Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 11:25, реферат
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.
26-сурет. Вегетативті жүйке жүйесі:
а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі:
1 - ми; 2 - жұлын; 3 - мидан тарайтын жүйке; 4 - жүйке түйіндері; 5 - симпатикалық бөліктің орталығы; 6 - парасимпатикалық бөліктің орталығы
Вегетативті жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарыңда майлы қабығы бол-майды. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді.
Симпатикалық (грекше «sympathes» - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше «рага» — жанында, қасында). Вегетативті жүйке жүйесі де орталық және шеткі өлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.
Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20-25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түсіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.
Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы және сопақша мида жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінің қызметтері бір-біріне қарама-қарсы түрде байқалады.
Әдебиеттер тізімі: