, тiл кеспек  жоқ” деп туралыққа тоқтаған. Осы биiк талаптан ата-баба құндылықтарын меңгермеген зердесiздi “жетесiз” деп тұқырта салған. Рухани мұқтаждық өмiрге деген талаппен қатар мiнезге тамыр жайған.

Нағыз билер - жарық  дүниенiң жарасымдылығын аңсағандар. Олардың болмысына екi ерекшелiк ортақ: бiрiншiден, даналыққа толы тағылым, тек түбiне бойлай бiлетiн сабақтастық, екiншiден, ойдағы даналыққа толы толғау, түсiнiгi терең сын көзқарас. Даналық — ой дәлдiгi мен дәйектiлiгiнде, көңiлдегi көкейкестi сыр мен мұңды ашық жеткiзе бiлуiнде. Сыни көзқарас - адамды, оның тұрмысын, қоғамдық өмiрдi түзетудiң, жөнге салудың пәрмендi құралы. Олай болса, даналық дегенiмiз өмiр сүрудiң жетiлген түсiнiгi, өмiрдi жетiлдiрудi мақсат тұтқан сыни көзқарастар жүйесi, ал сыни көзқарас - өз елiң мен жерiңдегi адамдардың жақсылығы мен жамандығын, көңiлi мен пейiлiн, қанағаты мен жiгерiн, ар-намысын саралауға, сомдауға бағытталған.

Иә, билер адамгершiлiгi мен үлгiлi әдiлеттiлiкке деген  қатаңдығымен халықтың алдында ерекше беделге ие болды.

Қазақ би-шешендерi алты алаштың тату-тәттi, ақжарқын заманда өмiр сүруiн аңсап өттi. Бұл дегенiмiз халықтың төрт құбыласын түгендеу. Осы мұратқа орай “бiлiп айтқан сөзге құн жетпейдi, тауып айтқан сөзге шын жетпейдi” (Төле би). Сөздiң шыны мен құны — ақылдың құты, билердiң қоғамдағы рөлi мен мерейiн үстем етер құдiрет. Халықтық тәрбиедегi қолайсыздықты сиретiп, үлкен мұратқа ұмтылу үшiн адамға, соның iшiнде билерге алдымен бiлiм, яғни ақыл керек, екiншiден, ғылым немесе оқу керек, үшiншiден, ұғым, оқығанды пайымдау, тоқу керек, төртiншiден, отты жүрек, батылдық керек. Адал ұл болудың осы ұстамдық қағидаларын пайымдаған жан өз дәуiрiнiң талаптарына сай болуға тырысады, жаңалыққа, жақсыны қабылдауға құштар болады. Осындай тәрбиелi жақсы бала — “жан мен тәннiң шырағы”, елдiң сүйiктiсi, ал тәрбиесiз бала — ата-ананың таусылмас күйiгi және қайғысы.

Адам азабы  — ел азабы. Ел жақсысы елеусiз  қалса, “заманға заман күйлемек, замана оны илемек”. Ондайда “пейiлi жаман  пәлеге жолығады, бiтпейтұғын жалаға жолығады”. Адамды пәле мен жаладан құтқаратын жақсылық. Жақсылықтың жөнi де, шарапаты да көп. Дегенмен “жақсыга қылған жақсылық, өмiрiңде тозбайды. Жаманға қылған жақсылық, бiр күнгiдей болмайды”, “жақсы – арына құл, жаман – малына құл”. Осы ойға тоқтам-түйiндер келтiрерлiк:

Мал тап, алысқа кет,

Жалқаулыққа жеңiлмей.

Мал арыстанның аузында, Түрiкменнiң төрiнде,

Табарсың оны  қайраттансаң ерiнбей. (Алшағыр би)

Ер жiгiтке  еңбек ар емес,

Оны көтермеген ер нар емес. (Шоқай би).

Бiлектiң күшiнде  кеткенiңдi,

Бiлiктiң күшiмен  қайтардым.

Найзаның ұшында кеткенiңдi,

        Тiлдiң ұшымен қайтардым, - дей  келiп, Бөлтiрiк шешен: “Жақсы  кәсiп — анық ырыс” — деген  ұстанымды бетке ұстайды.

“Төккен терiң  болмаса, елге өкпелеме”. “Елдегiнi ерге бередi, ерге бергенде, төккен терге  бередi”. “Барлық пен жоқ ебiнен” (Нақысбек шешен).

“Нағыз бақ  еңбектiге бiтедi,

Қызыр оның талпынысын күтедi.

Ғұмыр үйретiп, данышпан етедi,

Сүтпен кiрсе, сүйекпен кетедi”. (Киiкбай би)

Билер үшiн, өмiр  — қамқорлық, қамқоршы — ұлағатты сепкен iзгiлiк, ал шешендiк — сол қамқорлықтың құндылығын көрсететiн, құндылықты иемдетуге үйрететiн өнер. Болмыстағы кiсiлiк мәндiк қасиет адамды адаммен жақындататын сиқырлы күш. Бәйдiбек би осы ойын былай жеткiзедi: “Тiрлiк басқа болса да, тiлек бiр. Бармақ басқа болса да бiлек бiр”.

Қазақтың үш төбе билерi де адамзат тiршiлiгiн, оның келешегiн адам қайыр-қамқорымен салыстыра саралайды:

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қылмаса (Төле би).

Атадан жақсы  ұл туса,

Елiнiң оңы  болады (Қазыбек би).

Бай болсаң халқыңа  пайдаң тисiн,

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Елден бөтен  үйiң күйсiн. (Әйтеке би).

Би шешендер қаршадайынан ел мұң-зарына құлақ түре жүрдi, тығырықта алғыр, зерек, әдiл  болып ержеттi, айтыс-тартыста ой өрiсiн  жетiлдiрдi, сөйлеу мәдениетiн нақыштады. Ойы мен болмысы белсендiлер  ел жағдайын,  әсiресе  олардың рухани болмысын жетiк бiлген сайын, әдiлдiк жағына ауысып отырды.

Билер iскерлiкке, талаптыларға тәнтi болды, мәселенiң  мән-жайымен жан-жақты танысты, арызданушы жақтардың өз айыптамаларын байыппен талдады, қажеттi жағдайда бұлтартпас айғақтарды алға тартты. Билер ұстанған талап қатаң, әдiл, жүйелi болды. Олар тәртiп пен тағлым, өнеге мен өнер мәселелерiне ерекше мән бердi. Сондағы уағызы - “Ақылды көпшiл келедi, надан кекшiл келедi”, “Ақылсызға ақылды тура айтса, мiн деп бiледi”, “Ақылдыны алысым деме, ақылсызды жақыным деме”, “Ақылдының алдымен жүр, ақымақтың артымен жүр” деген өмiрлiк қағидалар болды.

Халық “бiлiмдiмен  жақын болсаң, қолың жетер, бiлiмсiзбен жақын болсаң, басың кетер” —  деп текке айтпайтын. Бiлiмсiздiк  — тiл жүгiртедi, жақынын жат етедi, құлқынның құлы етедi.

Бiлiмсiздiк  —  жан мен тәннiң саулығы емес. Осыдан:    “Ердiң азғанын  неден бiлемiз?” деген сұрақ  жиi туындайды. Оған Досбол шешен:

 

Жiгiт кеселшi болар,

Әйелi өсекшi болар.

Елдiң шынары болмас,

Кiшiнiң тұрағы болмас.

Ел тозып, ығыр болар,

Ер қажып, тұғыр  болар.

Баққаны базар  болар,

Айтқаны азан болар.

Күндердiң күнiнде,

Ел бiр жақсыға  зар болар, - деп жауап бередi.

Қысқасы, қазақтың әлеуметтiк болмысын битану тағлымы  мен өнерiнен пайымдаймыз.


Информация о работе Ақын–жыраулар мен билердiң шешендiк сөз өнерiндегi тәлiмдiк ойлар