Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 21:28, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Оглавление

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ---------------------------------------5
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны----------------------------------5
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару-----------------------7
1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер---12
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------16
2.1 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау--------------------------------------------------------------------------16
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты---------18
2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы қаржы нарығы--------------------21
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары ------------------23
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------25
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------26
Қосымшалар -------------------------------------

Файлы: 1 файл

ЖОСПАР-касипорын каржылык есептеу.doc

— 155.50 Кб (Скачать)

    Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отыруы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы рынок санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы рыногы жағдайында кәсіпорын ұғымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал халық шаруашылығы қосымша қаржы кезеңдеріне ие болады. Мұндай капитал нарықсыз кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың инвестициялық мүмкіндіктері тек өздерінің  құрал-жабдықтарына шектеліп, басқадай толтыру көздері жоқтың қасы.

    Біздің  шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек белең алып, қаржы нарығы тіпті болғанда жоқ. Ақшаның барлық коры мемлекеттің колында болып, мемлекеттІк бюджет арқылы ұлттык табыстын үштен екісі бөлінді. Несие жүйесінде тек қана мемлекеттік банктер жұмыс жасады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

    3.1. Кәсіпорын қызметінің  тиімділігін арттыру жолдары

    Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен үкіметі қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2009 жылы желтоқсан айының, 3-жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызға жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 52,1 мыңнан астамы қараша айында белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.

    Белсенді  жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,8 пайызы) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3%) тиесілі.

    Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2009 жылғы 1 желтоқсанға есептелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты.

    Есептелген дерек бойынша 2009 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 5577,1 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2009 жылғы қаңтар айындағы деңгейден 15,8 пайызға жоғары.

    Шағын бизнес кәсіпорындарын экономикалық қызмет түрлері бойынша алып қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2009 жылдың 1 желтоқсанына барлық тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығында, аң және орман шаруашылығында — 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте — 16,3 мың және 11,6 мың құрылыста — 18,0 мың және 14,5 мың саудада, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүлігін жөндеуде — 67.6 мың және 45.0 мың жылжымайтын мүліктермен операция жасауда, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде — 15,9 мың және 32,6 мың шағын кәсіпорын бар.

    Ал  енді жеке өңірлер бойынша алып қарасак, онда Алматы қаласында тіркелген шағын кәсіпорындар саны 50,6 мың (барлык кәсіпорынның 35,2%), жұмыс істсйтіні 31,7 мың (30,8%), Оңтүстік Қазақстан облысында тиісінше — 13,1 мың (9,1,) және 9,0 мың (18,8%), Астана қаласында - 11,8 мың (8,2%), және 9,8 мың (9,5%), Шығыс Қазақстан облысында — 9,4 мың (6,6%) және 6,8 мың (6,6 %), Қарағанды облысында — 9,1 мың (6,4%) және 6,5 мың (6,3%) шағын кәсіпорын бар және жұмыс істейді.

    Шағын бизнес, сондай-ақ республика жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалықты құрмай-ақ жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2009 жылғы 1 қазанға саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.

    Ауыл  шаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының дамуымен сипатталады. 2010 жылдың 1 желтоқсанына республикада 174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше 66,2 мың (37,9%) және 59,8 (41,0%) мыңы Онтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиесілі, 40,8 мың (23,4%) және 35,1 мыңы (24,0%) Алматы облысына т.б.  

    Қорытынды 

    Жоғарыда  келтірілген деректерден байқауға болатыны және қорытынды жасап айтарлық пікірлерге келсек, біріншіден, бұл көрсеткіштер жоғары лауазымды адамдар айтып жүрген деректерден едәуір аз екендігі. Екіншіден, шағын кәсіпкерлік әлі де болса өз дамуының мүмкін деңгейіне жетуден көп төменде, сан жағынан да, сапа жағынан да. Өндірген өнім көлемі  және оның құрамы жағынан да, мемлекеттік бюджетке төлем көлемі бойынша да, жалпы ішкі өнімдегі үлесі жөнінен де, жұмыспен жұмыссыз адамдарды қамту жағынан да шағын кәсіпкерліктің қоғамдағы рөлі әлі де мардымсыздау деуге толық негіз бар.

