Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:36, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………….........
3

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................
1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................



5

19



2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері



26
33



Қорытынды .....................................................................................................
57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Файлы: 1 файл

Бота2.doc

— 415.50 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе ………………………………………………………………….........    

3

   

1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық  негіздері

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі ...........................................................................................................

1.2 Ауызша тіл дамыту жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері ................................ ...................................................................  

 

 

 

5

 

19

   
   
   

2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі 

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту мәселесінің ресми құжаттарда қамтылуы..........................................................................

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдіс-тәсілдері

 

 

 

26

33

   
   
   

Қорытынды .....................................................................................................

57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

60

   
   
   
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               КІРІСПЕ              

  

Зерттеудің  көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан-жақты дамыған, зиялылық (интелекті) деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаларды оқытып, тәрбиелеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш  мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілген [1].

Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін,  тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары ауызша сөйлеуді үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мәселесіне Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлы педагогтар өз кезінде ерекше көңіл бөлген болатын.

Бірақ қазақ мектептеріндегі  тіл дамыту мәселесі әсіресе егеменді ел болғаннан кейін ғана ғылыми зерттеу  пәніне айнала бастады. Бұл жөнінде бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуға арналған С.Рахметова [2], Т.Әбдікәрім [3], Г.Уайсова [4], Ә.Жұмабаева [5], Р.Базарбекова [6], т.б. сияқты ғалымдардың зерттеулері және түрлі кітаптары мен мақалалардың жарық көргенін айтуға болады.

Алайда кіші жастағы оқушылардың ауызша тіл дамыту әдістемесінің әр сынып бойынша күні бүгінге дейін нақты зерттеу нысанына айналмағандығы байқалады.

Бүгінгі таңда  бастауыш оқыту жүйесінде Қазақстан  Республикасының   «Бастауыш білім  беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытуға қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен оның жүзеге асырылуы арасында мынадай қайшылық бар екені анық байқалады

Бұл қайшылықтың  шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу нысаны – бастауыш сыныпта ана тілін оқыту үдерісінде оқушыларды ауызша тілін дамыту үдерісі

Зерттеу пәні – Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларынының ауызша тілін дамыту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты  – бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамытудың теориялық негіздерін саралау және соған негізделген тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету.

Зерттеу жұмысының  міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларынының ауызша тілін дамыту әдістемесінің  зерттелуі жайын айқындау;

-  оқушылардың ауызша тілін дамытуға тапсырмалар үлгілерін, әдістері мен құралдарын ұсыну;

Зерттеудің  әдіснамалық негіздері және теориялық негіздері. Зерттеуге қатысты философиялық таным теориясы, психологиялық, лингвистикалық, ғылыми әдістемелік ой-тұжырымдарда қалыптасқан тұжырымдамалар алынды: оқыту және таным психологиясы, үйрету теориясы, әрекет теориясы, мәтін теориясы және оны оқыту әдістемесі, оқыту технологиясының жетістіктері мен тиімді әдістері.

Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдіс (оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері, мұғалімдер тәжірибесін зерттеу).

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы:

- бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелу тарихы сараланды;

- оқушылардың ауызша тілін дамытуға қажетті тапсырма үлгілері, оны іске асырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары көрсетілді.

Зерттеудің  теориялық маңызы:

- бастауыш сынып оқушыларын  жазбаша байланыстырып сөйлеуге  үйретудің теориялық негіздері  бастауышта қазақ тілін оқыту  әдістемесін жетілдіруге  мүмкіндік  ашады. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің ары қарай зерттелуіне негіз болады

Зерттеудің  практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы тапсырма үлгілерін мектеп мұғалімдері тіл дамыту сабақтарында қолдануына болады.

 

 

 

 

 

 1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫНЫҢ АУЫЗША ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесінің зерттелуі

Тіл дамыту мәселелерінің зерттелу жайы туралы әдістемелік еңбектерді зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан талдау жасай отырып,  бастауыш сынып жасындағы балалардың ауызша тілін дамытуда басшылыққа алдық.

Қазақ даласында оқу-ағарту ісін ұйымдастыру, қазақ балаларының  сауатын ашу мен тілін дамыту мәселелеріне арнап алғаш рет  ғылыми еңбектер жазған ғалым Ы.Алтынсарин болды. Ұлы ағартушының өзіміз қарастырғалы отырған  тілдік объектімізге қатысты пікірлері мен ұстаған принциптері «Қазақ хрестоматиясы» оқулығынан, жоғары орындарға бағыттаған Халық ағарту мәселелері туралы ескертпелерінен, достары мен таныстарына жазған хаттарынан, «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» атты әдістемелік еңбегінен анық байқалады.

«Киргизский мальчик, - деп  жазды Ы.Алтынсарин «Орыс тілін  қазақтарға үйретудің бастауыш құралының» алғы сөзінде, - сразу поставленный в необходимость изучать в  одно и то же время и значение слов, и грамматические изменения их, встречающиеся в книгах, не по систематическому при этом порядку, становится втупик, не может ничего обощать в своей голове ввиду разнообразной сложности встречающихся правил; дело доходит даже до того, что он решительно ничего не понимает...

... Поэтому, по нашему  мнению, для киргизских детей,  прежде, нежели они приступят  к чтению русских книг с  объяснением прочитанного, необходима  некоторая систематическая подготовка  к пониманию как отдельных  слов, так и основных грамматических правил. Без такой предварительной подготовки, понятия учеников могут спутаться.... [7, 90-91].

Ұлы ағартушының бұл  пікірлерінен, сондай-ақ осы аталған  әдістемелік құрал құрылымынан  сөз етіп отырған тақырыбымызға  қатысты үш түрлі тұжырым жасауға болады:

біріншіден, әңгіме қазақ  балаларының орыс тілінде сауатын  ашу туралы болып отырғанымен, сол  кездің өзінде сөз мағыналарын білмейтін, сөздік қоры жүйеленбеген оқушыны жазуға және оқуға үйретудің қиындығы өткір  мәселе ретінде қойылғандығы;

екіншіден, аталған кітапта мектеп есігін жаңа ашқан қазақ балаларының сөздік қоры мән-мағынасына қарай шартты түрде сегіз топқа бөлініп, жүйеге түсірілген. Бұдан Ы.Алтынсаринді оқушылардың білуге тиісті сөздік қорын барлап, көлемін айқындауға талпыныс жасаған қазақ топырағындағы тұңғыш әдістемеші ретінде атап өтуге толық құқымыз бар;

үшіншіден, аталған кітапта  қазақ балаларының назары ана  тіліндегі синонимдік, антонимдік құбылыстарға алғаш рет аударылды.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық  мұраларының ішінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрету, олардың тілін дамыту әдістемесіне қатысты құнды пікірлері көп кездесетін тұстары – оның достарына, әріптестеріне жазған хаттары. Бұл хаттарында ұлы ағартушы қазақ балаларының сауатынашуға кедергі болып жүрген мәселелерді батыл көтеріп, осы жұмысты нәтижелі жүргізуге ықпал ететін өзінің әдістемелік нұсқауларын баяндайды, тіпті, кейде сол кездегі қазақ балалары оқитын мектептерде қолданылған бағдармаларды жетілдіру жолдарын да атап өтеді. Мысалы, «...жат әріппен жазылған біздің оқу құралдарымыздың күші, меніңше, өте нашар,- дейді Ы.Алтынсарин 1871 жылдың 31 тамызында К.И.Ильминскийге жазған хатында. – Біз бұл арада сол құралдың өзімен, бірақ сапасы жағынан басқа, олардың ақылына ақыл қоып, оларды шындыққа, басқаша айтқанда, оқуға жетелейтін құралмен, қазақтардың өздеріне таныс, оны ешкім де жек көрмейтін құралымен іс етуіміз керек; бұл оқуымыз да жоғарыда айтқандай сапалы болса болғаны,мәселенің ең мәнді жері: қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін, бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара беру керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқып, бұл кітаптар татар кітаптармен қатар, зор күш болар еді. Бұл арада әріптер арабша не орысша болуы – араб әріпінің ептеген зияны болғанымен ісімізге онша кесел келтірмейді. Ал араб әріпінің ол зиянынан құтылуға болады. Міне, менің шын пікірім осы».

«Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім, - дейді Ы.Алтынсарин Н.И.Ильминскийге 1864 жылы 16 наурызда жазған тағы бір  хатында. – Бұл балалар да менің  айымызды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды... Мен әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат аттарын үйретемін; содан кейін заттың сынын көрсететін – сын есімді үйретемін, осылардан кейін зат есімді олардың сынымен қосып: ақ адам деген сияқты сөйлемдерді құрып үйретемін». Міне, бұл пікір – оқушылардың тілін дамыту әдістемесіне қатысты қазақ топырағында тұңғыш айтылған ғылыми тұжырым.

Демек, Ы.Алтынсариннің  мектептегі оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын жүргізу әдістемесін жасауға қазақ топырағында тұңғыш рет талпыныс жасаған әдіскер ғалым екеніне шүбә келтіру мүмкін емес.

Ы.Алтынсариннен кейін  қазақ даласындағы оқу-ағарту мәселелерін  ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдап, халыққа білім берудің тұтас жүйесін қалыптастырған ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. Оның араб әріптері негізінде ана тілінің табиғатына бейімдеген жаңа әліпбиі, қазақ  тілінің ғылыми терминологиясының негізін қалаған оқулықтары мен әдістемелік еңбектері ұзақ жылдар бойы қазақ мектептеріндегі негізгі оқу құралдары ретінде қолданылып келгені белгілі. Біз бұл еңбегіміздің осы тұсында А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Тіл жұмсар» сынды әдістемелік еңбектері мен сауат ашу әдістерін талдауға арналған «Қай әдіс жақсы?», «Жалқылау (айырыңқы) әдіс», «Жалқылау-жалпылау әдіс» атты мақалаларындағы өз зерттеу тақырыбымызға қатысты пікірлерге ғана тоқталамыз.

А.Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдер жүйесі өзге жұрттарға еліктеуден тумауы керек, ана тілінің төл табиғаты, оның баланың ойы мен тілін  дамытудағы жеке тұлға ретінде қалыптауындағы маңызы ескеріле отырып жасалынуы қажет деп айтқан пікірі әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ..

«Сақал» деп жазып, «сақал»  деп оқитын, «тырма» деп жазып  «тырма» деп оқитын дыбысша емлесі бар қазақ, қырғыз сияқты жұрттарға  дыбысты әдісті қолдану тиістігіне дау болмасқа керек еді, өйткені  – басқа  да дыбысша емлесі бар жұрттар дыбысты әдісті қолданып отыр. Мәселен, италиян жұрты, - деп, өз пікірін нық дәлелдеген А.Байтұрсынұлы одан әрі сауат ашудың негізгі мәніне тоқталады.

А.Байтұрсынұлы сауат ашу барысындағы ауызекі әңгіме әдісінің де маңызын жоққа шығармайды, керісінше, әңгімелесу әдісін, оқушылардың жеке сөз мағынасын жақсы білуін, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты айыра білуін сауат ашуға қажетті алғышарт ретінде қарайды. Мұны біз оның «Жалқалаулы-жалпылау әдісі» деген мақаласынан анық байқаймыз. Кейінгі әдістемешілер (Ғ.Бегалиев, С.Рахметова, М.Жұбанова) сауат ашудың «дыбыстық талдау-жинақтау әдісі» деп атап кеткен бұл әдісті А.Байтұрсынұлы төмендегідей үш түрге бөледі.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту