Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 17:47, творческая работа
Работа содержит презентацию по дисциплине "Анатомия"
АҚ <<Астана медициналық Университеті>>
Тақырыбы: Бір жасқа дейінгі балалардағы
психомоторлы дамуының ерекшеліктері.
Орталық жүйке
жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары
(нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын
жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық
жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен
тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), аломыртқалы жануарларда жұлын мен
мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің
қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады.
Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын
жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы
атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және ве
Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне
жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде
орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38
г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады,
төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін
созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және
артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері
болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға
бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында
іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі
бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке
ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның
денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы)
бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның
ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады.
Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында,
сұр заты ішкі жағында орналасады.
Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды
миға жеткізу) және орталықтан тебетін
(қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге
жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа
тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға
беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш
жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан
мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей
мидың бақылауында болады.
Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі
қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты,
ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар
деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне
сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын
жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың
жалпы белгілері: бас ауырады, құсады,
есінен айырылады және т. б
Қорытынды; Жүйке жүйесі (нервная система) - адам мен жануарлар
организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін
реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін
морфологияның бөлімін гр. neurologia(грек, n
Информация о работе Бір жасқа дейінгі балалардағы психомоторлы дамуының ерекшеліктері