    Сондықтан да бүгінде шағын кәсіпкерлікті  одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ та дамыта түсу үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым экономистерді де, басқа  қауымды да бейтарап қалдырмаса керек.

    Бұл бағдарламада шағын кәсіпкерлікті  дамыту Қазақстан Республикасын  Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға тығыз байланысты болуға тиіс. Өйткені көп елдерде, әсіресе Жапонияда шағын кәсіпорындар, шағын кәсіпкерлік өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына, мәселен машина жасау зауыттарына жекелеме бөлшектерді әзірлеп, даярлап беру арқылы, солардың төңірегінде дамиды.

    Республикамызда  нарықтық  қатынастарды  қалыптастырудағы  маңызды   міндеттердің  бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар  экономиканың  құрылымдық  қайта құруын  жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына  жедел әрекет етеді. Республикада  шағын бизнестің  дамуы мен қызмет  жасауына  қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық  шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдарды  жасалуда. 

    Қолданылған әдебиеттер 

    
  1. Президенті  Н.Ә.Назарбаев// «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы
  2. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын  талдау» Алматы – 2001
  3. Ілиясов Қ. «Қаржы»,  Алматы - 2003
  4. Қазақстан Республикасының  Заңы «2005 жылға арналған республикалық  бюджет туралы»
  5. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
  6. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» Алматы – 2001
  7. Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік  қаржы  жүйесіндегі  бюджеттік  процедурасын  орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.
  8. Мауленова С.С. «Экономикалық теория»
  9. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003  ж
  10. Балабанов Финансовый менеджмент, Москва, 1994
  11. Уткин Э.А. Курс менеджмента М., 1998
  12. Кәсіпорын және кәсіпкерлік қызметін басқару, ҚазЭУ – 2004, N 7

        13. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы  экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.

    14. Финансовый  менеджмент//Москва, 1999

    15. Дүйсенбаев  К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдау//Алматы - 2001

                                           
 
 
 
 
 
 
 

    Қосымша 1 
 
 
 

    Фирманың  функционалдық  қосалқы  жүйелерінің  құрылымы

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қосымша 2

    Кәсіпкерлік қызметтің негізі  ұйымдық  түрлерінің  артықшылығы  мен  кемшілігі

Кәсіпкерліктің  түрлері     Артықшылығы     Кемшілігі
1. Бір  тұлғалы  жекеленген  шаруашылықтар     Ұйымдастырудағы  қарапайым дылығы.Қызмет жасауының  то лық еркіндігі. Нарықтық салада ғы мінез құлқының икемділігі. Қызметінің құпиялығын сақтау мүмкінідігі. Барлық табыс табу

    дағы  максимальды мүдделігі.

    Капиталды  көптеп  тартудағықиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық  ұйымдық  және  басқарушылық  іс - әрекеттің бірік – тірілу қажеттілігі.
2.Серіктестіктер     Басқару бойынша  міндеттерді бөлу. Қаржы  тартудағы  үлкен мүмкіндіктер. Еркін  және  оперативтік іс - әрекеттің  әріптестермен келісу кезіндегі  шектеулілігі.     Әріптестердің  өзара  өнімсіздігінің ықтимал дығы. Сенімсіздік арқа - сындағы әлеуметтік – психологиялық комфорт сыздық.
3.Акционерлік қоғамдар     Қосымша капиталды тезірек 

    және  кеңірек тарту  мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.

    Басқарудың  тым күрделі лігі және оның  оперативтілігінің  төмен ділігі. Акционерлердің  басқаруға  қатысуы мен  бақылау  деңгейінің  жоғары еместігі.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін талдау