Көмей,
кеңірдек, бронхтар мен өкпе, олардың
құрылысы, функциясы, өкпе қаптар, өкпе
қабының қойнауы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Фармацевтика Академиясы
Орындаған: Қылышбаев Ж. Қ.
Тобы: 101”А” ДЕІ
Қабылдаған: Танабаев Б. Д.
Жоспар
- І.Кіріспе
- ІІ.Негізгі бөлім
- А)Көмей,көмейдің құрылысы
- Б)Кеңірдек құрылысы
- В)Бронхтар
- Г)Өкпе,өкпенің құрылысы,сегменттері
- III.Қорытынды
- ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Көмей
- Көмей ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады.
- Көмей- іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV-VI мойын омыртқалары дейгейінде орналасқан. Көмей қабырғасы сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршектен тұрады. Тағамды жұтқанда көмекейге кіреберіс шеміршекті көмей қақпашығымен жабылады. Ең ірі шеміршек- мойынның алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқанша шеміршегі.
- Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей қақпашағынан басқа ішкі беті тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен қапталған. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қабаттар болады. Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады. Дауыс дыбысы тыныс шығарған кезде дыбыс сіңірлерінің тербелісі нәтижесінде пайда болады. Дауыс түрі мен оның тембрі дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланысты.
- Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам жөтеледі де күшті дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмейдің төменгі бөлімі VI-VII мойын омыртқалары тұсында кеңірдекке өтеді.
Көмей шеміршектері. Жүзіктәрізді шеміршек
- Гиалинді, жүзік пішінді, артқы жағынан жалпақ табақшадан және алды мен бүйірлерінен доғадан тұрады. Табақшаның жиегі мен бүйір бетінде ожаутәрізді және қалқанша шеміршектерімен қосылуға арналған буын алаңшалары болады.
Ожаутәрізді шеміршек
- Дауыс байламдары мен бұлшықеттеріне тікелей қатысы бар. Олардың негіздері lamina cricoirea-ның жоғарғы жиегінде орналасқан, ал ұштары жоғары қараған, пирамидаларға ұқсайды. Алдыңғы бүйір беті барынша кең. Негізінде екі өсінді жатады:
- 1.Алдыңғы өсінді
- 2. Латералды бұлшықеттік өсінді
Көмей қақпашығы
- Алдында және тікелей тіл негізінен артқа қарай орналасқан жапырақ пішінді серпінді шеміршек тінді табақша. Ол төмен қарай тарылып, көмей қақпашығының сабақшасын түзеді.
Көмей байламдары
Көмей тіласты сүйегі мен қалқанша
шеміршек арасында керілген membrana thyrohyoidae
көмегімен тіласты сүйегіне ілініп тұрған
сияқты, соңғы membrana thyrohyoidae тақ байламнан
және тіласты сүйегінің үлкен мүйіздері
мен қалқанша шеміршектің жоғарғы мүйіздері
арасында керілген жұп байламдардан тұрады.
Көмей бұлшықеттері
Қызметі жағынан мынадай топтарға
бөлінеді:
- Тарылтқыштар
- Кеңейткіштер
- Дауыс байламдарының кернеуін өзгертетін бұлшық еттер
1 топқа жататындар:
- Латералды жүзіктәрізді бұлшықет
- Қалқанша көмей бұлшықеті
- Көлденең ожаутәрізді бұлшықет
- Қиғаш ожаутәрізді бұлшықет
2 топқа жататындар:
- Артқы жүзік ожау тәрізді бұлшықет
- Қалқанша көмей қақпашығы бұлшықеті
3 тоқа жататындар:
- Жүзік қалқанша бұлшықеті
- Дауыс бұлшықеті
Кеңірдек
- Кеңірдек- ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді.
- V кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.
Бронхтар
- Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолармен аяқталады. Кеңірдек пен бронхиола да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. Кірпікшелер сілемей мен микроорганизмдерді жұтқыншаққа бағыттайды да, сонда жұтылады.
-
Өкпе
- Өкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Өкпенің сыртқы жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плерва) жабылған. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Жапырақшалар арсында аз мөлшерде өкпеқап қуысы бар. Сүйықтық өкпенің тыныс қозғалысы кезінде жапырақшалардың үйкелісін азайтады. Өкпеге кіретін бронхылар тармақталып, бронх ағашын түзеді, бронх бұтақшаларының ұшында альвеолалар-өкпе көпіршіктері болады.
Өкпенің құрылысы
- Альвеолалар-диаметрі 0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар. Альвеоланың ішкі бетіне эпителий жасушаларынан түзілген жұқа қабыршық қапталған. Осы қабыршаққа байланысты көпіршіктер қабысып қалмайды., тұрақты көлемі сақталады. Қабыршақ микроорганизмдерден де қорғайды, содан кейін өзі сіңіріледі немесе сыртқа қақырық түрінде шығарылады.
Өкпедегі
газ алмасу
- Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырашылығы-өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, кқмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өепедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобнмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.
Өкпенің
қан айналымы
- Газ алмасу қызметіне байланысты өкпе артериялық қанда ғана емес, веналық қандыда алады. Веналық қан артериясы тармақтары арқылы ағып келеді, олардың әрқайсысы тиісті өкпе қақпасына кіріп, бронхтардың тармақталуына сәйкес бөлінеді. Өкпе артериясының ең ұсақ тармақтары альвеолаларды шырмайтын капиллярлар торын құрайды.
Өкпенің сегменттік құрылысы
Оң өкпе
- Жоғарғы үлесте 3 сегмент ажыратады:
- Segmentum apicale (SI) жоғарғы үлесінің жоғарғы – медиалды бөлігін алып жатады. Өкпеқап күмбезін толтырады.
- Segmentum pasterius (SII) –негізі сыртқа және артқа қарай бағытталған.
- Segmentum anterius (SIII) - І және ІVқабырғалар арасында негізімен кеуде торының алдыңғы қабырғасына қарап жатады.
Сол өкпе
- Жоғарғы үлесінде 5 сегмент бар:
- Segmentum apicopasterius (SI+II)
- Segmentum anterius (SIII) – ең ірі сегмент болып табылады.
- Segmentum lingulare superius (SV)
- Segmentum lingulare inferius (SV)
- Segmentum apicale (superius) (SVI)
Өкпеқап және көкірекаралық
- Көкірек қысында мүлде оқшауланған үш сірлі қап болады – әрбір өкпе үшін біреуден және ортаңғысы жүрек үшін. Өкпенің сірлі қазбығы өкпеқап, плевра деп аталады. Ол 2 жапырақшадан тұрады. Висцеральды өкпеқап және париетальды қабырғалық өкпеқап. Өкпеқаптың ішкі беті мезотермия жабылғанда кішкене мөлшерде сірлі сұйықтығымен ылғалданғандықтан жылтыр болады. Соның салдарынан тыныс алу қозғалыстары кезінде екі висцеральды және париетальды өкпеқап жапырақшалары арасындағы үйкеліс азаяды.
Өкпеқап және өкпелердің шекаралары
- Оң және сол өкпеқап симметриялы емес. Оң өкпеқап сол жақтағыдан біршама қысқа әрі кең. Өкпеқаптың артқы шекарасы қабырғалық өкпеқаптың көкірекаралық өкпеқапқа ауысу сызығына сәйкес тұрақты болады. Ол омыртқа бағанасы бойымен созылып, ХІІ қабырғалардың кластарында айтылады. Ал, алдыңғы шекарасы екі жағында өкпе ұшынан төсбұғана буынына өтеді. Одан әрі оң жағында өкпеқаптың жиегі төсбұғана буынына төс тұтқасы мен денесінің қосылатын жеріне жақын ортаңғы сызыққа келіп одан тік төмен түседі.
Қорытынды:
Дәстүрлі
тыныс гимнастикасын сәтті игерудің
негізгі ережелері:
Ø Ләззат
ала отырып тыныс алған жөн, себебі
жағымды сезімдердің өзі денсаулықты
біршама жақсартады.
Ø Тыныс
жаттығуына ерекше көңіл бөлген жөн,
бұл оның жағымды жерін көбейтеді.
Ø Ағза
ауамен толығуы үшін баяу тыныс алу
қажет.
Ø Қажетінен
көп жаттығу жасамаған абзал.
Ø Мұрынмен
дем алып, ыңғайлы спорт киімінде
жаттыққан жөн.
Дәстүрлі
тыныс жаттығуларын орындау техникасы:
Ø тік
тұру, иықты түсіру, еркін тыныс
алу. Иықты баяу көтере отырып тыныс
алу, иықты баяу түсіре отырып тыныс
шығару.
Ø төмен
түскен қолдарды алдыға айқастырып, иықты
алдыға жылжыта отырып еркін тыныс
алу; лопатка түйістіріп, иықты баяу
артқа қарай жылыжыта отырып тыныс
шығару.
Ø омыртқаны
тек кеуде бөлімінде ғана иіп,
баяу алдыға еңкейе отырып тыныс алу;
баяу бой жазып, артқа қарай шалқая
отырып, тыныс шығару.
Ø тап
сол бастапқы қалып. Тыныс алу, тыныс
шығару кезінде бұрылу – бір қол
артта, екіншісі алдыда; бастапқы қалыпқа
келу, нақ сол қимылды басқа
бағытта жасау.
Ø аяқты
иықтың деңгейінде қою, қолды төменге
түсіру. Оң қолды баяу көтере отырып,
дене бойынша жылжу және иықты
көтеру - тыныс алу; қол мен
иықты түсіру – тыныс шығару.
Сол қимылды басқа бағытта
жасау.