Онкология XX

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:44, реферат

Краткое описание

Әлемде жыл сайын қатерлі ісіктердің 10 млн. жаңа жағдайы тіркеліп, шамамен 8 млн. науқас көз жұмады. Дүниедегі барлық өлімнің 13% қатерлі ісік ауруларына тиесілі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының болжамы бойынша 2020 жылға дейін бүкіл әлемде қатерлі ісікке қатысты ауру-сырқаушылық пен өлім-жітім 1,5-2 есеге артады. Ауру-сырқаушылықтың өсуі ерлерде өкпе мен тоқішек-тікішек қатерлі ісігі, ал әйелдерде сүт безі және жатыр денесі қатерлі ісігі есебінен өрбиді.

Оглавление

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Ісіктер
2.Қатерлі және қатерсіз ісіктер
3.Ісіктердің метастаз беру жолдары
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

Файлы: 1 файл

анатомия (Автосохраненный).docx

— 25.06 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

 

                                    СӨЖ

Тақырыбы:

 

 

Орындаған: Патшахан  П

                                                   Тобы : 204 ДЕІК

                     Қабылдаған:

 

 

 

 

 

Шымкент 2013

Жоспар.

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1.Ісіктер

2.Қатерлі және қатерсіз  ісіктер

3.Ісіктердің метастаз  беру жолдары

III.Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қа-лыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Ісік. Тканьдердің құрамдық өзгеріске ұшырап патологиялық өсіп, ұлғаюына байланысты шырышты ткань ісігі, дәнекер тканінің ісігі, қан тамыры ісігі, сүйек ісігі деп аталады. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, ісік ауруына әкелуі мүмкін; Даму сипатымен  клиникалық өтуіне байланысты  қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.

Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды.    Қатерлі ісік қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады. Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаз берумен сипатталады. Бұл ауру генетикалық бұзылу салдарының пролиферация жәнедифференцирацияның бұзылуы болып табылады. Қатерлі ісікті емдеуге бағытталған ем шаралар және дәрі-дәрмектер осы күнге дейін толығымен шешілмеген жұмбақ. Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутациякесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса,ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Және дежасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады. Қатерлі ісіктің қорытынды диагнозын гистологиялық тінді зерттеуден кейін патоморфолог қояды. Диагноздан кейін операциялық ем, химиотерапия, сәулелі терапия тағайындалады. Медицина ғылымы дамуына байланысты әр ісікке спецификалық ем тағайындалады. Емсіз қатерлі ісік леталді ағымға дейін прогрессиялайды. Ісіктің көбісі емге берілмейді, бірақ та оның емі ісік түріне, таралуына, және кезеңіне байланысты. Қатерлі ісік әртүрлі жаста кездеседі, бірақ жиі қарт жастағы адамдар осы ауруға шалдығады. Бұл дамыған елдердегі өлімнің негізгі себебі. Көптеген ісіктердін пайда болуы қоршаған орта факторы әсеріне байланысты, сонын ішінде алкоголь, шылым түтіні, ионды сәулелердің әсері, ултракүлгін сәулелердің әсері және кейбір вирустар. Қатерлі ісіктің көптеген түрлері белгілі, олар орналасқан ағзаға байланысты классификацияланады. Біріншілікті ісік жасушасы обыр трансформациясына ұшырайды, сонымен қоса клиникалық белгілері науқаста айқын көрінеді. Медициналық зерттеу тұрғысынан қатерлі ісіктерді зерттейтін және емдейтін ғалымдарды онкологтар дейді.

Онкология (греч. onkos — масса, ісік + logos — білім) — ісіктердің пайда болу себептерін, даму тетіктерін зертейтін және оларды диагностау, емдеу және алдын алудың медицина аумағы. Дербес медико-биологиялық пән ретінде онкология XX ғасырда ғана қалыптасты, ал ісіктер адамзатқа көне дәуірден бері белгілі. Онкология аумағындағы зерттеулер казіргі заманғы өзекті және елеулі проблемалар қатарына жатады. 

Әлемде жыл сайын қатерлі  ісіктердің 10 млн. жаңа жағдайы тіркеліп, шамамен 8 млн. науқас көз жұмады. Дүниедегі  барлық өлімнің 13% қатерлі ісік ауруларына тиесілі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының болжамы бойынша 2020 жылға  дейін бүкіл әлемде қатерлі ісікке қатысты ауру-сырқаушылық пен  өлім-жітім 1,5-2 есеге артады. Ауру-сырқаушылықтың өсуі ерлерде өкпе мен тоқішек-тікішек  қатерлі ісігі, ал әйелдерде сүт  безі және жатыр денесі қатерлі ісігі  есебінен өрбиді.

 

 

.


Информация о работе Онкология XX