Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 15:57, реферат
Мұстафа Кәмәл Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді, анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кәмәлдің нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми.
Мұстафа Кәмәл Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді, анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кәмәлдің нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жыл қазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кәмәлдің өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады.
Селанік пен
Манастырдағы әскери мектептерде оқыған.
1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери
академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кәмәл
Латифе Ұшақлігілге үйленген. Ол 3 жыл
отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік
жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында
кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды
және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе
құмар болған; вальс пен халықтық «Зейбек»
би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кәмәл
көптеген кітап жазып, жеке күнделік те
жүргізген.
Мұстафа Кәмәл әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Vatan ve Hürriyet («Отан және азаттық») деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдарап, билік басына келді. Мұстафа Кәмәл жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды. БПК-ның ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде ол да 1908 жылғы революцияға қатысты. Бірақ кейінгі жылдары БПК-ның жетекшілері жүргізген саясатқа қарсы бола бастап, кейде тіпті сынға алып та жүрді. Оның үстіне Мұстафа Кәмәлдің Енвер пашамен қатынастары да нашарлап кетті. Ақырында Енвер паша 1913 жылы ең жоғарғы әскери лауазымға ие болған соң Мұстафа Кәмәл биліктен шеттетілді.
1910 жылы Ататүрік Франциядағы Пикардия әскери маневрлеріне қатысты. 1911 жылы Ыстамбұлдағы Соғыс министрлігінде (Harbiye Nezareti) қызмет етті. Сол 1911 жылы ол Траблусгарб уәләятына (қазіргі Либия мемлекетінің жерінде) италиян әскерлеріне қарсылық ұйымдастыруға жіберілді. Тобрук қаласын табысты қорғағаннан соң ол 1912 жылғы наурыздың 6-сында Дернедегі әскердің қолбасшысы болып тағайындалды.
Мұстафа Кәмәл Ыстамбұлға 1912 жылғы қазан айында, Балқан соғыстары басталып кеткеннен кейін оралды. Бірінші Балқан соғысында ол Фракияның жағалауындағы Галлиполи мен Болайырда Бұлғарстан әскерімен соғысты. Екінші Балқан соғысының кезінде Едірне мен Дидимотейхоны қайтаруда маңызды роль атқарды. 1913 жылы ол Софияға жіберіліп, сонда әскери атташе болып тағайындалды. Бұның себебі — Енвер паша Мұстафа Кәмәлді өзінің бақталасы ретінде қарастырып, оның Ыстамбұлдағы саяси ықпалының күшейіп кетуінен қауіптенген болатын. 1914 жылғы наурызда Софияда жүрген кезінде ол подполковник әскери атағын алды.
Мұстафа Кәмәл
жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы
әскері үздіксіз алға басып келе жатқан
генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы
орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның
басшылығындағы армян еріктілері қосынымен
және армян қарулы азаматтарынан құралған
әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын.
Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның
басшылығымен Арменияның уақытша үкіметі
құрылды[4]. Армян үкіметінің билігі Ван
көлінің жағасында алғашқы пайда болған
кезінен біраз кеңіген болатын.[5] Бітліс
шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен
еді. Кәмәл келген кезде бей-берекет жағдайдың
қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы
кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал
болатын.[6] Байланыс және әскерді қамтамасыз
ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына
ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар,
олардың көпшілігі армян қосындарымен
жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан
орыс әскерлерінен бас сауғалап босып
келе жатқан еді.[7] Мұстафа Кәмәлдің алдында
тұрған басты мақсат — өз басшылығындағы
әскердің дұрыс қызмет атқаруы үшін осы
бей-берекет босып келе жатқан жұрттың
арасында тәртіп орнат, олардың көріп
жүрген азаптарын азайту болды. Орыс әскерлерінің
жойқын шабуылы Анатолияның Ерзурум, Бітліс
және Мұш қалаларына келіп жетті. Тамыздың
7-сінде Мұстафа Кәмәл топтарын орналастырып,
қарсы шабуыл бастап жіберді.[8] Ол өзінің
бұрынырақ жеңіліске ұшырап, қатты жүнжіген
әскерінің рухын көтере білді. Соның арқасында
небәрі бес күннің ішінде оның дивизияларының
екеуі зор стратегиялық маңызға ие Бітліс
және Мұш қалаларын қолға түсіріп, Ресей
қолбасшылығының жоспарларын шатастырып
жіберді.[9] Емиль Ленгиель бұл туралы былай
деп жазды: «Ол қайтадан егер дұрыс басшылық
жасалса түріктің ержүрек жауынгер бола
алатынын көрсетіп, түріктердің өздері
«Кемел» есімді қолбасшыларының ерекше
дарынды қолбасшылығына таңырқай назар
аударды».
Алайда майданның
басқа бөліктерінде қолбасшылық еткен
Іззет паша осы табысты қарсы шұабуылға
дұрыс үлес қоса алмады. Қыркүйек айында
Мұстафа Кәмәл орыс әскерінің және армян
еріктілер қосындарының шабуылынан Мұш
қаласын тастап кері шегінуге мәжбүр болды.
Бірнеше рет жеңіліс көрсе де Мұстафа
Кәмәл бір рет табысқа жетті.[9] Оның басты
стратегиялық мақсаты — қарсыластың әскерін
таулы аймақтан шығармай ұстау болды.
Оның қол жеткізген табыстары оның сол
жылы «Имтияз орденінің алтын семсері»
медалімен марапатталуы арқылы бағасын
алды.
1917 жылғы наурыздың 7-сінде Мұстафа Кәмәл 16-шы корпустың қолбасшылығынан шеттетіліп, бүкіл 2-ші армияның қолбасшысы болып тағайындалды. Сол екі арада 1917 жылғы Қазан төңкерісі басталып, Ресей әскері бытырап кетті.[8] Мұстафа Кәмәл сол кезде басқа жаққа тағайындалып, ол аймақты тастап кеткен болатын.