Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:51, реферат
Гипофиз – аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекшісі орталығы. Гипофиз – сопақша пішінді, салмағы 0,5 – 0,7г. Гипофиз гармондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен түрады: алдыңғы, ортаңғы және сыртқы.
Алдыңғы бөліктің гормондары: тиреотропты гормон, адренокортикотропты гормон, гонадотропты гормон, самоторопты гормон, пролактин, лактин гормондары.
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз
Ішкі секреция бездері немесе
эндокриндік мүшелер жүйесі (гр.«endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады
Қызметі:
1. Гормондар денедегі
зат алмасу қарқындылығын
2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;
3. Өсу мен көбеюді реттейді;
4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.
Гипофиз
Гипофиз (hypophysis, грек, hypo — асты, phyo — құрылым — жануарлар организмдегі көптеген ішкі секреция бездері қызметтерін реттеуге қатысатын эндокринді мүшелер жүйесінің орталық безі.
Гипофиз — адам мен жануарлар б
Аденогипофизді (
Хромофильді жасушаларға: қызыл түске боялатын ацидофилді аденоциттер және көкшіл түске боялатын базофилді аденоциттер жатады.
Ацидофилді
(оксифилді) аденоциттер — соматропин (өсу
Гипофиз — адам мен жануарлар организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады.
Гипофиздің
зақымдалуы — организмде әртүрлі аурулардың,
мысалы, акромегалия мен гигант
Гипофиз-қақпалық жүйе
Гипофиз-қақпалық
жүйе (гипофизео-портальная система);
(грек, hypophysis, porta —
қақпа және systema - жүйе) ~ гипоталамустың
орталық (медиальды) деңесі мен гипофиз
аяқшасының қан капиллярларын аденогипофиздің
соңғы бөліктерінің қойнауша капиллярларымен байла
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар |
Бөлетін бездер |
Ағзаға әсері | |
Тироксин |
Қалқанша безі |
Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады | |
Паратгормон |
Қалканшамаңы безі |
Кальций және фосфор алмасуын реттейді | |
Инсулин |
Ұйкыбездің аралды бөлігі |
Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді | |
Глюкагон |
---- |
Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді | |
Адреналин |
Бүйрек үсті бездің без заты |
Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді | |
Норадреналин |
---- |
Қантамырларын тарылтады |
|
Өсу гормоны (соматропты гормон) |
Гипофиздің алдыңғы бөлігі |
Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді |
|
Гиреотропты гормон |
---- |
Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді |
|
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) |
---- |
Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді |
|
Окцитоцин |
Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) |
Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді |
|
Вазопрессин |
---- |
Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады |
|
Тестостерон (андрогендер) |
Аталық бездер |
Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді |
|
Эстрадиол (экстрогендер) |
Аналық бездер |
Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді |
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы
бөлігі құрамы нәруыздан
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады.
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.
Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.
Қорытынды
Гипофиз – аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекшісі орталығы. Гипофиз – сопақша пішінді, салмағы 0,5 – 0,7г. Гипофиз гармондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен түрады: алдыңғы, ортаңғы және сыртқы.
Алдыңғы бөліктің гормондары: тиреотропты гормон, адренокортикотропты гормон, гонадотропты гормон, самоторопты гормон, пролактин, лактин гормондары.
Ортаңғы боөлікте меланоцитотропин гормоны бөлінеді.
Сыртқы бөліктің өзі гормон түзбейді, тек гипоталамуста түзілген вазопрессин, оксотоцин гормондары қанмен гипофиздің артқы бөлігіне жиналады. Вазопрессин организмнің бүйректе судың қайта сіңірілуі арқылы зәр шығаруын азайтады. Окситоцин жатыр бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді.
Пайдаланған әдебиеттер
Мазмұны
Мазмұны
Пайдаланған әдебиеттер
Информация о работе Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз