Жүйке жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 14:19, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері, жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты туралы,негізгі жүйке процестері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
•жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білімді қалыптастыру;
•атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін түсіндіру;
•жүйке жүйесінің жұмысының рефлекстік принципін және жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру.

Оглавление

КІРІСПЕ...........................................................................................................
I ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...........................
1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні........................................................
1.2 Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты....................................................
1.3 Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері...............
II ТАРАУ.ЖУЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ...............................................
2.1Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.......................................
2.2 Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі...............................................................
2.3 Жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері......
Қорытынды......................................................................................................
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................

Файлы: 1 файл

жүйке жүйесінің құрылысы.doc

— 675.00 Кб (Скачать)

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    ЖОСПАР

КІРІСПЕ...........................................................................................................

I ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...........................

1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні........................................................

1.2 Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты....................................................

1.3 Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері...............

II ТАРАУ.ЖУЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ...............................................

2.1Жүйке жүйесінің  орталық және шеткі бөлімдері.......................................

2.2 Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі...............................................................

2.3 Жүйке жүйесінің  симпатикалық және парасимпатикалық  бөлімдері......

Қорытынды......................................................................................................

Әдебиеттер  тізімі..............................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Кіріспе

Жүйке жүйесі организмнің  сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркенгіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің,ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.

Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі  түрлі тармағы болады. Олардың  бірі ұзын тармақты нефрий (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақша дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегативтік (ішкі) жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.

Жануарлар мен  адамдардың психикалық әрекетінің материалдық  негізгі болып табылатын мидың  және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық  дәлелденген.

Адамның жүйке  жүйесінің маңызын оның қызметіне  қарай былай анықтауға болады:

-  мүшелерді  бір-бірімен байланыстырып, организмнің  бір тұтастығын іске асырады;

-  денедегі  барлық мүшелердің және мүшелер  жұйелерінің қызметтерін реттейді;

-  организмді  сыртқы ортамен байланыстырады;

-  сыртқы  ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;

- денедегі барлық  клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз  етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері, жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты туралы,негізгі жүйке процестері туралы түсінік беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білімді қалыптастыру;
  • атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін түсіндіру;
  • жүйке жүйесінің жұмысының рефлекстік принципін және жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні

Орталық жүйке  жүйесінің бөліктерінің орналасуы  көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бір  орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек келеді.  Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.

Орталық жүйке  жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы  және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.

Сопақша ми –  жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда  жүрек қызметінің, қан айналысы мен  ас қорытудың жүйке орталықтары  бар. Біздің де алу, түшкіру, жұтыну түрлі  реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.

Сопақша мидың  сырт жағында формасы ағаштың  жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы  қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркенгіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.

Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.

Мидағы осы  орталық, оның төменгі бөліктеріне  басшылық ету процестерінің жұмысын  реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады.  Ретикульярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.

Оларды тудырған – қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестің әсері. Осы  ғылымның кейбір салалары еңбек, яғни нақты іс-әрекет үстінде адам анасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан жантану ғылыми—педагогикалық, медициналық, әскери. Инженерлік тағы басқа болып, бірнеше салаларға бөлінеді. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалдарының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту, педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Медициналық психология дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді. Бұл соңғы кездерде өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы шығармашылық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті моделдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлік психологияның негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу тағы басқа жатады. Мұндағы инженерлік-психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.

Психологиялық ғылымның келесі бір топқа енуіне даму принципі басты негіз болады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жасөспірім, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты

 

 

Жүйке жүйесінің қызметі  рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз  ғалымы Ренэ Декарт (1596-1650). Рефлекстің болтологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749-1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді.

Рефлекс терминін ғылымға  ендірген де осы кісі. Рефлекс –  латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс  сырттан немесе іштен келетін  тітіркенгіштерге организмнің қайтаратын жауап рекациясы. Жануарлар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Мәселен, электр тоғымен тітіркендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы, жарық түскенде көздің сығырая қалуы, жаңа туған баланың анасының емшегін еме бастауы тағы басқа осы айтылған рефлекстің сан алуан фактілері.

Шартсыз рефлекстердің жүйке  жүйесі арқылы жасау жолын рефлекс доғасы деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор, өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін жүйкелер. Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысында байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де, организмдегі түрлі тітіркенгіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға принципін шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей, ол сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр.

 

              Шартсыз рефлекстің  пайда болуының схемасы


 


 

 


 

 



 

 


 

 

 

 

 

Кибернетика ғылымы жарыққа  шықпастан бұрын орыс физиологы  П.К. Анохин ұсынған осы теория рефлекс  туралы ілімнің шығармашылықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп, физиолог Н.А. Бернштейн айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын мойындау бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр.

Рефлекс туралы теорияның  негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы  И.М. Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы жазған «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтың отандық ғылым алдындағы баға жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік теориясының негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М. Сеченов мынандай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендіреді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И.М. Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын көрсеткен. И.М. Сеченовтың ми қабығында қозумен қатар тежелу процесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерін негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді.

И.М. Сеченовтың ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде дамытыла түсті. И.П. Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердң жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті.

 

1.3Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері.

 

И.М. Сеченов пен И.П. Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі  екі нервтік процестен – қозу мен тежеуден тұратындығы анықтап берді. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың төменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады. Рефлекс-сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне мижәне жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер:жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік),парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).

Информация о работе Жүйке жүйесі