Табғи жағдай

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 21:27, дипломная работа

Краткое описание

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі бар

Файлы: 1 файл

415b6f109cdd54bda848c96586d63e19.doc

— 156.00 Кб (Скачать)

     Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығын немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

     Бұл аталған несиелер несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейіндегі банктер бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

      Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

-         депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

-         депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

-         депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

-         салым несиелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

2) Банктердің активтік операциялары

     Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзегеасыратын операцияларды білдіреді.

      Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

     Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

-         ссудалық операциялар;

-         инвестициялық операциялар;

-         депозиттік операциялар;

-         қаржылық операциялар;

-         басқа да операциялар.

    Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

      Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бғалы қағаздар портфелі қалыптастыруының екі мақсаты болады: бірішісі – банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетің бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

1)     мемлекеттің бағалы қағаздары;

2)     корпоративтік бағалы.

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстығына қарай үш түрге бөлінеді:

- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға

   жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтіледі.

- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін

   бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.

- Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегітабыстардан құралады.

    Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

      акциялар

      облигациялар

      депозиттік және жинақ сертификаттары

      ипотекалық куәліктер

      депозитаралық қолхаттар

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы ұаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін  растайтын бағалы қағаз.

Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

1.      купондық облигация-инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі

2.      дисконттық облигация-инвестор банктің облигацияны шығарудан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.             

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдану және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

       Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

       Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1)     Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін сипаттайды.

2)     Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтуімен байланысты сипатталады.

Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг.

       Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

      Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1.      Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2.      Клиент – факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3.      Кәсіпорын – тауарды сатып алушы фирма.

    Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

1)     Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

2)     Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

3)     Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары.

3.1 Қорытынды.

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. 70 жыл бойы республикадағы несиелік-банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік, ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экономикада басты делдал болып табылады. Өздерінің қызметтерінде жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасайды. Айталық клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені жасаса, ал қарыздар беру арқылы қарыз алушыларға деген жаңа талаптары қалыптасады. Нарық экономикада банктер қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналады. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы басқару органы ретінде көрінеді. Банктік реформаны жүргізудің қажеттігі мыналармен түсіндіріледі: қаржы ресурстарының дұрыс бөлінбеуінен; банктерде мерзімі өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен көбеюі; шаруашылық органдардың арасындағы төлемдер мен есеп айрысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі. Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк арасындағы қарым-қатынас банктік заңдылықтар мен нормативтік актілерге байланыты құрылады. Банктер арасындағы және банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар келісім-шарттар негізінде қалыптасады. Банктерге жасалатын бақылау мен қадағалау: мемлекеттік, халықаралық, аудиторлық және құрылтайшылық болып келеді. Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен  сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады. Олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды  сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың  үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

 

                        Қолданылған әдебиеттер:

 

1.      Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы, 2001

2.      Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы, 2004

3.      Баймұратов О. «Қазақстан қаржы нарығы», Алматы, 2007

4.      Ілияс А.Ә.  «Төлем жүйесі: теория және практикасы», Алматы, 2007

5.      Айқын газеті 26.09.2006 [1]

6.      С. С. Сахариев, А. С. Сахариева. «Әлем экономикасы», Астана, 2005

7.      Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Алматы,2000

8.      Хамитов Н.Н. «Банк ісі», Алматы, 2006

9.      Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит        теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі», Алматы, 2007

10. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. «Макроэкономика», Алматы, 2003

11. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ч.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004

12. Әубәкіров Я.,Есқалиев М., «Экономика теория негіздері», Алматы, 2004

13. Мәуленова А.«Экономикалық теория»,Алматы, 2004

14. Шөлейбай Б. «Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент», Алматы, 2005

15. Сахариев Б. «экономикалық теория негіздері», Алматы, 2004

16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы, 2005

17. Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.С. «Қаржы есебі», Алматы, 1998

18. Алдаберген Ә. «Банк жүйесінің тұрақтылығы – экономикалық дамудың  кепілі»  Егемен Қазақстан, 2004 ж  11- қараша.

19. Джемпеисова Г. И., Даулетханова Ж. Д. «Банк ісі», Өскемен, 2006

20. Мыржақыпова С.Т., Нұрғалиева А.М., Қ.Е.Сақыпова. «Банктік қадағалау және аудит», Алматы, 2001

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

               "Еуразия" академиясы, "Еуразия" институты

             

                             

                                                                                       Қаржы деканаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары

 

 

 

 

 

 

                                                            Орындаған: Муратова Камшат

                                       Тексерген: Оқытушы

                                                                    Габдулина А.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2008.

                                          Жоспары:

  

      Кіріспе..........................................................................................................3

     I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.

1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі.....................................................4

1.2 Коммерциялық банктердің қызметі......................................................5

1.3 Коммерциялық банктердің операциялары .........................................9

II.

2.1 Коммерциялық банктердің операциялары...........................................14

2.2 Банктердің пассивтік операциялары.....................................................14

      2.3 Банктердің активтік операциялары.......................................................20

     III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары

     3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру.........................................25

     3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу.............26

     3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі...........................29

      Қорытынды...................................................................................................31

     Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Табғи жағдай