Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:03, контрольная работа
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
Қылмыстық заң
Қылмыстық заң — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.Мазмұны
Қылмыстық заңның міндеттері
Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандақтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық-тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заңның белгілері.
Қылмыстық заңды Конституцияда қатаң регламенттелген процедура бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары қабылдайды.
Қылмыстық заңда Конституциядан және Конституциялық заңдардан кейінгі жоғарғы заңдық күш болады.
Жоғары заңдық күш көрініс табады:
бір де бір орган(Конституцияда көрсетілгеннен басқа) заңды бұзуға және өзгертуге құқылы емес;
барлық басқа нормативтік актілер заңға қайшы келмеуі тиіс;
басқа нормативтік актілер заңға қайшы келген жағдайда заңға басымдылық беріледі;
Қылмыстық заңның келесі белгісі- оның ''нормативтіліг''і.Қылмыстық заңда құқық нормалары,яғни адамдардың ұқсас жағдайлардың анықталмаған санына есептелген, жалпыға міндетті мінез құлық ережелері мен субъектілерінің анықталмаған шеңбері бар.
Құқық нормалары құқықтық шығармашылық процессінде жасалады, ол мемлекеттік қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Заңшығармашылық бастама құқығы Конституция бойынша ҚР Парламентінің депутаттарына және ҚР Үкіметіне берілген.
Қылмыстық заңның құрылымы
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет. Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
'''Гипотеза''' қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
2. '''Диспозиция''' — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау", 261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кендіру ", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-бабындағы "Зорлау ", 237-бабындағы "Бандитизм".
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті корғау ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы".
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".
3. '''Санкция''' — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі "Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл, қамауға — 1 ай, айыппұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.
I бөлiм Қылмыстық заң
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi:
адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi
Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi
1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.
3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.
2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды.
3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдiктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн.