Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің нысаны:оқушылардының ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеу пәні:оқушыларының салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық нобайын, көрсеткіштерін, мүмкін болатын деңгейін жасау;

Оглавление

Кіріспе
I-тарау.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәрбиедегі рөлі
1.1.Салауатты өмір салты туралы түсінік..................................................3б
1.2.Салауатты өмір салты:дене тәрбиесі,валеологиялық және жыныстық тәрбие-салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі.......................................................................................................................11б
1.3.Мектеп оқушыларының сау өмір сүру мәдениетінің қалыптастырудың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерінің көрсеткіштері......................................................................................................16б
II-тарау.Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1.Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер………………………………………………………………………19б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.........................................................23б
2.3.Тәжірибелік-эксперимент жұмысына сипаттама................................27б
Қорытынды..........................................................................................................29б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс Қымбат.doc

— 258.00 Кб (Скачать)

 Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады. 
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады. 
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту.Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу. 
      Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. 
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн. 
       Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек. 
        Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады.

     Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты бағыттары мен міндеттерін жүзеге асырудың бірі балалар мен жасөспірімдерге үздіксіз білім беру барысында валеологияны оқыту, яғни, валеологиялық білім беру болып табылады. 1998 жылы Мәдениет, білім және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша валеология бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге, орта және жоғарғы оқу орындарына 1998-1999 оқу жылдарында енгізіле бастады. Кейбір объективті қиындықтарға қарамастан, бүгінгі таңда республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде валеология бағдарламасы 3,5 млн оқушыларға оқытылуда  
- 91,6%, мектепке дейінгі балалар бақшасында  
- 96,3%, орта арнайы білім беретін орындарда — 76,2% және жоғарғы оқу орындарында -69,3% оқытылуда.

Валеологиялық білім  және тәрбие (лат. vale - caу бол) - окушылардың денсаулыққа қажеттілігін тәрбиелеу, салауатты өмір салты мәнінің ғылыми түсініктерін және тиісті тәртіптерін қалыптастыру.

         Профессор Г.К.Зайцевтің анықтамасы бойынша, валеология дегеніміз адамның өмір салтын сауықтыру арқылы адамның денсаулығын басқару.  
Валелогия – салауатты өмір сүрудің негізі. Валеологиялық білім санитарлық ағарту мен гигиеналық тәрбиеден, адамды өз денсаулығын күтуге үйрететіндігімен ерекшеленеді. Жеке тәжірибе мен Қазақстан Рсепубликасындағы валеологиялық білімнің талдануы валеологияда әзірге қателік әдістерінің басым екендігін көрсетіп отыр.  
Дүниежүзіілк денсаулық сақтау ұйымының '' Денсаулық баршаға '' бағдарламасы бойынша денсаулықты нығайту мәселелеріне байланысты сұрақтардың шешімін үйден, мектептен, өндірістер мен мекемелерден, яғни, адамдар өмір сүріп, білім алып, еңбек ететін аймақтардан іздеу керек.  
Қазіргі күнде біздің мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына үмітіміз сенімді емес, ал адамдардың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасы әлі дұрыс қалыптаспаған. Сондықтан да халықтың көпшілігі денсаулықтың дұрыс қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет, әсіресе жас өспірім балалар. Бұндай қадам қазіргі заман талабына сай валеологиялық білімді методологиялық және әдістемелік қамтамасыз етуді қажет етеді. Валеологиялық білімнің аяқтануына негізінен кедергі туғызатын валеологиялық концептуалды негіздердің аталуының әртектілігі. Білім беру бағдарламаларына вариативтілігі көп дағдарыстарға ұшырады, яғни ол валеологиялық білім беру сапасына жақсы әсер етті деп айта алмаймыз. Кейбір мектептке дейінгі мекемелерде, жалпы білім береті мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында валеология пәнін арнайы маманданған беріп жүрген жоқ, олар балаларға дәл емес ақпаратты жеткізеді. Бұл іс әрекетпен адамның денсаулығын басқарудың негізгі принципі бұзылады. Қалыпьасқан жалпы мамандыққа сай тілдің болмауы оқу және әдістемелік әдебиеттердің сапасына да өз ықпалын тигізеді. Оқу құралы ретінде оқу әдістемелік кеңестердің экспертизасынан өтпеген, апробацияланбаған әдебиеттер білім беру барысында жиі қолданылады.  
      Валеологиялық білім беруде мұндай қарым – қатынас нәтижесінде валеология оппоненттерінің сын – ескертпелеріне жол берілуде.  
Кез – келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді тамақтану және психологиялық өзәндәк реттеу және т.с.с. валеологиялық өзекті мәселелердің паллиативті шешімі болып табылады. Мұның барлығы валеологиялық білім беру аспектілерін кешенді түрде оқу кезінде қалыптасуы керек. Валеологияның дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру стратегиясын жасау үшін негізгі арнайы жолдар, түсініктер, анықтамалвһар мен критерийлер қалыптастыру керек.  
Әлеуметтік гигиенаға тән салауатты өмір салты мен денсаулықтың алғы шарттары практикада қолданылуда.  
Қазіргі уақытта Салауатты Өмір Сүру Салтын Қалыптастыру Проблемаларын Ұйымдастыру Орталығы салауатты өмір салтын қалыптастырудың барлық кезеңдеріне сәйкес критерийлері жасалуда. Жаңа критерийлерді дәрігерлер, педагог – валеологтар, социал – гигиенистер, биологтар, психологтар және т.с.с. жасаулары керек.

