Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу тарихи қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-этникалық дамудағы теріс бағыттарды жою ғана емес, сонымен бірге, қоғамның рухани жаңаруы да маңызды.

Оглавление

КІРІСПЕ

1. Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

2. Ұлттық дау – дамайдың себептері

3. Ұлттық дау – дамайдың себептері


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

дау дамайлар.doc

— 126.00 Кб (Скачать)

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасы ұлттық өмір құбылыстары мен мемлекеттік ұлттық саясаттың жаңаруы тәжірибесі  мен мәселесін жаңаша зерделеу мен зерттеуді  уақыт өткен сайын өзекті, маңызды ете түседі. Жаңарған қоғам  тұсында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні жаңа сапалы жай-күй мен мазмұнға ие болады. Оның негізінде әр түрлі ұлттар адамдарының  теңдігін тұғыр еткен халықтардың өзара қатынастары гуманистік тұжырымдамасы, қазақстандық патриотизм мен толеранттық, ұлттық және жалпықазақстандық  мақтаныш, ұлтаралық келісім рухындағы тәрбие жатады. Сондай-ақ,  халықтардың өзара байытылуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен алмасуға, олардың жан-жақты ынтымақтастығына,  өзара түсіністік пен  өзара сенімінің нығаюына, т.б. септесетін ұлтаралық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге деген қажетті мұқтаждық жатады.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті әрбір қазақстандықтың өнегелік деңгейінің, биік мәдениетінің, оның барлық ұлттардың, ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың мүдделеріне қатыстылығының көрсеткіші болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл тұлғаның қарым-қатынас процесіндегі моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларына айналған озық ұлттық, жалпыадамзаттық принциптер жүйесі, ол ұлттардың дамуы мен өзара байытылуы негізінде туындап, барлық халықтардың іс жүзіндегі, Қазақстанның да, сол сияқты, әлемнің де халықтары арасындағы ұлттық мүдделерді, ерекшеліктерді, тілдерді, дәстүрлерді құрметтеушілікті діттейтін жалпыұлттық келісім және толеранттықпен сипатталады. Халықтардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті  жалпыұлттық мінез-құлық этикасын, ұлттық мәдениет,  тұрмыс, психология ерекшеліктеріне қатысты әдептілікті,  тарихи тағдырлардың ортақтығын, т.б. саналы түрде ұғынушылықты бойында тұтуы тиіс.

Өркениетті мәдениетте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мемлекеттік саясат санатына көтерілген. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті саяси құбылыс және әлеуметтік қарым-қатынас түрі ретінде әр түрлі ұлттық қауымдастық  мүшелерінің бірлігін нығайтуға ғана емес, сонымен бірге сол қауымдастықтардың  өздерінің ішкі бірлігін бірнеше есе күшейтуге де септігін тигізеді.

Халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі  ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі мен тәжірибесін  қоғамның жаңаруы  жағдайындағы Қазақстан бойынша нақты материалдар бізге халықтар, мемлекеттер достығы мен ынтымақтастығын нығайту бойынша мынандай ауқымды шараларды дайындау мен іске асыруды мақсатты деп санаймыз:

Біріншіден, көпұлтты зиялы қауымның Қазақстан халықтары өмірін білуі, қазақстандықтар арасында биік ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және этносаясат принциптерін белсенді түрде өмірге бойлатушы болуы қажет. Көрсетілген мәселенің шешілуі адамдардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және тәрбиелеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін  одан әрі іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты, теледидарларда «Қазақстан халықтарының достығы» бағдарламасын ашу қажет.

Екіншіден,  ұлттық шектелгендік пен лаңкестікті, нәсілшілдік пен  шовинизмді, ұлтшылдық пен рушылдықты, космополитизм мен мәңгүрттікті жоюға бірінші дәрежелі маңыз дарыта  отырып, ұлттық, жалпықазақстандық, жалпыадамзаттық принциптер мен құндылықтардың  гуманизмі мен тазалығын  қорғай отырып, Қазақстанның да, сол сияқты, Еуразияның да ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын  жасау қажеттігі пісіп жетілді.

Үшіншіден, БАҚ арқылы көпұлтты  қазақстандық қоғамды бірлестірудегі  мемлекеттік тіл – қазақ тілінің  рөлін  насихаттап, «Орта Азия халықтары» журналын ашу қажет.

Төртіншіден, қазақстандық халықтардың тарихын саясаттану тұрғысынан танытып, олардың достығы мен өзара көмегін, сондай-ақ, әсіресе, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы басқа мемлекеттермен  ынтымақтастығын әділ түрде айрықша көрсету қажет. Сондай-ақ, мысалы,  республиканың барлық жоғары  оқу орындарында «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» факультативтік дәрісін жүргізу  мақсатқа сай болады.

Бесіншіден, Орта Азиядағы ұлтаралық және конфессияаралық  қатынастарды ғылыми-зерттеу  орталығын ашу қажет,  онда мынандай мәселелер қарастырылуы тиіс деп білеміз: ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің  саяси институттар мен  процестердегі орны мен рөлі; ұлтаралық, мемлекетаралық қайшылықтар және оларды шешу жолдары;  этникалық психологияның  жалпыадамзаттық сипаттарының  қалыптасуы; ұлттық және жалпықазақстандық  сана-сезімнің,  ұлттық және жалпыадамзаттық мүдделердің арақатынасы; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін  қалыптастыру мен дамытудың құқықтық негіздері; қазақстандықтардың жаңа

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Назарбаев Н.А. Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзі //Егемен Қазақстан. 2010 жыл, 21 қазан.

2 Абсаттаров Р.Б. Формирование казахстанского народа как гражданской и этнополитической общности //Вестник РУДН. Серия «Социология». – М., 2008. - №4. – С.90-95.

3 Бурмистрова Т.Ю., Дмитриев О.А. Дружба сплоченные: Культура межнационального общения в СССР. – М.: Мысль,1986. – 254 с.

4 Скуратовский В.А. Культура межнационального общения: проблемы регулирования и саморегулирования. – Киев: Вища шк., 1991. – 255 с.

5 Коган Л.Н. Культура межнационального общения // Интернациональное и национальное в социалистическом образе жизни советского народа. – Фрунзе,1982. – С.431- 437.

6 Серова И.И. Культура межнационального общения. – Минск, 1986. –159 с.

7 Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. – Алматы, 1999. – 212 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 

 



Информация о работе Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері