Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 16:03, реферат
«Статистика» термині латынның статус (status – күй-жай) деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс ғалымы Готфрид Ахенваль 1749 жылы жарияланған «Мемлекеттану» туралы ғылыми жұмысында қолданды. Алғашқы кезде бұл сөз мемлекеттің саяси жағдайы дегенді білдірген. Ал ғылым ретінде 18 ғасырдан бастап пайда болды.
Статистиканың шығу тарихы.
«Статистика» термині латынның статус (status – күй-жай) деген сөзінен шыққан. Бұл сөзді алғаш рет неміс ғалымы Готфрид Ахенваль 1749 жылы жарияланған «Мемлекеттану» туралы ғылыми жұмысында қолданды. Алғашқы кезде бұл сөз мемлекеттің саяси жағдайы дегенді білдірген. Ал ғылым ретінде 18 ғасырдан бастап пайда болды.
1746 жылы
неміс ғалымы Готфрид Ахенваль
өзі сабақ беретін Германия
университетінде “Мемлекет
Қоғамдық
құбылыстарды белгілі бір
Заңдылықтарды
тану және құбылыстардың
Статистиканың Қазақстанда ұйымдастырылуы.
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн. болды. Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан
аумағында құрылған бірінші
1925 жылы қаңтарда
Орынбор қаласында (сол
1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды.
Стат органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын, еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды.
Қазақстанның статоргандары, бұрынғы КСРО-ның барлық статистикалық жүйесі сияқты Бүкілодақтық барлық сегіз халық санағын ұйымдастырып, өткізіп, жиынтығын қорытындылады; үнемі статистикалық жылнамалықты және көптеген кезеңдік, салалық және тематикалық жинақтар мен анықтамалықтарды бастырып шығарды.
Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады.
Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері
|
ҚР-дағы
қазіргі уақыттағы статистиканың ұйымдастырылуы.
Статистикалық қызмет сұрақтары 1998 жылдың
30-шы маусымында «Мемлекеттік басқару
органдарын оңтайландыру бойынша келесі
шаралар туралы» ҚР Президент жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Статистика
Агенттігіне жүктелді. Қазақстан Республикасындағы
қазіргі мемлекеттік статистикасы
тұрақты түрде жұмыс жасайды және барлық
құбылыстар мен үрдістер жөнінде сандық
немесе сапалық жағынан ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Ағымдағы уақытта
Ұлттық статистикалық жүйе, статистиканың
жаңадан пайда болған бөлімдері құрылды,
экономикалық қызмет түрлері, өнім және
қызметтің халықаралық сыныптамалары
қолданылды. Жалпы мемлекеттік статистика
еліміздің экономика, мәдениет және халық
тұрмыс деңгейінің дамуын сипаттайтын
ақпаратты беретін ақпаратты жинақтау,
өңдеу, жалпылау және талдау функцияларын
атқарады. Осының нәтижесінде экономикадағы
өзара байланыстарды анықтау, оның
даму серпінін тану, халықаралық салыстыруларды
жасау мүмкіндігі пайда болады. Ұлттық
статистикалық жүйенің қызметі негізінде
мемлекеттік және аймақтық деңгейлерінде
тиімді басқару шешімдерін іске асыру
орын алады. Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасының Статистика Агенттігі
Қазақстан Республикасының экономикалық,
әлеуметтік, демографиялық және экологиялық
салаларында болып жатқан құбылыстар
және үрдістер жөніндегі статистикалық
мәліметтерді жинақтау, қайта өңдеу, тарату
сияқты қызметтерді атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: