Алғашқы дәрігерлік көмектің әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 21:24, контрольная работа

Краткое описание

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:

Манипуляция арқылы ауыр жарақаттардан сақтап қалу .

Файлы: 1 файл

Алғашқы дәрігерлік көмектің әдістері01.ppt

— 998.50 Кб (Скачать)

АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕКТІҢ  ӘДІСТЕРІ

  • Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет.

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ  НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:

 

  • Манипуляция арқылы ауыр жарақаттардан сақтап қалу .
  • Зардап шегуін азайту.
  • Көбінесе зардап шеккендерге өмір сақтау.
  • Алғашқы көмек медицина қызметкерлері келгеннен бұрын оқиға орнында сауатты да епті көрсетілу тиіс, не болмаса жарақаттанған кісіні ауруханаға тасымалдау кезінде көрсетілуі керек.

 

СУҒА КЕТКЕНДЕРДІ ҚҰТҚАРУ

 

 

 

  •  Суға кету – адам суға (басқа сұйықтықта сирек) толық батып және су әсерінен ағза жүйелерінің өмірлік маңызды функцияларының (орталық жүйке жүйесінің, тыныс алудың, қан айналымының) бұзылуынан болатын зорлықпен келетін өлім түрі.   
     

 
 
СУҒА КЕТУДІ «ДЫМҚЫЛ» (ШЫНАЙЫ), «ҚҰРҒАҚ» ТҮРЛЕРІНЕ БӨЛЕДІ.  
ОЛАР ТЕК ПАЙДА БОЛУ МЕХАНИЗМІМЕН ҒАНА ЕМЕС, ӨТЕ МАҢЫЗДЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ДЕ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ. 

  • «Дымқыл» суға кету ең қауіптісі.  Адамның өкпесіне көп мөлшерде су кеткен кезде пайда болады. Мұндай жағдай көбінесе жақсы жүзетін адамдарда аяқ - қол тартылған кезде, су ағысы қатты болғанда, су иіріміне түсіп кеткен кезде болады. Судың бетіне шығып, батып бара жатқан адам суды жұта асығыс тыныс ала бастайды, ал су тыныс алу жолдарын толтырып, ауаның өкпеге баруына кедергі жасайды.  
     
    Мұндай жағдайларда адамның тері жабындысы көгереді, аузы мен мұрнынан кеуде қуысын басқан кезде көп мөлшерде көбікті сұйықтық бөлінеді (көбінесе қан аралас). 
  •  
    Есте сақтаңыз: егер зардап шеккен адамның беті көгеріп кетсе, ең алдымен, өкпесіндегі суды алу керек. ол үшін науқасты өзіңіздің бүгілген аяқтарыңызға оның басы мен денесі төмен тұратындай етіп, ал сіздің жамбасыңыз оның төменгі қабырғаларын басатындай етіп жатқызыңыз. Содан соң арқасын су толық шығып болғанша басыңыз. Дереу жасанды тыныс алу мен жүректі уқалауға кірісіңіз.  
     

СУҒА КЕТУДІҢ «ҚҰРҒАҚ»  ТҮРІНДЕ  СУДЫҢ БІРАЗ МӨЛШЕРІ КӨМЕЙГЕ ТҮСІП, ДЫБЫС САҢЫЛАУЫНЫҢ РЕФЛЕКТОРЛЫҚ  ҚЫСЫЛУЫН ТУДЫРАДЫ ДА, СҰЙЫҚТЫҚ ӨКПЕГЕ ӨТПЕЙДІ. СУҒА КЕТУДІҢ ҚҰРҒАҚ ТҮРІНДЕ АДАМ ЕСІНЕН ТАНАДЫ. МҰНДАЙ ЖАҒДАЙДА АДАМНЫҢ БЕЛСЕНДІ ҚАРСЫЛАСУ МҮМКІНДІГІ БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛ СУДЫҢ ТҮБІНЕ БАТЫП КЕТЕДІ. БҰЛ СУЫҚ СУҒА СЕКІРГЕН КЕЗДЕ, СУҒА КЕЗДЕЙСОҚ ҚҰЛАП ҮРЕЙЛЕНГЕН КЕЗДЕ, ТАМАҚТЫ ТОЯ ІШІП СУҒА ТҮСКЕН КЕЗДЕ БОЛУЫ МҮМКІН.  
ЕГЕР НАУҚАСТЫҢ БЕТІ БОЗАРЫП, ЕРНІНДЕ КӨБІК БОЛМАСА, ОНЫҢ СУҒА ТЫРБАҢДАМАЙ БАТҚАНЫН КӨРСЕҢІЗ, ОНДАЙ ЖАҒДАЙДА АУЫЗ ҚУЫСЫН СУДАН ЖӘНЕ ШЫРЫШТАН ТАЗАРТЫП, ТАМЫР СОҒЫСЫ БАР БОЛСА, АРҚАСЫНАН ҚАҒЫП НЕМЕСЕ МҮСӘТІР СПИРТІН, НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ӨТКІР ИІСТІ (ӘТІР, ИІССУ, БЕНЗИН) ИІСКЕТУ ЖЕТКІЛІКТІ. ЕГЕР ТАМЫР СОҒЫСЫ ЖОҚ БОЛСА, ДЕРЕУ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУҒА ЖӘНЕ ЖҮРЕКТІ УҚАЛАУҒА КІРІСУ КЕРЕК.  

БУЫН ШЫҒУЫ ЖӘНЕ СЫНЫҚТАР

 

  • Буын шығулар деп буындың зақымданумен қатар мүшелеу сүйектерінің буын бөліктерінің ауысуы аталады.
  • Буын шығуының белгілері: 
    • буын формасының өзгеруі; 
    • аяқ-қолдың қалыпты емес орналасуы; 
    • қақсау; 
    • оның физиологиялық жағдайын беру кезінде аяқ-қолдарды серіппелі фиксациялау; 
    • буын қызметінің бұзылуы.
  •         Аяқ-қолдың маңызды емес қозғалысынан-ақ жанға батар ауыруы мүмкін. Сіз аяқ-қолды сол қалыпта ұстауыңыз қажет, оған ауруханаға жеткізу деңгейінде бір қалыпты қамтамасыз ету қажет. Ол үшін көліктік шиналарды, арнайы таңбаларды немесе қолда бар құралдарды қолданған жөн. Қолды иммобилизациялау үшін мойын арқылы жіңішке шеттері түйін қылып байланатын бас орамалды қолдануға болады.Аяқ буындары шыққан кезде, оның астына және қабырғасына тақтай салады, оған аяқты бинтпен орайды. 
    Қолдың саусақтары шыққан кезде кез-келген тегіс жазықтыққа қолдың барлығына иммобилизация жүргізу керек. Шина мен аяқ-қол арасындағы буындар аумағында мақтаның бір қабатын салады. Төменгі жақ шыққан кезде оның астына сақпан тәрізді таңбаны кигізеді (кезекшілердің қолына тағатын таңба екенін еске саламыз), оның шеттерін крест тәрізді етіп желкеге байлайды. 

СЫНЫҚ ДЕП ОНЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫМЕН СҮЙЕККЕ ЗАҚЫМ КЕЛУДІ АЙТАДЫ.  
СЫНЫҚТАР ЖАБЫҚ (ТЕРІДЕ ЗАҚЫМ БОЛМАУЫ) ЖӘНЕ АШЫҚ (ТЕРІДЕ ЗАҚЫМ БОЛУЫ) БОЛУЫ МҮМКІН.  

ҮСУ. ҮСУ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

 

  • Ұлпаны үсітіп алған кезде суық әсер етеді – буындардың ұзақ мерзімді спазмасы кейінгі тромбозбен ұлпадағы трофикалық бұзушылықтарға әкеледі. Үсу қоршаған ортаның температурасы  0 °С-тан төмен болған кезде болуы мүмкін. Саусақтарды үсітіп алу ең жиі кездеседі, одан азырақ – құлақ, мұрын, бет, табан. Тез болғанда, ауа ылғалдығы көбірек болса, соншалықты температура төмен болады. Мас болған кезде үсік жиі кездеседі. Сондай-ақ ол ағзаның жалпы суық тиюіне әкеліп соғады. Алкоголь әсерінен және жылуды тез беруден тамырлардың кеңеюімен түсіндіріледі. Ауыр үсік және ағзаның салқындауы кезінде ағзада ентікпе, тахикардия, АҚ түсуі мүмкін.  

Үсіктің бастапқы кезеңінде  үстіңгі қабаттағы үсіген жер  ақшыл, салқын, сезімталсыз болып  келеді. Науқас үсіген жерін сезе  алмай қалады. Жылытқан кезде  қатты ауыра бастайды және  көзге көрінерлік ұлпадағы зақымдар  үсу деңгейіне байланысты көріне  бастайды:

 І деңгей – тері көгеріп кетеді;

ІІ деңгей – мөлдір сұйықтықпен толытырылған тері көпіршіктері;

ІІІ деңгей – көгерген тері, ісік пайда болады, көпіршік қанды сұйықт ықпен толады, терінің өлуі пайда болады;

ІҮ деңгей – терінің өлуі және сүйекке дейінгі тереңдіктегі барлық ұлпа зақымданады, бір аптадан кейін – ылғалды немесе құрғақ қағыну.   

ҮСУ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: 

 

  • Алдымен, үсіген аймақты қыздыру керек. Нақты тәсілдер сол кездегі жағдайға байланысты. Зиян шеккенді жылы жерге алып келеді. Егер Сізде мүмкіндік болса, науқасты температурасы 15 минут ішінде 36-дан 40 °С-қа дейін көтерілетін суы бар ваннада жылту қажет.

Информация о работе Алғашқы дәрігерлік көмектің әдістері