Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:34, доклад

Краткое описание

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.

Файлы: 1 файл

Отан.doc

— 51.00 Кб (Скачать)

                                                                               Қазтұтынуодағы

                                                                               Қарағанды экономикалық университеті

                                                             Есеп және қаржы факультетінің

                                                     УА-23к тобының студенті:

                                   Ершаева Асель 
 

    «Бейбітшілік  пен жасампаздықтың 20 жылы» 

    Отан! – деген сөзім қандай әдемі!

    Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

    Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке,

    Қарапайым, кең дастархан,әдебі.

    Атам  қазақ аңсағаны еркіндік,

    Сақтау  үшін азаттықты бекіндік

    «Қастығы  жоқ қазақ» деген аңыз бар,

    «Татулықтың символымыз » сертім нық.

    Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.

    Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?!

    Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден–ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.

    Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы  адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

    Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.

             Мың тоғыз жүз он алтыншы  жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы  жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы  тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Сол желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстаймыз.

    Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

    Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы  Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір  жасампаздығы сенімді және серпінді дамуда.

    Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - халқымыздың бақыты. Осыдан 20 жыл бұрын еліміздің қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр-қасиеті артып, айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Тарих пен тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы, жалпы қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды.

    Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өзінде. Бәрін де халық  өзі шешеді. Қазір дүние жүзінің  көптеген елдері Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп танып, жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. Халқымыздың берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтап қалуға үлкен тірек болуда.

    Бірлік  — халық салты. Бұл — өмір заңы. Ел болу ерлікке, еңбекке, бірлікке байланысты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан  басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Өйткені  «бірліксіз тірлік жоқ, тірліксіз бақыт  жоқ». Бірлік салтын, яғни ел бақытын сақтау үшін жан аямай күресу, еңбек ету — әрбір адамның міндеті.

    Халқымыздың берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа  халықтармен одақтасып, достаса  білуі жеңістен жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін  сақтап қалуға үлкен тірек болады.

    Біздің  еліміз тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі  таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде  танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек.

    Бүгінде қазақстандықтар Ата Заңы орныққан, шекарасы айқындалып бекіген, көк байрағы  желбіреген, төл теңгесі шыққан, Әнұраны шарықтаған тәуелсіз елін мақтаныш етеді. Өйткені, мемлекетіміздің экономикасы мен мәдени-әлеуметтік салалары ғана дамудың даңғыл жолына түсіп қойған жоқ, оның халықаралық бейнесі де бедерлене түсті. Қазақ елі дүниежүзілік қауымдастықтың беделді серіктестігіне айналды. Қазақстан – 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар. Қазақстан дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік еңбек ұйымына, Дүниежүзілік банкке, т.б. ұйымдарға әріптес болуы сырқы саясатта таңдаған жолымыздың дұрыс және толыққанды екендігін дәлелдеп отыр. Республикамыздың әлемдік қатынастардағы жеке субъектіге айналуындағы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дара беделін, биік парасатын, табанды саясатын бүгінде әлем мойындайды.

    «Дүниеде  тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы  – бүгіннен нұрлы, бүгіннен жемісті  болашағы бар» - деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз - жасампаз халықпыз.

    Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымыз таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы нығайып келеді. Осының бәрі — тұңғыш рет әлемдік дәрежеге көтерілген мемлекеттің түтінін түзу шығарып, іргесін бекітудегі алдыңғы толқын ағалардың жиырма жылдан аса уақыт ішінде атқарған жұмыстары. Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры.

    Мұқағали  ағамыз: « Сендердікі қоғам, өмір, заман да,

                                      Сен түзеген қалаңменен далаң да,

                                      Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,

                                      Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді. Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар.

             Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!

    Ендігі  жерде сол алдыңғы толқыннан  үйренетін, үлгісін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге де тигелі отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.

    Осы арқылы кейінгіге біз де із қалдыруға  тиістіміз. Ол үшін жастықтың жалынымен, бойдағы күш-қуат, қарым-қабілетпен, ойдағы ұшқынмен Отан-ананың тірегі болуымыз керек. Әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең білуі керек деп ойлаймын.

    «Тәуелсіздігіміз  тұғырлы, еліміз еңселі болғай!» - деп тілей отырып, өзімнің жүрек жарды сөздерімді өлең жолдарымен білдіргім келеді:

      Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

      Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.

      Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

      Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты! 
 

                                                                                   

Информация о работе Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы