Қазақстан Республикасы Парламентінің мәртебесі, оның құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 17:20, реферат

Краткое описание

Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.

Оглавление

Кіріспе 2
Негізгі бөлім. 4
1) Қазақстан Республикасы Парламентінің мәртебесі, оның құрылымы 4
2) Қазақстан Республикасы Парламантінің жауапкершілігі 5
3) Парламенттің құзыреті және оны жүзеге асырудың ұйымдық нысандары. Заң шығару процессі 8
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 20.20 Кб (Скачать)

Сенат әр облыстан, республикалық  маңызы бар қаладан және Қазақстан  Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары  депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды.  

Мәжiлiс жетпiс  жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат  республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен  сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша  сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк  жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық  сайлау округiнiң аумағы бойынша  партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады.  

Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс  депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес  жыл.  

1995 жылғы 30 тамызда  жалпы халықтық референдумда  қабылданған Қазақстан Республикасының  Конституциясында «Парламент» ұғымы  алғаш рет ресми түрде бекітілді.  Осыдан кейін ғана ел Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Констициялық  заң күші бар Жарлыққа қол  қойды, оған сәйкес қос палаталы  Парламентке депутаттарды сайлау  процесі 1995 жылдың соңында өткізілді. 

   
 
 
 
 
 

  
 
 
 

  
 

  

Информация о работе Қазақстан Республикасы Парламентінің мәртебесі, оның құрылымы