Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:55, дипломная работа

Краткое описание

В дипломной работе рассматривается тема ”Применение информационных сети в учебном процессе”. Работа состоит из трех частей. В основной части работы дается теоретические сведения о информационной сети, в практической части даны задания для практических работ с методическими указаниями.А в методической части дано план работы проведения урока.

Оглавление

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Практикалық бөлім
5. Қорытынды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Файлы: 1 файл

дарикулова.doc

— 536.50 Кб (Скачать)

Желі  топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Топологияның үш негізгі типі бар:

1. «жұлдызша» 

2.«сақина» 

3.«шина»

 ОЖ Windows 95 те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар, олар: MS Exchange программасы және Shedule+ программасы.

VIII. Үйге тапсырма:

§4.1 Компьютерлік желілер (161-167 беттер).

IX. Бағалау.

 

 

Сабақ №______                             Сыныбы______                          Күні______

 

Сабақтың  тақырыбы:     Ауқымды компьютерлік желі. 

                                                           Интернет

 

Сабақтың  мақсаты: 

Білімділік:           Оқушыларға компьютерлік желі Интернет туралы  жалпы түсінік беру және жаңа ұғымдар, терминдермен таныстыру

Дамытушылық:    Оқушылардың интернет жайында ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:         Оқушыларды  жауапкершілікке , адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Тәжірибелік:       Оқушыларға интернетпен жұмысты,электрондық почта ашуды, ақпарат іздеуді үйрету.

          Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын  талаптар:  

   Оқушылар  осы тақырып бойынша жаңа ұғымдарды,  сөздерді, терминдерді меңгерулері  қажет .

                         Оқушылардың икемділігіне қойылатын талаптар:

                     Оқушылар компьютермен интернетке шығып ақпарат іздей білулері қажет.

                    Сабақтың түрі:    Жарыс сабақ.

                     Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, сұрақ-жауап,«кімнің

                           жолы болғыш», «аңшы» және «ойлан тап»   ойындарын ойнату.

                      Сабақтың көрнекілігі: Плакат,карточка, асық.

Пән аралық байланыс:  ағылшын.

                      Сабақтың барысы:       

Ұйымдастыру:

                      Сәлемдесу, түгелдеу  , оқушылар назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын  сұрау:    Жарыс сабағы болғандықтан сыныпты

 екі топқа  бөліп жарыстырамын. Үй тапсырмасы жарысымыздың

бірінші турына кіреді. Бұл тур «кімнің жолы болғыш»  деп

аталады. Әр командадан оқушылар кезек –кезек шығып асық

 иіреді. Егер  «алшы 8», «тауке 6» , «шік 4»,  «бүк 2»  ұпай алады.

 Асық иіргеннен  кейін үй жұмысына байланысты  сұрақтарға

 жауап береді. Сұрақтар біркелкі болады, сонда жолы болғыш

адам көп  үпай алады.

         Үй тапсырмасының сұрақтары:

 

Үй тапсырмасын бекіту:  Үй тапсырмасынан  ешқандай сұрақтары болмаса, жаңа сабаққа көшеміз.

 

Жаңа  сабақты түсіндіру:  (мазмұны)

Қазіргі уақытта 20-дан астам ауқымды желілер  бар, олардың ең танымалысы – интернет желісі.

  Интернет – бір – бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Бүгінде осы ақпараттық кеңістікке 120 млн  пайдаланушылар қосылған.

Интернет 1969 жылы АҚШ-та  осы елдің қорғаныс министірлігінің  тапсырысы бойынша жасалған  ARPANET желісінен пайда болған. ARPANET алғашқыды оқу орындарын, әскерлер мен   әскери мердігерлерді біріктіретін желі еді.  Зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық  шабуыл кезінде  қалай байланыс жасау керектігін зерттеу  үшін жасалған. Ұзамай бұған файлдарды электронды почтаны  және жөнелту  тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мақсаттары бір мәселемен  айланысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуына мүмкіндік ашу болатын. ARPANET  өсе келе және басқа желілердің пайда болуы оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігін тудырды. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден түратын интернет дүниеге келді. Желі аралық құрылғылар жұмыс істеуі үшін бірегей ереже қажет болды. Ол ереже , басқаша айтқанда -   хаттама деп аталды.

 Хаттама   дегеніміз  - келісімдер жиынтығы, ал ол болса түрлі программалар  арасында мәліметтер алмасуды  реттейді.

 Интернетте TCP/IP пайдаланылады. Бұл әріптер Transmissin Control Protocol / Internet Protocol ( беру басқармасының хаттамасы/ желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. IP желідегі адрестерге жауап береді . Ал  TCP хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізеді. Олар 1974 жылы жасалған. Байланыстың талшықтық, оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютердің бірнешеуі интернеттің тірек желісін құрайды.  Бұл желіде суперкомпьютерлер жұмыс істейді. Тірек желісіне мысал: қарамағында ұлттық көлемдегі компьютерлік желілер   тек ірі ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тізбектерінің өткізу қабілеттігі ондаған тіпті, жүздеген Мбит/с шугінде. Ұлттық желілерге кәсіпорындар  мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Кейін жергілікті желілендің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосылы алады. Егер ұйымдар мен жеке пайдаланушылар ақы төлеу негізінде интернетке шығарылатын болса  оларды провайдерлер деп атаймыз. Интернетте көптеген қызметтер жұмыс істейді .

Ең танымалылары – электрондық почта (E-mail),WWW мәліметтер базасы , USENET  телеконференциялар жүйесі және  ҒТР файлдықт архивтер жүйесі.  Әр қызметтің өз хаттамасы бар.

Соңғы жылдары  аса ауқымды ақпараттар тасқыны  дәл осы       WWW (Wold Wide Web)   ;жүйесінің және онымен байланысты хаттамалардың пайда болуынан туындаған .WWW ққұжаттары үшін арнайы программалар – броузерлер болады, олар Web құжаттарын экранда көрсетеді.  Броузердің көмегі арқылы біз WWW   құжаттарының көпшілігіне шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенінің гиперсілтемелері болады. ол деген басқа Web құжаттың адресі байланысқан мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі. Броузерде қарағанда мәтіндік гиперсілтемелер түсі мен асты сызылғанымен , ал графикалық гиперсілтемелер жақтауымен ерекшеленеді.  Тышқан көрсеткішін гиперсілтемеге жақындатқанда  пішінін алақан бейнесіне өзгертеді. Сол гиперсілтемені шерткенде броузер автоматты түрде сол Web құжатты, ол тіпті басқа континентте болса да жұктейді. Осылай бір құжаттан басқасына өтіп Web кеңістігінде саяхат жасауға болады. ең танымал кең тараған броузер – Netscape Navigator, одан соң - Internet explorer.  Ол  Windows 95  операциялық жүйесіне  тіркелген.  Бүкіл әлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік есім деп аталады. Интернет  обоненттерінің бір-бірімен байланысы қарапайым болуы үшін, адрестердің бар кеңістігі облыстарға домендерге бөлінеді. Негізінен  домендер екі әріптен тұратын географиялық  аймақтарды қамтиды.Мысалы:

Қазақстан - kz.Россия - ru  және т.б.  Жоғары деңгейдегі доменнің сол жағындағы домендер қосымша болып табылады мысалы: home.microsoft.com бұл жерде home  microsoft- тың қосымша домені, ал ол сом – ның қосымша домені болады.  Интернетте ақпаратты қарау үшін Internet Explorer броузерін пайдалануға болады. Оны іске  қосу үшін   Пуск Программалар Internet Explorer командаларын орындаймыз. Explorer программасы сіздің провайдермен  интернет қызметін (немесе жәй ғана провайдермен) байланыстырыады.  Содан соң Internet Explorer  терезесі шығады. Терезенің мазмұнын айландыру тетігі арқылы көруге болады. Асты  сызылған мәтін кездессе көрсеткіш  қол пішініне енеді  яғни байланыс (гиперсілтеме) бар .  Таңдалған   ақпараттың мазмұнын  тышқан батырмасын шерту  арқылы көреміз осылай жалғастыры беруге болады. Артқа қайту үшін «назад» батырмасын пайдаланамыз. Кез-келген ақпаратты тақырып бойынша іздеу ыңғайлы  Мысалы: ақпаратты орысша іздестіру сервері арқылы іздеу үшін Internet Explorer программасында  адрес алаңына  Rambler.ru –ді енгіземіз. Сонда Internet Explorer осы сервердің бастапқы бетін жүктейді. Пойск алаңына тақырып атын енгізу керек сосын пойсл батырмасын шертеміз. Табылған адрестер келесі Web бетте көрінетін болады. іздеу нәтижелері Internet Explorer терезесінің оң жағында пайда болады. Табылған  тақырыптарды қарау барысында интернет  пойск  панелі терезенің оң жағында шығып тұрады,яғни  іздестіруді одан әрі жалғастыра аласыңдар.

Жаңа сабақты бекіту:

 Бүл  жерге жарысымыздың екінші   туры кіреді. Бұл тур           «аңшы» деп аталады . бірінші аңдарды ату қажеттігі туады  әр оққа сұрақ жасырылған , әр  топтан    оқушылар кезек – кезек шығып таңдаған аңдарды атуға құқы бар. « Үкі – 10 үпай» «Бүркіт – 20 үпай» «Аю – 30 үпай» оқтың сұрағына жауап берген соң , атқан аңның сұрағына да жауап беру қажет. Жауап болмаған жағдайда қарсыласының мүмкіндігі бар.

 Оқтың сұрақтары:

    1. MS DOS операциондық жүйесінің негізгі бөліктері.

Жауабы: BIOS, О.ж.ж, IO.SYS, MSDOS.SYS, COMMAND.COM

    1. Интернет деген не?
    2. BIOS қызметі .    

     Жауабы: компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысында орындалатын мәліметтерді енгізу шығару қызметін атқарады.

    1. MSDOS операциондық жүйесінің командалары қандай екі топқа бөлінеді.

      Жауабы: Резидентті және Транзитті

    1. IO.SYS файлының қызметі.

                   Жауабы:  сыртқы құрылғылармен  информация алмасудың барлық операцияларын орындайды.

    1. Резидентті ішкі командаларды ата.

     Жауабы: RD,DIR,CD,MD,COPY,PRINT,REN,DEL.

    1. ARPANET дегеніміз не? Және оның қызметі
    2. Тірек желі деген не?
    3. Интернетте жұмыс істейтін қызметтерді ата.

      Аюдың сұрақтары:

    1. Хаттама дегеніміз не және оның қызметі
    2. Интернетте жұмыс істейтін қызметтерді ата.

      Бүркіттің сұрақтары:

    1. Броузер не үшін керек?
    2. TCP/IP қазақша баламасы және қызметі қандай?
    3. Домендік есім деген не?

      Үкінің сұрақтары:

    1. гиперсілтеме деген не?
    2. Интернеттің қысқаша анықтамасы
    3. TCP/IP қай жылы жасалған?
    4. Провайдер дегеніміз  не?

 

       Жарысымыздың үшінші туры  «ойлан тап» деп аталады. Оқушылар бірінші   щрифтограмманы шешеді  сонда сұрақтар шығады, соларға жауап беру арқылы үпай жинайды.

Щрифтограмманың  шешу  жолы: онда кесте беріледі, кестенің әр  клеткасында  үстінен  сызылған әріптер  жазылады, тапсырма бергенде  әріптерге  сәйкес  клеткалар  арқылы  сұрақтар  береміз.  

     Щрифтограммада жасырылған сұрақтар:

       1-ші команда

  1. интернет деген не ?
  2. броузер деген не?
  3. Дискті форматтау командасы   Жауабы : FORMAT

 

2-ші команда

  1. модель дегеніміз не?
  2. Сервер деген не?
  3. Дисктің көшірмесін алу командасы     Жауабы: COPY

 

Үйге тапсырма:

Осы тақырыпты оқып түсініп келу, мүмкіндіктеріңше  интернетте

жұмыс істеп көріңдер.

Интернеттен информатикаға байланысты бір-бір рефераттан дискетке көшіріп алып келіңдер.

Оқушылардың білімін бағалау:  бүгінгі сабақта жеті оқушы 5(бес), екі оқушы 4(төрт) деген баға алды.   

Қорытынды.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде Компьютерлік желілердің түрлері, желіге қосылатын компьютерлермен байланыс жасау түрлері көрсетілген , WWW (бүкіл дүние жүзілік өрмек) – тің атқаратын қызметі және оны жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы теориялық мағлұматтар берілген.

Windows операциялық жүйесінің желілік қоршаудағы және желіге қосылу мүмкіндіктері, оның қызметі және қолданылуы жайында  мәліметтер берілген. Оның атқаратын қызметі, маңыздылығы және жүзеге асыруға болатын мүмкіндіктері көрсетілген. Сонымен қатар ортақ пайдаланатын файлдарды, тұтас дискілерді және принтерлермен жұмыс істеуді басқаруды іске асыру туралы жазылған.

Жұмыстың практикалық бөлімінде білімгерлердің өзіндік жұмыстарды орындауына тапсырмалар берілген. Яғни берілген тапсырмаларды орындау арқылы білімгерлер тақырып бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолданып біле алады.

Ал, әдістемелік бөлімінде Компьютерлік желілер ,Ауқымды компьютерлік желі. және Интернет тақырыптарына сабақ өткізу жоспары берілген.

Сондықтан да дипломдық жұмыстан білімгерлер Дербес компьютерлермен, оның ішінде желілермен жұмыс жасау үшін және Интернетке шығу мүмкіндіктерін оқып үйрену үшін, қазақ тілінде жазылған көмекші мағлұматтар ала алады.

Информация о работе Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану