Тілге құрмет-елге құрмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:27, реферат

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі туралы, оның қоғамдық өмірдегі алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету, түсініктерін нығайту .
2. Қазақстан Тәуелсіздігіне 20-жыл мерей тойы туралы толық
мәлімет бере отырып, елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
3. Қазақстан Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қастерлеуге
тәрбиелеу.

Файлы: 1 файл

Тілге құрмет.docx

— 19.62 Кб (Скачать)

Тілге құрмет-елге құрмет

Мақсаты:

1.      Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі туралы,  оның қоғамдық өмірдегі алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету, түсініктерін нығайту .

2.    Қазақстан Тәуелсіздігіне 20-жыл мерей тойы туралы толық

мәлімет бере отырып, елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

3.    Қазақстан Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қастерлеуге

тәрбиелеу.

Әр  халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.   

 Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.    

 Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді, - деп айтылған болатын.     

 Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.     

 Қазақстан Республикасының  ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар  биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті.    

 Сонымен қатар тілімізді құқықтық тұрғыдан бекіткен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң және Президент Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Осы заң актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін бұлжытпай орындалуға тиісті құжат болып табылады.      

 Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл - әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.       

 Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.         

 Осыған орай, қазіргі таңда, Қарасай аудандық Әділет басқармасы тарапынан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде.     

Әділет басқармасы ғимаратының  сыртына «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.» атты Елбасымыз Н. Назарбаевтың сөзі ілінген.      

 Ғимарат ішіне Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы ілінген.     

 Шығыс құжаттары мемлекеттік тілде әзірленуде.     

 Бұл дүниеде күн шыққанда  күліп оянған адамның бақытынан асқан ештеңе жоқ. Қазақстан және оның басшылығының жүргізіп отырған саясаты адамдарды жақсылыққа кенелтіп, келешекте бұдан да ғажап өмір сүретінімізге нық сендіреді.     

 Ендеше, Президентіміздің салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің болшағы да өркендей береді деп сенеміз.     

 Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды. 

Оқушыларымыздың еліне, ұлтына, халқымыздың тілі мен әдет-ғұрпына ерекше құрметпен қарауы, сүйіспеншілігі отбасы мен мектептен басталады. Осыны жақсы түсіне білетін балалардың патриоттық сезімі жоғары болары сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев әрдайым жастардың сапалы білім мен тәрбие алуының өте маңызды екенін айтады. Иә, ел ертеңі білімділікке, ана тілге деген құрметке де тікелей байланысты. Тіл мәдениетін сақтап, қадір-қасиетін бойға дарыту әрбір елім, жұртым деген жанның қасиетті борышы. Қазақтың батыр ұлдарының бірегейі болған Б.Момышұлы «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын келешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгүнгі де тағдыры» деген. Ана тілі – халық тынысы, бүгінгі жас ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болса, асар асуы да, жетер жетістігі де аз болмас.  
Сондықтан да Президент Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезінен тіл мәселесін алға қойып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына ерекше назар аударды. Біздің мектепте де тіл тағдыры – ел тағдыры деп түсінер ұрпаққа тәлім-тәрбие беру оқу жылы басталысымен-ақ қолға алынып, «Асыл мұра» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жоспарлы жұмыстары бойынша ана тілінің мәртебесін көтеруде ұлы суреткер М.Әуезовтың 110 жылдығын атап өту тіл мерекесімен жалғасты.  
Мектептің ардагер ұстаздары Х.Кабдолдина, Ж.Кабулова, А.Ертаева, С.Айтбаева, биылғы келген жас ұстаздар А.Амангелдиева, Р.Тілемісова, Ә.Ахметова, Н.Әнуарбекова, А.Әлімқұлова сынды еңбек жолын енді бастаған мамандарға тіл тағлымы бастау алар тақырыптар бойынша жұмыс жүргізуге басшылық етсе, бірлестік жетекшісі Г.Байғазиева бұл жұмыстың әр ұрпаққа тәлім берер ұлағатына ерекше назар аударды. Сондықтан да бар сынып апталыққа ынталана қатысып, жазушының прозалық шығармаларынан көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.  
Әсіресе, ана тілін ардақ тұтқан Абайымен әлемге танылған ұлы жазушының драмалық шығармаларынан көріністе 9 «А», 9 «Б», 7 «А», 7 «Б» сынып оқушыларының өнерге бейімділігі мен сөз өнерін құрмет тұтқан шеберліктері, қазақ тілін бағалай білер келешек ұрпақтың өсіп келе жатқаны оқушыларға да, ұстаздар қауымына да жақсы әсер қалдырды. Онкүндік тіл мерекесімен ұштасып, ата-баба аманаты – тіл байлығы мақал-мәтел жарысымен, ақын өлеңдерінен оқылған шумақтармен жалғасты. Мектеп би ансамблінің «Қазақ биі», орыс сыныптарына сабақ беретін Г.Қондыбаеваның мәнерлеп оқуы, орыс тілді шәкірттерінің ұмтылысы, ана тілі туралы өлеңдері мерекенің мазмұнын аша түсті.


Информация о работе Тілге құрмет-елге құрмет