Параметрлік бағдарламалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа

Краткое описание

Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.

Оглавление

Кіріспе ....................................................................................................................4
1. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің классификациясы...................................................................................................7
1.1. Оқыту техникалық құралдар негіздері......................................................16
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы......................25
2. Бөлім . Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі...............................................................................................................30
2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану...............................................................................................................46
2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері .....48
3. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия компанеттері..........................................................................................................53
3.1. Мультимедиа.............................................................................................59
3.2. Интерактивті тақта мүмкіндіктері..........................................................65
Қорытынды............................................................................................................83
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

Файлы: 1 файл

ОҚТ.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

-                 этнопедагогикалық тәрбие береді;

-                 оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-                 оқытушының уақытын үнемдейді;

-                 қосымша мәліметтер береді.

Қазіргі мектеп жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу

Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу

Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану

IV. Жаңалықтарды бекіту

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. «Білім туралы» Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8-бабында білім беру жүйесі басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.

Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:

•              Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;

•              Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді.               Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.

 Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы  оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи  объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында ұлттық тарихымыздың, ұлттық менталитетіміздің, ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына білім беру жүйесіндегі ірі реформалық процестер жетекшілік ететіні даусыз.  

Теориялық білімді игерту мен жаңғырту  және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен  біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.

Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің  танымдық маңызы да зор болады.

      Инновациялық технологиялар:

1) өңірлік деңгейде инновациялық технологиялар саласында дарынды балалармен жұмыс жасайтын  күрделі сипаттағы ғылыми мәселелер бойынша зерттеу өткізуді жүзеге асыратын ғылыми басшылық;

2) өңірлік деңгейде инновациялық мәселелер саласында дарынды балалармен жұмыс жасайтын әдістерді, моделдерді, бағдарламаларды, жобаларды, әлеуметтік-маңызды концепцияларды, жаңа педагогикалық технологиялармен дайындау және үйрету бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын өткізу; 

3) аймақтық деңгейде жаңа педагогикалық технологиялар бойынша оңды тәжірибелерді тарату және  жинақтап қорыту, үйрету; 

4) облысымыздың дарынды балаларымен жұмыс жүргізетін білім мекемелеріне инновациялық мәселелер бойынша жинақтар, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар дайындау;

5) өңірлік деңгейде дарынды балаларды оқыту әдістерін жетілдіру бойынша фестивалдер, семинарлар және кеңестер  ұйымдастыру және өткізу.

 Инновациялық технологиялардың құрамына мына төмендегілер жатады:

•              Жобалау технологиясы;

•              Саралап даралап оқыту;

•              Дамыта оқыту технологиясы;

•              Модульдік оқыту технологиясы;

•              Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

•              Сатылай комплексті талдау;

•              VTS бағдарламасы;

•              Деңгейлеп оқыту технологиясы;

Деңгейлеп оқыту технологиясы:

Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты

2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады

Инновациялық технология нәтижелері:

1.              Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.              Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

3.              Олардың  әрқайсының деңгейін анықтай аласың.

4.              Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.              Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6.              Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.              Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген  кәсіби сенімін қалыптастырады.

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын    арттыру:

•              Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

•              Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

•              Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

•              Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:

- жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;

- педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру;

- оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс - әрекет ретінде.

Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі.

Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс – инновациялық іс-әрекет – инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару.Жаңалық ғылыми – зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама – қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс–тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.Лапиннің инновациялық процеске байланысты екі ілімі қолданылады:

1) қарапайым түрде қолдану, ол яғни ашылу – жаңалық енгізу (новация) – қолданушылардың арасындағы бөлінуі – көпшіліктің қолдануы;

2) кеңейтілген түрде қолдану – ашылу – новация – таралуы – меңгеруі және модификация – рутинизация, яғни дәстүрге айналуы.

Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын Н.В. Горбунова, М.В. Кларин, А.В. Лоренсов, М.М. Поташник, П.И. Пидкасистый, Л.И. Романова, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, Т.И. Шамова, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған.

Лапин басқа қазіргі зерттеушілер сияқты жаңалық айтқандардың (Мор, Роджерс, Сазанов, Шумпотер) осылардың барлығы да негізгі ерекшеліктері болып саналатын жылдамдық, барлық инновациялық процестердің сапасы басқа ортаның спецификасымен анықталып, инновация көмегімен қолданылады.Осы кезде бейімделу процесінде жаңа бейімделу ұйым этаптары бірігіп, жаңалықты қабылдау, оған бейімделу, келесі рутинизация немесе жоққа шығару.Жаңалықты қабылдап, танып зерттеу, оны қолдану, қабылдау, жаңалықты қалыптастыру, жүзеге асыру, яғни мазмұны психологиялық түсінікке жақын, қабылдау – қабылдау және қорытындысы ретінде жаңалықты қолдану. Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы инноватика инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы.

Информация о работе Параметрлік бағдарламалау