Войти    Поиск   Связаться с нами

Жалпы психологияға кірісп

Дата: 16 Декабря 2012 в 10:29
Автор: j*************@yandex.ru
Тип: реферат
Скачать в ZIP (283.46 Кб)
Файлы: 1 файл
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc (1.18 Мб)   —   ОткрытьСкачать

 

 

   IV  ТАРАУ.  ТҰЛҒАНЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН  ЗЕРТТЕУ

 

     Тұлға теориялары. Тұлға психологиясы дамуының  негізгі кезеңдері.  Антикалық философтардың еңбектеріндегі  тұлға мәселесі. ХIХ ғ-да (клиникалық кезең) тұлға  мәселелерін зерттеу. Р.С.Немов бойынша тұлға теорияларын зерттеу.  Тәжірибелік тұлға теориялары. Фрейдизм және неофрейдизмнің  тұлға  теориялары (З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Хорни, Г.С.Салливан). Гуманистік психологиядағы  тұлға мәселесі (К.Роджерс, Г.Олпорт, А. Маслоу).

     Тұлғаны   эксперименттiк зерттеудің  әдістемесі.  Тұлға туралы  тәжірибелік ақпаратты жинау жолдары.  Тұлға қырларын факторлық тұрғыдан бағалау.Типологиялық көзқарас.Тұлға теориясының психодинамкалық бағыты. Тұлға дамуындағы психоаналитикалық бағыт.Тұлға теориясындағы когнитивті,диспозиционалдық бағыт, мінез-құлық теориясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тұлға теориялары.

 

     Тұлға психологиясы  саласындағы зерттеулер бұрыннан  жүргізіліп келеді, олардың өзіндік  тарихы бар. Тұлға психологиясы  дамуының 3 кезеңі келесідей: философиялық-әдеби,  клиникалық  және тәжірибелік.

     Зерттеулердің  бірінші кезеңі  көне ойшылдардың   жұмысынан  басталып,  ХIХ ғ-ң басына дейін жалғасқан.  Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне  адамның  өнегелік және  әлеуметтік  табиғаты  жөніндегі сұрақтар жатады.  Тұлға туралы   алғашқы анықтамалар   айтарлықтай ауқымды. Ол анықтамаларға адамның бойындағы бар нәрсе,  оның жеке басыныкі  деп саналатынның бәрі  жатқызылған: биологиясы, психологиясы, мүлігі, мінез-құлқы,  мәдениеті және т.б.  Тұлға туралы осындай түсінік кейінгі уақытқа дейін  сақталыпты.  Нақты мазмұнға толы,  тұлғадан  бөлек    көптеген басқа  да  түсініктер мен  ғылыми категориялары бар психология  үшін  мұндай анықтама  өте кең  болып табылады.

     ХIХ ғ-ң  бірінші он жылдығында  тұлға писхологиясының  мәселелерімен философтармен қатар   дәрігер-психиатрлар да  айналыса бастады.  Олар  ең бірінші рет  клиника  жағдайында науқасқа  тұлға  ретінде    жүйелі  түрде  байқаулар  жүргізіп, оның  жүріс-тұрысын,  өзін өзі  ұстауын  жақсырақ түсіну үшін  өмір тарихын зерттей бастаған. Психикалық ауруларды   диагностикалау және емдеумен байланысты  кәсіби  қорытындылар ғана  жасалып қоймай,  адамзат  тұлғасының табиғаты жөнінде  жалпы  ғылыми қорытындылар да  келтірілген.  Философиялық-әдеби кезеңмен салыстарғанда  клиникалық кезеңде  тұлға - ерекше құбылыс деген түсінік  мағынасы таратылған. Психиатрлардың   аса  мән бергені - әдетте  науқас  адамнан табылатын   тұлғаның  ерекшеліктері.  Дәрігерлер   тапқан ерекшеліктер  барлық  дені сау адамдарға  тән  болғанымен, науқастарда  олардың  көріністері гипертрофияланатыны  (асыра  білінетіні) анықталды.  Мысалы,  күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен қозғыштық.

      Қалыпты,  патологиялық және   акцентуацияланған  (норманың шекті  варианты) тұлғаны  сипаттауға  мүмкіндік беретін   терминдерді   дәрігерлер  тұлғаға  анықтама  беру  үшін   қолданған. Алайда    мұндай көзқарас  психология үшін   жеткіліксіз деп танылды.  Өйткені,   қалыпты  тұлғаны тұтас  сипаттау  үшін  ол  анықтамалардың  мазмұны тар, ондай  анықтамаларға  шектен тыс  көрініс  бергенімен   кез  келген жағдайда “қалыпты” деп саналатын  тұлға  қасиеттері  (мысалы, түрлі қабілеттердің  болуы, адамгершілік қасиеттер) енгізілмеген. 

      ХХ ғ-ң  басына  дейін  тұлға  философиялық-әдеби  және  клиникалық тұрғыдан ғана  зерттелсе, кейін  бұл  іске таным процестері мен   адамның  күйін  зерттеумен  айналысқан  психологтар  кірісті.  Ғасыр  басында  психологияда    тәжірибелік зерттеулер  қарқынды  дамып,  гипотезаларды  нақты   тексеру  және  айқындалған   фактілерді  алу мақсатымен   психологтар зерттеулерге  мәліметтерді математикалық-статистикалық  өңдеу әдістерін енгізуге тырысқан.    Осыған байланысты  психологтар  ұзақ  жылдар  бойы  қалыпты  тұлғаны  сенімді және  валидті  тесттер арқылы  зертеу тәсілдерін жетілдіруді өз  алдарына   мақсат  етіп қойған.

      Келесі  кезектегі  әңгіме  неғұрлым  әйгілі  тұлға  концепциялары   мен    теориялары,  олардың   жіктелуі  жөнінде болады.

      Ғылыми    жұмыстар  мен   оқу  құралдарында  тұлға   концепциялары  мен   теорияларының әрқалай жіктелуі келтіріледі. Р.С.Немовтың  ессебі  бойынша 48  тұлға теориясы  бар, олардың әрқайсысы 5    параметр бойынша бағалануы мүмкін.

     Мінез-құлықты  түсіндіру жолдары бойынша   барлық  тұлға теорияларын  психодинамикалық,  социодинамикалық және    интеракционистік деп бөлуге болады.  

     Психодинамикалық теориялар   психологиялық, немесе  ішкі,  сипаттамаларына орай тұлғаны  сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын  түсіндіреді.   Ал    социодинамикалық теориялар бойынша   тәрбие  детерминациясындағы  басты роль  сыртқы  жағдайларға  беріледі.  Интеракционистік теориялар   сыртқы және   ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне  негізделген.    Ондай өзара  әрекеттер  адамның өзекті әрекеттерін  басқарады.

     Теорияларды  типтерге  бөлудің  келесі негізі -  тұлға  туралы  мәліметтер алу  жолы.  Осы тұрғыдан барлық теорияларды эксперименталды және эксперименталды емес деп бөлуге  болады. Эксперименталды теорияларға  тәжірибе  барысында жинақталған мәліметтерді  сараптау және  жалпылау арқылы  құрастырылған теориялар   жатқызылады. Эксперименталды емес теориялардың  авторлары эксперимент   жасамай-ақ  өмірден алған байқауларға    сүйеніп,  теориялық талдап қорытады.

    Тұлғаға құрылымдық  және  динамикалық құрылым деген көзқарастағы  авторлар  тұлға  теорияларын басқаша  жіктейді.  Құрылымдық  теория  үшін  басты  мәселе- тұлға  құрылымын және  оны  сипаттауға  көмектесетін   ұғымдар  жүйесін анықтау.  Негізгі  тақырыбы - тұлға  дамуындағы қайта құрылу,  өзгерістер, яғни оның  динамикасы  болып табылатын теориялар   динамикалық деп аталады. Сонымен қатар,  бірқатар теориялар жас кезеңдік  және  педагогикалық психология шеңберінде    пайда болған.  Олар   тұлға дамуындағы шектелген жас кезеңін қарастырады, мысалы,  туылғаннан орта мектепті бітіргенге дейінгі, яғни нәресте болудан ерте  бозбалалық  шаққа дейінгі.  Кейбір басқа теориялардың  авторлары  тұлға  дамуын   бүкіл  өмір  бойында    бақылайды.

     Тұлға   теорияларын   жіктеу  кезінде   көңіл  бөлінетін  нәрселер: ішкі  қасиеттер,  тұлғаның  қырлары  мен   қасиеттері немесе  олардың сыртқы көріністері,    мысалы, мінез-құлқымен   жасаған  іс-әрекеттері.  Осылай  қасиеттер теориясын  бөліп қарастыруға  болады.  Бұл  топ  теорияларының  қағидаларына орай  барлық  адамдар бір-бірінен жеке, тәуелсіз  қырларының жиынтығы мен   даму  дәрежесі  бойынша  ажыратылады, бірнеше  адам  бір адамның  мінез-құлықтарын, қырларын  байқап, оларды  жалпылау арқылы  тұлғаға   біртұтас  сипаттама бере алады. Тұлға  қырларын  бағалаудың  екінші  жолы  барлық адамдарды   типологиялық топтарға  біріктіруді  жорамалдайды. Мұндай  бір  топқа  кіретін адамдардың  психологиялық сипаттамалары  бір-біріне  жақын, мінез-құлықтары ұқсас. Сонда әрбір типологиялық топтың  психологиялық сипаттамалары өзгеше, басқаға  ұқсамайды  деген сөз. 

    Тұлға  теорияларының   жіктелуін қарастырған  тек   Р.С.Немов  қана емес. Б.В.Зейгарник   теорияларды  пайда болу және  даму  жағдайларына  тәуелді мазмұнды-мағыналық  және  тарихи  аспектілерде  қарастырған.   Ол  келесі  теория  топтарын  бөліп көрсетеді: фрейдизм мен  неофрейдизмнің тұлға  теориялары,  гуманистік  тұлға  теориялары, экзистенциальді психологияның  тұлға  теориясы,  француз  әлеуметтік  мектебінің   тұлға  теориялары және т.б.  Осылардың кейбіреулерін   жалпы түрде  қарастырайық.

      Қазіргі  кезде тұлға зерттеуде жеті  негізгі тұлға теориялары дамыды. Әрбір бағыт өзінің теориясымен  және де өзінің әдісімен, құрылымымен  ерекшелінеді.

Тұлғаның  психологиялық сипаттамасы. Қазіргі  кезде психологияның ерекшелігі психиканы зерттеуші бағыттың көптігімен, тұлға теориясының кеңдігімен  мәселенің күрделілігі психологияның алдында тұрған теориялық міндеттерге  және ғылымның дамуының ішкі қажеттіліктеріне байланысты.

     Тұлға –  психологиялық сипаттамасы,бірқалыпты жоғарғы даму жүйесі, индивидуалды қажеттіліктермен қамтамасыз ететін, уақытша және белгілі бір жағдайларда адамның тұрақты жүріс-тұрысы.

    Тұлға теориясы  – бұл болжамдардың жиынтығы  немесе тұлға дамуының  табиғаты  мен механизмінің болжамы.

     Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай, ол адамның жүріс- тұрысын сипаттайды (А.Хьелл, Д. Зиглер).

 Тұлға теориясының  психодинамикалық бағыты

 Психоанализдің негізін  салушы австрия психиатры З.Фрейд.Қазіргі  күнге   дейін  тұлға  психологиясына  әсер ететін, кең тараған  теориялардың  бірі – фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде  пайда  болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд.  Кейін   фрейдизмнің  іргесінде  шартты  түрде  неофрейдизм теорияларының  тобына  біріктілген бір қатар  теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы    Сальпетриердегі (Париж) атақты француз  неврологы Ж.Шарконың   клиникасында және  Нансидегі Бернгеймнің клиникасында  жұмыс  жасай  жүріп  невроздар  терапиясымен танысқан  болатын. Өткен ғасырдың  90-жылдың басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис  тәсілін  пайдаланды. Кейін  гипноздық  сендіру  практикасын  тастап түстерді  жору  интерпретациясын, еркін  туыдайтын  ассоциацияларды, ескертулерді, естен  шығаруды  зерттеуге    көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд  психоанализ тәсілі  деп атап,  оны психотерапияның жаңа  техникасына баламалаған.

      Психоанализ  тәсілін пайдаланғанда  науқаспен   ұзақ  уақыт  әңгемелесе  отырып, оның  ақыл-есіне ауырудың  шынайы  себебі  туралы жеткізіледі,   науқас  бұрын  ескермеген  нәрселерді  түсіне  бастайды. Фрейдтің  айтуынша катарсис  болады. Кейін мұндай  концепция дені   сау  адамның психикасына да  таралған.

     Мінез-құлық  мәселесін  қарастыра отырып  Фрейд  адамның психикалық  іс-әрекетін анықтайтын  2  қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы  қажеттіліктерді қанағаттандыруға   қарсылығын  білдіріп, бөлектегеніне  қарамастан  ол екеуі сананың “цензурасынан” өтіп, символдар  түрінде  көрініс  береді.  Осы қажеттіліктердің  өзара  әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін  аша келе  Фрейд  тұлға  құрылымында 3 негізгі компонентті  ажыратады: ид (“Ол”), эго (“Мен”) және  супер-эго (“Жоғарғы-мен”).  Ид бейсаналық саласына ығыстырылған  инстинкттердің алаңы  болып табылады.   Эго, біржағынан, бейсаналы  инстинкттерге жалғасса, екінші жағынан,  шынайылықтың  нормалары  мен  талаптарына  бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты  бастауларының   жиынтығы,  ол  “цензор”  ролін  атқарады.  Сонымен,  ид пен  супер-эго  талаптары  үйлеспейтіндіктен эго  үнемі  конфликтіде,  ол қорғаныс механизміне  (ығыстыру,  сублимация) жүгінуіне  тура келеді. Ығыстыру санасыз  түрде жасалады. Бейсаналық саласына  “көшетін” мотивтер,  күйзелулер “цензор” үшін  жарамды символдар, әрекеттер түрінде  қалып, әсер ете береді. 

     Фрейдтің  ойынша  түрлі іс-әрекет  функциялары   мен  формаларын жүзеге  асыру   үшін  арнайы механизмдердің  (сублимация,  проекция,  көшіру,  ығыстыру, регрессия, т.б.) бөлек   жүйесі  бар.  Ал ағза  энергия   сақталу  заңымен  басқарылатын   күрделі энергетикалық жүйе  ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер  либидо  өзінің  бір  көріністерінде тоқтатылса, онда  қандай да бір  басқа  эффекттіні тудыруы тиіс. Супер-эго  осындай эффектілерді  әлеуметтік тұрғыдан  жарамды етеді.  Егер жарамды ете алмаса, онда  ид пен супер-эгоның  арасындағы  конфликт  өршіп,   жүйенің қалыпты қызметі бұзылады,  тежелген  либидо  түрлі ауырсыну синдромдары арқылы  өзін  байқатады.

 

 

 Тұлға дамуындағы  психоаналитикалық бағыт

Юнг психоаналитикалық  бағыттың көрнекті өкілі.Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп атаған бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия , теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі әрекетінің басынан бастап-ақ психикалықтың бейсаналы жемістері олардың субъект үшін мәні туралы сұрақтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциялар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес,ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізі- эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеек индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігіеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады. Архетиптер қандай- да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән  ңперсонаң ңанимусң.

ңПерсонаң (маска) – ол белгілі бір әлеуметтік рөл  және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады.

ңАнимусң (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі.Әйел адамда маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі ,ал әйел адамда ер адам ретіндегі образ бар. Бұл образ бейсаналы болған,бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға проекцияланады.

  1. Саналы бөлім.
  2. Индивидуалды саналы бөлім.
  3. Ұжымдық  бейсаналы бөлім.
Краткое описание
Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.
Оглавление
содержание отсутствует