      Валеологияны медициналық және педагогикалық деп бөлуді шартты деп қабылдау керек, бұл педагогика мен профилактикалық медицинаның бірігуінен туған. Валеологиялық білім беруде педагогикалық қадам ерекше орын алады, оған валеологиялық білім беру ерекшеліктері барысында интерактивті әдістерді қолдану жатады. Валеология ғылымының дамуы салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді мемлекеттің саясаттың бір бөлігі болуы керек, ол ұлттық генофондтың бұзылуының алдын алады, адамның адамгершілік физикалық, психикалық, соматикалық және репродуктивті мүмкіндіктерін арттырады.  
Салауатты өмір салты іс әрекетті тәрбиелеу арқылы және бейімделу арқылы денсаулықты басқара білу, сондықтан да бұл іс әрекет білім беру жүйесінің педагог мамандарының қызығушылығын тудырады. Педагог маман баланың, жасөспірімнің бойында қажетті мотивацияны ұялатады, ол күнделікті қажеттіліктерден тұрады және оған қажетті білімді алуға мүмкіндіктер молынан туындайды.

      Жаңа өз бетінше дамып келе жатқан адам денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған ғылымның қалыптасу жолдары мен тәсілдері қажет екендігі мәлім болды, бірақ та дұрыс өмір сүру қалпы жайлы білім әр түрлі халықтың дәстүрлер мен тіршілігі және ұлттық медицинадағы ерекшеліктері эмпирикалы болды, яғни ұзақ жылдар бойы оның ғылыми негіздемесі болған жоқ.  
Жоғарыда айтылғандай, валеология ғылымының зерттеу пәні адам денсаулығы болып табылады. Сондықтан да денсаулық түсінігні анықталмай, валеология ғылым ретінде, сонымен қатар, профилактикалық медицицнада тіршілік ете алмайды. Көптеген, 600- ден астам ғалымдар денсаулық ұғымына анықтама бермекші болған. ДДСҰ – ның берген анықтамасына 50 жылдан астам уақыт өтті, ол да дәл емес және оның үстіне ол ескірген анықтама. Мысалы, профессор А.А.Остроумовтың айтуынша, «денсаулық – ортаның талабы мен ағза күшінің арасындағы тепе – теңдік күйі». Кіші медициналық энциклопедияда келесі анықтаманы береді, ''денсаулық – бұл ағзаның табиғи күйі, барлық мүшелер мен жүйелердің гармоникалық түрде әсерлесуі және қоршаған ортамен динамикалық түрде тепе- теңдікте болуы''.  
       Подфизиологтардың айтуынша, '' денсаулық түрлі қоғамдық және еңбек іс әрекеттеріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін тіршілік''.  
       Профессор В.П.Казначеев айтуынша, ''денсаулық дегеніміз биологиялық және физиологиялық функциялардың сақталып дамуы, максималды түрде тіршілік ету барысында адамның оптималды еңбекке және әлеуметтік белсенділікке ие болуы''.  
'' Денсаулық өлшемі'' деген методологиялық ұғымында профессор А.Г.Шедрина (Новосибирск қаласынан) денсаулыққа келесідей анықтама береді: “ денсаулық – бұл біртұтас, көпқырлы динамикалық күй, позитивті және негативті жақтарды қосатын, әлеуметтік және экономикалық орта жағдайында генетикалық потенциалды жүзеге асыру кезәнде дамитын және әрбір адамға өзінің биологиялық және әлеуметтік функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін күй”.  
      Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, профессор В.В.Колбанов (Санк – Петербург қаласынан) мына нәрсеге ерекше көңіл бөледі: «адам денсаулығы ол тіршілік ету күйінің үздіксіз жалғасуы, бұл кезде ағза өзін - өзі реттеп отырады, гомеостазға қолдау көрсетеді, соматикалық және психикалық статусты өз - өзінен жетілдіреді, мүшелер мен жүйелері оңтайлы қарым – қатынаста болады, қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделеді, әр түрлі биологиялық және әлеуметтік функцияларды орындау кезінде фенотиптік талаптарға сәйкес резервті компенсаторлы механизмдер пайдаланылады. Жоғарыда аталған белгілердің кез – келгенінің болмауы жартылай немесе түгелдей денсаулықтың бұзылғандығының белгісі. Толық денсаулықты жоғалту өлімге тең.»Өзінің көлемділігі мен күрделілігіне қармастан бұл анықтама денсаулық ұғымына толық объективті түсінік береді. Қазіргі кезде денсаулық жүйесін қалыптастырмай тіршілік ету мүмкін емес, ауруды анықтау мен емдеуге негіделген денсаулық сақтау ұйымы және индивидтік денсаулығын қалыптастыруға дәрменсіз болып, олардың бойында өз денсаулығына деген немқұрайлықты қалыптастырады. Медицинаның қай – қайсысы да білім берудің орнын толтыра алмайды, ауруды қалыптастыру оңай, емдеу қиын. Егер де білім берудің мақсаты адамды дамыту болса, қазігі жағдайда білім беру мен тәрбиелеудің басты бағыты ол салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау мен нығайтуға үйрету. Валеологиялық білім беру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау өсіп келе жатқан жеткіншектерге денсаулық-зор байлық екендігін түсіндіру аса маңызды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі ұзақ мерзімді және баяу процесс, бірақ та бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады.

     Әзілхан Нұршайықовтың «Қызды тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу» деген әдемі сөзі бар. Иә, қыз бала - болашақ жар, ана. Сондықтан да ұрпақтың дені сау болуын қалаған қазақ қызға қырық үйден тыйым салып, тәрбиесіне зор мән берген. Алайда сананы теледидар атты «тәрбиелеуші» баурап, зорлық-зомбылық қоғамды дендеген мына заманда қыз балаға деген тәрбие босаңси түскен. Оның үстіне қызға жеңіл қарап, ар-намысын аяққа таптайтын факторлар да жиілеп кетті бүгінде. Осы орайда қыз баланың жыныстық қатынас, отбасын жоспарлау тәрбиесі туралы сөз қозғау орынды сияқты. Жуырда оңтүстік астанамызда дәрігерлер мен ҮЕҰ өкілдері жас жеткіншектердің денсаулығын талқыға салды.

      Жалпы, 1994 жылы Каирде өткен халықтың дамуы және тұрақтануына қатысты халықаралық конференциясында «репродуктивті денсаулық» түсінігіне жыныстық қатынастардың қауіпсіздігі, бала туу мүмкіндігі және отбасын жоспарлау деген анықтама берілген. Тарқатып айтар болсақ, ер адам мен әйелдердің физикалық дамуы һәм отбасын жоспарлауда тиімді, қауіпсіз әдістерді пайдалану және бала туу мүмкіндігін арттыру. Жасыратын не бар, балаға физикалық жетілу, отбасын жоспарлау туралы әңгіме айту - біз үшін ұятты нәрсе саналады. Расында, қазақ отбасылары үшін «жыныстық тәрбие» тақырыбы әрдайым жабық болған. Ертеде апа-әжелеріміз «келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда» деп, қыз балаға айтар ойын астарлап жеткізген. Дегенмен бүгінгі қоғамда мұндай мәселелер ашық түрде айтылуы тиіс деп пайымдайды дәрігерлер. Себебі қазір қыз балалардың бесіктен белі шықпай жатып, жыныстық қатынасқа түсуі жиілеп кетті. Ойнап жүріп от басып, уақытынан бұрын жүкті болып, жазықсыз сәбиді заңсыз түрде тұншықтыратындар да бар. Мұндай жағдаяттар туралы қоғамымызда ашық айтылмайды. Тіпті елімізде заңсыз түрде жасанды түсік жасататын арнайы мекемелер бар екені де жасырын емес. Жас қыздар көбіне «қызық» көреміз деп, аңдамай от басады. Болар іс болған соң, ата-анасына жүкті болғанын айтуға жасқанып, заңсыз мекемелерді сағалайды. Балаға түсік жасату - денсаулыққа зиянды екенін бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Жастық шақта жасалған қателіктің арты бедеулікке әкеліп тірейді. Білместік - қыз балаға ғана емес, бүкіл қоғамға зардабын тигізеді соңында.

      Жасөспірімдер мен жастарды мұндай тәрбиеге баулу - тек ортадан емес, отбасынан да бастау алғаны дұрыс. Біз үшін бұл мәселе қаншалықты жабық болса да, бүгінгі қоғам соны талап етіп отыр. Үйдегі ана қызына ертеден жыныстық қатынасқа түсудің зардабы мен зияны жайында кеңінен баяндаса, ал әке ұлына қыз арының некеге дейін былғанбауы қажеттігін, қыз баланың біреуге қарындас, біреуге әпке екенін, оның болашақта ана болу міндетін атқаратынын тереңірек ұғындырып, ұрпағының тәрбиесіне жіті назар аударса, қоғамымызда тастанды бала, дүние есігін ашпай жатып, ана құрсағында тұншыққан шарана азаяр ма еді?!

 

   1.3.Мектеп  оқушыларының сау өмір сүру мәдениетінін қалыптастырудың тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерінің көрсеткіштері.

Мектеп оқушыларының сау өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері  бұл психологиялық-педагогикалық күрделi жүйе. Бұл көрсеткіштерді, мақсат-бейне ретiнде қарастырамын. Мектеп оқушыларының сау өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері мазмұндылық сипатымен бiрге, құрылымдық сипатымен де толықтырыла түседi. Мұнда мектеп оқушысының жеке басының дамуының теориялық негіздерiне сүйене отырып, дамуды негізгi үш саласын: танымдық (когнитивтi), мінез-кұлық, мотивациялық белгiледiк.

Жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдаулар, мұғалімнің дене тәрбиесі құралдарын пайдалана отырып, дене тәрбиесі жұмысына әзірленуін, оқыту мен тәрбие шеңберінде психологиялық, теориялық, практикалық, әдістемелік, дене даярлығын қалыптастырудың біріктіруші үдерісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мәліметтерге сүйеніп, жалпы орта мектеп оқушыларында дене тәрбиесін қалыптасуының келесі компоненттерін көрсеттім: мотивациялық-еріктік, мазмұндық-операциялық және рефлексиялық-бағалау

Дене тәрбиесі арқылы жалпы орта мектептерде оқушылардың  дене тәртібі  қалыптастырудың негізгі  құрамдас бөліктері, өлшемдері мен  деңгейлері зерттелініп, танымдық саласы, мінез-құлық саласы, мотивация саласы компоненттері анықталды. Көрсетілген  компоненттерінің өлшемдеріне сәйкес, даярлықтың деңгейлері (төменгі, орта, жеткілікті, жоғары) анықталып, ғылыми тұрғыда негізделген сипаттамасы берілді.

Жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесі қалыптастыру деңгейінің жоғарыда баяндалған сипаттары, мектеп оқушыларының зерттеліп отырған іс-әрекеттің диагностикасы бойынша тапсырмалар жүйесін іріктеу қажеттілігін көрсетеді.

Жалпы орта мектептерде  оқушылардың сау өмір сүру мәдениеті  үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылды:

-денсаулықты нығайту,  қалыпты денені шынықтыруды дамыту;

-өмірлік мәнді қозғалыс  қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;

-қозғалыс қабілеттерін  дамыту және үйлестіру;

-дене мәдениеті және  спорт саласында қажетті білімдерді  игеру;

-денені шынықтыру  жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға  қажетті 

-адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.

Информация о работе Баланың салауатты өмір сүру қалпын қалыптастыру жолдары