Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2014 в 19:15, курсовая работа

Краткое описание

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Оглавление

Кіріспе
1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.
1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

2. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары.
2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны.
2.2Сөз мәдениеті – мұғалім шығармашылық еңбегі (мұғалімнің дұрыс сөйлеуге үйретудегі оқыту қызметі ).
3. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектепте-ана-тілі-сабағын-оқыту.doc

— 318.00 Кб (Скачать)

Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысы атар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Біздіңше, жазу дағдыларына машықтану өте күрделі процесс. Мұның үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде баланың бүкіл зейін әріптердің жеке элементтеріне, сондай-ақ дәптер мен қаламды ұстап тұру қимылдарына, өзінің партадағы отырысына ауады. Бірінші кезеңі әріп үйренудің элементтік кезеңі деп атайды. Екінші кезеңде бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қабілетіне ие болады. Енді баланың зейіні біртіндеп әріп таңбаларының бейнесіне ауа бастайды. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Үшінші кезең – бұл жазбаша сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда олар өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Осы кезеңде оқушының зейіні тұтас сөз жазуға ауады.

Психология ғылымы анықтағандай, сөйлеудің ерекше бір түрі – іштей сөйлеу. Егер сыртқы сөйлеу іштей сөйлеуден бұрын пайда болса, ол жазбаша сөйлеу іштей сөйлеуден кейін дамиды. Психолог Д. Джексон мен Г. Хэдтің пікірлері бойынша, жазбаша сөйлеу іштей сөйлеудің кілті, алайда іштей сөйлеудің синтаксисі ауызша және жазбаша сөйлеудің синтаксисінен мүлдем өзгеше. Онда бүтін мазмұн бірлігін құруда тіпті бөлек заңдылықтарға сүйенеді. Іштей сөйлеудің синтаксисі жазбаша сөйлеудің синтаксисині мүлде қарама-қарсы деп айтуға болады, ал осы екі полюстің арасында ауызша сөйлеудің синтаксисі тұр.

Іштей сөйлеу бөтен адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Ол баланың өзімен-өзі сөйлесуі. Мұндай ой ағымы болады, әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады. Псхологтардың пікірінше, ой тұжырымдары бастау алатын іштей сөйлеу, ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің негізі болып табылады. Жазылатын не айтылатын пікір, ой іштей нақтыланып, сана елегінен өткізіп, әбден толғанып барып сыртқа шығуы тиіс. Сонда ғана сөйлеу мазмұнды да, мәнді болмақ. Халық: «Аңдымай сөйлеген ауырмай өледі», «Айтылған сөз – атылған оқпен тең», - деп айтар ойын іштей пісіріп алмай қалай болса, солай айта салатын кісіге бағыттап айтса керек.

Іштей сөйлеудің дамуы балалардыңмазмұндама, шығарма жұмыстарын ойдағыдай жазуына ықпал етері даусыз. Өйткені жазба жұмыстарын орындау барысында оқушылар іштей ойланып, өзімен-өзі ақылдаса отырып, пікірін білдіруге лайықты сөз, сөз тіркестері мен сөйлемдер таңдайды. Яғни жеті өлшеп, бір кесуге дағдыланады.

Сонымен, іштей, ауызша және жазбаша сөйлеулер тығыз байланысты болып, бір-біріне ықпал ететіні даусыз. Бастауыш сыныптарда да сөйлеу түрлерінің қайсысы болмасын бірден қалыптасуына жағдай жасалғанда ғана балатілін дамыту жұмыстары ойдағыдай болмақ.

Жоғарыда айтылған сөйлеудің барлық түрлеріойлау процесімен тығыз байланысты. «Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Тіл – ойды басқа адамдарға жеткізудің құралы. Ойдың тіл арқылы бейнелеуі арқасында адамөзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алады, өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарын пайдаланылады. Міне сондықтан мектептегі тіл дамыту, сайып келгенде, ой дамыту болып табылады.

Сөйлеу кезінде адамдар ой пікірі, іс-әрекеті жайында хабарлап қоймай, өзі айтып тұрған нәрсесіне қатынасын да білдіреді.

Осыған байланысты сөйлеудің мазмұндылығына айтылған әңгіменің аз сөзбен көп мағына беруінде. Келтірілген ой-пікірлер, сезімдер мен қорытындылардың маңызды болып өмір шындығына жанасымды келуі. Сөйлеу мазмұнды болуы үшін сөйлеуші айтқан пікіріне қысқа , толық әрі образды етіп беруге пара-пар сөздер таңдау керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізу үшін сөйлеушінің сөздік қоры мол болуы шарт. Мақал-мәтелдер мен көркемдегіш құралдары сәтті қолдану сөйлеудің мазмұндылығын арттырады. Ал сөйлеудің мәнерлілігі – сөз ішінде өзі баяндап отырған іс-әрекетке, затқа, құбылысқа қалыптасқан эмоциясын білдіру. Ауызша сөйлеу анық та айқын, дауыс ырғағы көтеріңкі, жарқын немесе сылбыр көмескі екпінсіз болуы мүмкін. Сөйлеудің мәнерлілігі фонетикалық анық дыбыстау мен айтылуы тиіс. Сөйлеу процесінде дауыс екпінінің маңызы ерекше. Сөзге түсетін логикалық екпін мен сөз арасындағы кідіріс ауызша сөйлеуде күшті рөл атқарса, жазбаша сөйлеуде тыныс

белгілер мен сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің қызметі ерекше болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

Оқыту процесі – екі жақты процесс. Мұғалім сабақ барысында жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл тұрғыда көптеген мәселелер туындайды. Себебі үйреткен, түсіндірілген нәрсені түгел оқушының бойынан көре алмауыңыз мүмкін. Дегенмен сіз оқушылардың сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастырдыңыз. Бұл тек бір сабақта ғана өтілмеуі тиіс. Үздіксіз жүріп отырғанда ғана нәтиже бермек.

Қазіргі таңда қоғам талап еткендей оқушыны дарлап шығару үлкен еңбекті қажет етеді. Жоғарыда  оқушылардың сөздік қорын анықтауда іс-тәжірибе жүргізілгені айтылды. Нәтижесінде,

    1. 1000-1200-ға дейін сөз білетін, осы сөздерді қолданғанда 30-40 қате жіберген оқушы – 4.
    2. 700-900 дейін сөз білетін және сөйлеу барысында, қолданғанда 65-75 қате жіберген оқушы – 8.
    3. 400-600 сөздің мағынасын білетін, бірақ сөйлеу кезінде 60-70 қате жіберген оқушы – 6.
    4. 200-300 сөз айтқан, бірақ сол білетін сөздерінің 50-60-ын қате қолданатын – 6.
    5. Сөздік қоры өте аз, сөздерден сөйлем құрастыра алмаған оқушылар – 2.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тарау. Бастауыш сынып  оқушыларының сөздік қорын,сөз мәдениетін қалыптастыру жолдары.

       «Мектеп курсында ана тіліне байланысты оқытылатын тілдік единицалар: дыбыс, сөз құрамы, сөз, қосымша, сөз тіркестері және сөйлем болып табылады. Сондықтан тіл дамыту осы тілдік единицаларға байланысты үйрету қажет»,  – дейді әдіскер-ғалым А.Жаппаров.

Жоғарыда атап өткендей бастауыш мектепте ана тілді оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар көздейтін үш кезеңнен тұрады:

1. Сауат ашу, тіл дамыту (Әліппе).

2. Оқу, тіл дамыту (Ана тілі).

3. Грамматика, емле тіл дамыту (Қазақ  тілі).

Бастауыш сынып  оқушыларының сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырып, дамытуда төменде көрсетілген бағыттарға сүйеніп, жүзеге асырылады.Бұл бағыттарға жоғарыда тоқталған болатынбыз. 

а) Жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын меңгерту.

Мектепке келген бала тілі бір жақты, тек отбасы, ошақ қасында пайданылатын сөздер ғана болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның сөздік қорында ауыспалы мағыналы, жалпылық мәнді және түрлі білім саласында қолданылатын термин сөздер аз кездеседі, кейбіреуінде тіпті кездеспейді де.

Баланың сөздік қоры ең алдымен, сол класта жүргізілзетін пән оқулықтары, пайдаланылатын көрнекі құралдар және кластан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттермен анықталады.

Балалар жаңа сөздермен тек класта өткізілетін сабақтарда ғана танысып қоймайды, сонымен бірге өз беттерінше кітап оқу, түрлі кластан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, кино, театр, саяхатқа бару, радио тыңдау және теледидар бағдарламасынкөру нәтижесінде де жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады.Оқушылардың ақпарат, білім көздерінен өз беттерінше игерген сөздерді дұрыс не бұрыс пайдалануы да мұғалімнің міндеті. Бала сөзінде пайда болған жаңа сөз, сөз тіркестердің мән-мағынасын ашып, іс-тәжірибеде пайдаланудың жолын да мұғалім көрсетеді.

Сөз – тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар, дерексіз ұғымдар, адамның сезімі мен ниеті – сөз арқылы білдіреді.

Сөздік – қоғамның, ұлттың даму деңгейін байқататын белгінің бірі. Сөздігі бай ұлттың рухани байлығы да жоғары болатындығы мәлім, өйткені ғылымы мен мәдениетінің дамуына қарай сөздікте дамиды. Ендеше оқушыларды мектептен бастап сөздікті пайдалана білуге үйретудің зор маңызы бар.

Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Сөздік жұмыстары барысында оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне, өз бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді. Дәлірек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.

Мектептегі сөздік жұмыстарының басты бағыттары;

    • әр сыныптағы оқу бағдарламасы бойынша жүргізілетін барлық пән сабақтары арқылы оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі артып, кеңеюінің нәтижесінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін игерту;
    • жаңа сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру;
    • грамматиканың салаларын оқытуға байланысты, заттар мен құбылыстарды классификациялауға , топтарға арналған жаттығулар жүргізу;
    • лексикалық жаттығулар сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын, слинонимді, омонимді, антонимді игертуге арналған жаттығулар;
    • көркем әдеби шығармаларды талдау және мазмұндама, шығарма жаздыру.

   Мектеп балаларының сөздіктерін анықтау мақсатында тәжірибе жүргіздік.

Сыныпта 23 оқушы болды. Оларға мынадай тапсырмалар берілді:

  1. үш өлеңді жатқа айтып беру;
  2. екі-үш ертегіні өз сөздерімен әңгімелеп айту (қазір теледидардан

3- 4 жастағы балалар да ертегі айтып жүр);

3.  берілген сөздерге сөйлем құрау.

Нәтижесінде, бірінші тапсырманы орындаған оқушылар саны -  6. Олардың оқыған сөздердің жалпы саны  75- 80 болды.Ал кейін қайталап айтқызып саралағанымызда, бұл сөздердің төрттен біріне жуығының мағынасын оқушы түсінбейтін болып шықты.Мысалы;

Шекарада  –   күзете,

Қас қақпайды ағалар.

Балбыраймыз төсекте

Біз – алаңсыз балалар, –

деген бір шумақ өлеңде үш сөздің мағынасын ажырата алмады.(қарамен жазылған). 

Ал екінші берілген тапсырма бойынша балалардың өздері білетін ертегілерін әңгімелету кезіндегі қолданған сөздердің саны өте аз 45 – 55 сөздің шамасында. Оның есесіне сөз мағыналарын түгелдей дұрыс түсінетіндерін көрсетті.

Осы тапсырма бойынша бір-екі өлең, бір-екі ертегі білетін, бірақ білгендерін толық айтып бере алмайтын оқушылар саны – 12. Бұл балалардың тіліндегі негізгі кемшіліктер – сөздік қорларындағы жиі хқолданылатынсөздердің мүлде аздығы, ауызекі сөйлеу мен үй ішіндегі жергілікті сөздещръдің кездесетіндігі.

Енді өлең-ертегілер білмейтін және айтуға тырыспайтын оқушылар санын сараптасақ,бұл оқушылар саны – 7. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптаспаған, бойларында белсенділік жетіспейді. Олардың сөздік қорының мөлшерін жеке әңгімелесу кезінде анықтадық.

  Балаларға сөз беріп сөйлем құрату (қарағай, өмір, шағала, дос, керемет, кітап).Балалардың берген жауаптары төмендегідей;

  1. Берілген алты сөзге де сөйлем құраған, яғни  10-15 сөз қолдана отырып, әр сөзге 3-4 сөйлем құрастырған оқушы саны – 4.
  2. 8-10 сөз қолданып, 4-5 сөзге  сөйлем құрастырған оқушының

саны -  11.

  1. 5-7 сөз қолданып, 3-4 сөзге сөйлем құраған оқушы саны – 8.        
  2. 3-6 сөз қолданып, 2-3 сөзге сөйлем құрастырған оқушы саны – 5.

Мұндағы басты себеп оқулықтардағы берілген материалдардың бірқатарын бала ұғынбай, құр оқиды, жаттайды, өйткені ондағы көптеген сөздердің мағынасын балалардың тожлық түсінбеуінде. Бұл әрине мұғалімдер мен әдіскерлещрді ойландыруға тиіс.

Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау үшін, күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз   үйренуі тиіс.

Сөздік қорды байытудың негізгі көзі, әрине көркем шығарма.Оқулықтардағы мәтіндер балаларға, бір жағынан, бірнеше жаңа сөздер үйрету; екінші жағынан, сөз тіркестерін үйрету;үшінші жағынан, сол сөздер мен тіркестердің мағыналарын тереңірек ұғындыра түсу т.с.с. мақсаттарды көздей отырып, таңдалған. Осыған орай, авторлар, мүмкіндігінше, ұлы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Торайғыров т.б. сынды сөз шеберлерінің шығармалары мен халықтың сөз қазынасы – ауыз әдебиеті үлгілерінен қысқартып, икемдеп болса да, үзінділерберуге тырысқан.Соның арқасында оқушылар ана тілін жоғары дәрежедегі әдеби үлгілердің өзін оқу арқылы үйренеді.

Сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтінді, ондағы жаңа сөздерді дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы шаңырақ, ақ алтын, көкжиек сөздерін  дұрыс түсінбесе, дұрыс қабылдай алмайды,оларда елес тумайды.

Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:

  • Мәтінді оқуға дайындық кезеңі;
  • Мәтінді оқу барысында;
  • Оқып шыққаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Мұнда тағы бір есте болатын жағдай – шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық келтіреді-ау деген сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіру керек деген ой тумасқа тиіс. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқылмас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.

Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады ( мысалы, лашық – кішкентай үй немесе отаршылар – қанаушылар, т.с.с.). Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалдарды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу – оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бір қатары онан әрі оқылатын материалды тыңдамайды. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөздердің өзін алсақ, «отаршылар – қанаушылар» дегенде, балалардың бұрыннан дайындығы болмаса, қанаушының өзіне түсінбей қалуы мүмкін. Ендеше оны «біреудің еңбегін пайдаланушы» сияқты көбірек сөзбен дайындық кезеңінде түсіндіруге тура келеді.

Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді (онда сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болған соң жүргізіледі). Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.

Шығарманың мазмұнын оқушылар тереңірек ұғыну үшін немесе олардың сөздік қорын молайта түсу мақсатындағы сөздік жұмысы мәтін оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі.

Сөздер мен бейнелі ұғымдарды түсіндіруде, мысалы, батырақ сөзін қалай түсінетініндерін білу үшін, «Батырақ» деген не? деп сұрап, өте шығуға болмайды. Мұғалім мәтінде кездесетін мұндай сөздерді өзі әңгіме айтқанда, әңгімесінің ішінде, ал балалардың әңгімесін тыңдағанда, оларға қоятын сұрақтарының ішіне кірістіріп отыруға тиіс.

Cөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай – сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде, оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуы бойынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап – сөз бен балалар санасындағы бейнелі түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бейнесі бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары