Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар туралы түсінік................................................4
1.1. Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі............................4
1.2. Инвестициялық жобалар ұғымы.....................................................................5
2. Инвестициялық жобалардың негізгі принциптері мен тиімділігін бағалау әдістері......................................................................................................................8
2.1. Инвестициялық жобалардын экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі принциптері..................................................................................................8
2.2. Инвестициялық жобаларды экономикалық тиімділігін бағалау әдістері............................................................................................................10
2.3. Жобаның ақша төлемдерінің таза ағымын бағалау және инвестициялық жобаның шегін анықтау........................................................................................13
2.4. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау....................14
3. Инвестициялық жобаны бағалау.........................................................14
3.1. Инфляциялық факторын
есепке ала отырып инвестициялық жобаны бағалау....................................................................................................................15
3.3. Белгіссіздік жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау..................17
3.4. Қаржылық инвестициялық жобаны бағалау...............................................21
3.5. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруын ұйымдастыру..................24
Қорытынды және ұсыныстар...............................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізім.........................................................................28
Қосымша.................................................................................................................29

Файлы: 1 файл

кур жумыс банк Word (4).doc

— 287.00 Кб (Скачать)

F – ақшанын болашақ құны;

P – ақшанын бүгінге (келтірілген)  құны;

A – жылдық ақша ағымы;

n – пайыздар есептелетін мерзім  саны;

i – есептеу мерзімінде нақты  пайыздық қойылым. 

1 Ақшанын болашық құны келесі  формуламен есептеледі:

F=P(1+i)n.

2 Ақшанын бүгінгі (келтірілген)  құны келесі формуламен есептеледі:

P=

3 Жыл сайынғы ақша  ағымының болашақ құны келесі  формуламен есептеледі:

F=

4 Ақша ағымының n мерзімі  ішінде i пайыздық қойылымымен жыл  сайынғы мөлшері (А) келесі  формуламен есептеледі:

А=

5 Ақша ағымының n мерзімі ішінде i пайыздық қойылымымен болашақта жыл сайынғы ақша ағымының А бүгінгі (келтірілген) құны келесі формуламен есептеледі:

Р=

Мұндай тапсырма инвестицияларды  бағалы қағаздарға салуды анықтау кезінде, бүгінгі уақытта салынған шығындар болашақта жыл сайын дивиденттерді әкелуін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

6 Жыл сайынғы ақша  ағымының А құны, егер олардын  бүгінгі (келтірілген) құны Р,  мерзімі n және пайыздық қойылымы i белгілі болса.  Мұндай тапсырма  бастапқы капиталды бірінғай төлемдермен өтеу кезінде қолданылады, формуласы келесі: 

А=

 

2.4. Жобаның ақша төлемдерінің таза ағымын бағалау және инвестициялық жобаның шегін анықтау 

Ақша ағымыны экономикалық табиғаты және жіктелуі.

 Ақша ағымы (ағылш. аударғанда «қолма қол ақша ағымы») – кәсіпорынның белгілі бір уақыт мерзіміндегі ақша қозғалысын білдіретін нәтиже.

Ақша ағымына нақты  баға беру үшін кәсіпорынның қаржы  ресурстары туралы және олардын уақыт  мерзімінлегі қозғалысы туралы, яғни ақша ағымы бойынша ақпарат қажет.

Инвестициялық жобаларды  құндылық бағалауда ақша ағымы келесі формуламен анықталады:

Ақша ағымы (АА) = Таза кіріс + Амортизациялық аударымдар –  инвестициялық шығындар +/- таза айналым  капиталының өзгерісі.

Таза айналым капиталы = Қысқа мерзімді активтер – қысқа мрзімді міндеттемелер

Егер АА>0 инвестициялық  жоба инвесторға пайдалы.

 Егер АА <0  инвестор  шығынданады, яғни проектіге қарсы  болу керек. 

 Егер АА =0  инвесторға  бәрі бір.

Ақша ағымын оң ақша ағымына  және кері ақша ағымына бөлу керек.              Оң ақша ағымы кәсіпорынның шотында жиналатын кірістер, амортизациялық аударымдар және басқа да түсімдер.  

Теріс ақша ағымы –  бұл инвестициялар, салықтар, дивиеденттер, ағымды шығындар, басқа да шығындар. 

Оң ақша ағымы мен кері ақша ағымының айырмасы таза ақша ағымы деп аталады. 

Ақша ағымының пайда  болуына келесі факторлар әсерін тигізеді:

- инфляция темпі. Инфляция  темпі өзгеріп отырғандықтан,  табатын кірістерде өзгереді. Егер  инфляция темпі ағымдағы шығындарға, табатын кірістен жоғары болса, онда таза ақша ағымы төмен болып, және кәсіпорынның қаржылық жағдайы төмендей бастайды. Кәсіпорынға кері ақша ағымын еңбек өнімділігің өсіру, жаңа технология мен техниканы өндіру көмегімен азайту керек.

- қарыз капиталын қолдану.

Кері ақша ағымын төмендету сомасы = (несие бойынша төлем %) * (корпоративтік табыс салығы, %).

- салықтар саны, салық  салу базасы.

Таза ақша ағымы. Төлемдердің  таза ағымы барлық түсімдермен төлемдердің  айырмасы болып табылады. 

Тәжірибиеде шаруашылық операцияларының үш түрін бөлуге болады, яғни ағымды (операциялық), инвестициялық және қаржылық қызметі.

1) Ағымды қызмет өнімді (жұмысты,  қызметті) өндіру мен сатуға байланысты. Ақша қозғалысы мұнда бухгалтерлік  пайда мен таза кірістің қалыптасуына  байланысты операциялардан тұрады.  Бұл қызмет таза кіріс көзінің негізі болғандықтан, ақша қаражатының негізгі ағымын білдіру тиіс.  Он ақша қаражаттар ағымында (тоқсаңнан тоқсаңға дейін) ағымды қызметінен түскен түсімдер қарапайым және ұдайы өндіріске жеткілікті болуы тиіс.   Кәсіпорынға міндеттемелерді өтеу және мүлікті сатып алу, негізінде ағымды қызметінен түскен он ақша қаржы ағымынан жасалғаны дұрыс.   Сондықтан, қаржыландырудын осы стратегиясын өмірге келтіре алатын кәсіпорын жоғары несие рейтингіне ие және қаржылық тұрақты деп айталамыз.  Ағымды қызметінен түскен кері ақша ағымы бар кәсіпорындар өндіріс көлемін бір деңгейде сақтау үшін кредиторлық қарыздарын жоғарлатуға ықтиярсыз, немесе мүлігін сатуға және инвестициялық бағдарламаларды жойып, өнірісін төмендетеді.    Егер осындай жағдай болашақта сқталып қалса, онда ол төлеқабілетсіздеп болып банкротыққа ұшырайды. 

2) Инвестициялық қызмет ұзақ  мерзімді нақты және портфелдік  инвестициялар операцияларымен  байланысты. Инвестициялық қызметі  үшін ақша қаражатының көздері реттелмеген кіріс пен амортизациялық аударымдар, мүлікті сатудан түскен кіріс, акцияны эмиссиялаудан түсімдер, ұзақ мерзімді несие мен зайымдар.

3) Қаржы қызметі корпорацияның  қысқа мерзімді қаржыландыру  бойынша операцияларымен байланысты: несие мен зайымдар, акцияны сату және сатып алу, облигациялық зайымдар және оларды өтеу, валюталық операциялар, вексель мүндеттемелерің өтеу. 

 

III Тарау. Инвестициялық жобаны бағалау.

3.1. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау

 Инвестиция объектісін қаржылық талдауинвестициялық процесстін оның барлық стадиясында үзіліссіз бөлігі болады.   Инвестор қаржылық жағдайы белгіссіз кәсіпорынмен ешқандай жұмыс істей алмайды.  

Қаржылық талдау инвестициялық  жобалардын әр түрлі альтернативті  нұсқаларында жүргізіледі, яғни маркетингтік стратегиясынан, қолданылатын қаржылық, материалдық – техникалық және еңбек ресурстарынан, жобаланатын кәсіпорынның мекенжайының нұсқаларынан, инвестициялық жобанын өндірістік қуаты мен іске асыру технологиясы және ұйымдастырылу негіздерінен тұрады.  Инвестициялық жобаны қаржылық бағалау инвестициялық жобанын берілгендерін техникалық бағалаудан кейін жүргізіледі. Мұнда инвестициялық, өндірістік, маркетингтік шығындармен кірістеріне мән беріледі.  Сонымен қатар, қаржылық бағалау инвестициялық жобаға негіздеме бере отырып, болашақта қателерге жол бермеуге арналған. 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауды  жүргізгенде:

кәсіпорынның қарыз алушы ретінде  репутациясына;

кіріс алу қабілетіне;

активтерінің формалары мен  көлеміне;

экономикалық конъюктура жағдайына көз салынады. 

Инвестициялық жобалардын қаржылық жағдайы  келесі көрсеткіштермен есептеледі:

өтімділікті бағалау (төлемқабілеті);

рентабелділікті бағалау;

капитал айналысын бағалау;

капитал құрылымын бағалау.

Қарастырылған коэффициенттер іске қосылған объектілерімен қатар жаңадан енгізілген объектілерге де қолданылады.

ЮНИДО ұсынысына сәйкес, инвестициялық  жобаны дайындау процессінде қаржылық талдауды жасауға келесі базалық  формалары қажет: жобалық баланстық  ведомістер, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп.

Бухгалтерлік балансының берілгенімен айналым активтер өтімділігі, қарыз  капталын тарту капитал айналысы, табыстылық коэффициенттер есептеледі. 

Қосымша есептердің басқа да түрлері  қолдануы мүмкін: жалпы капитал салымдары туралы мәлімет, айналым капиталының қажеттілігі туралы ақпарат, жалпы өндірістік шығындары туралы мәлімет, қаржыландыру туралы берілгендер. 

Инвестициялық процессінің  спецификалық ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік ақша қаражатының қозғалысымен байланысты. Инвестициялық жобалаудын ен қиын тарауы ақша ағымын және нақты ақшалар сальдосын есептеу болады.  Олар әр дайым он берілгенді көрсету тиіс. 

Инвестициялық жобалау  процессінде қаржылық талдау жобанын мақсаты мен жағдайына қарай техникалық экономикалық незіздемесімен (ТЭН) толтырылуы мүмкін. ТЭН орындауда нақты ақша ағымының есебі бірнеше итерациядан тұрады. Қарыз қаражатының көлемі және тарту уақыты нақты ақшаның пайда болу дефицитімен және мөлшерімен белгіленеді. Қарызды қайтару де жиналған нақты ақша сальдосына байланысты. Қаражатты тарту және қайтару мерзімі мен тәртібі инвестициялардын жалпы көлеміне және шығындар мөлшеріне әсерін тигізеді, өйткені, зайымдар бойынша пайыздар  қаржыы шығындары болып есептеледі.

 

3.2. Инфляциялық факторын есепке ала отырып инвестициялық жобаны бағалау

Жобаны тандау да инфляция мен белгіссіздік.

Инфляция – экономикада  бағаның жаллы деңгейінің жоғарлау процессі және ақшаның сатып алу  қабілетінің төмендеуі. Ашық инфляцияда баға деңгейінің өсуі ұзаққа созылмақ, жабық инфляцияда тауар дефицитінің күшейюі. Біріншісі нарықты экономикада орын алады, екіншісі – орталықтандырылған жоспарлы экономикасында.  Баяу инфляцияның позитивтік потенциалы инвестициялық процессін ынталандыруда байқалады.  Инфляция темпі – берілген уақыт мерзімінде бағаның өсу қарқыны.

Инфляцияның жобаның  тиімділік көрсеткіштеріне әсерін екі аспектіде байқауға болады: 

жоба көрсеткіштерінің натуралдық өлшем бірліктеріне әсері, яғни инфляция кезінде тек қана қаржы көрсеткіштері өзгермей, сонымен қатар сату жоспары де өзгеріп отырады;  

жоба көрсеткіштерінің ақша көлеміне әсері

Инвестициялық жобаның  тиімділігін бағалауда халықаралық  тәжірибеде есептеудің келесі тәсілдері  қолданылмақ:

ақша ағымын бағалар  өзгерісіне қарай және есептер теңгемен шетел валютасымен жүргізгенге байланысты инфляциялық корректірлеу;

 пайыз қойылымында  инфляция премиясы есепке алынады;

инфляцияның жоғары деңгейі  жағдайныда сезімталдық талдауы.

Инфляция, ереже бойынша, қолма қол ақша ағымына әсер етеді.  Жалпы, бұл әсер келесіде көрсетілген:

түсімнің өсуі;

шығынның жоғарлауы;

пайыздардын және ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоғарлау мүмкіндігі.

Инфляцияның жоғарлау кезінде  кредиторлар қарыз қайтарылымын жоғары талап етеді. Пайыздық қойылымдар екі компоненттен тұрады: нақты пайыздық қойылым және инфляцияға өзгеріс. 

Нақты пайыздық қойылым  келесі формуламен есептеледі:

,

мұнда R нақты – нақты  пайыздық қойылым, Rноминал- номиналдық пайыздық қойылым, ал I – инфляция пайызы.

Динамикада қарастырылатын шешім нұсқаларының тиімділігін  бағалауда инфляциянын әсерін дұрыс  есептеуде, талдау уақыт мерзімінде болатын инфляция қарқынын дұрыс  болжау білу керек. 

Есептеуде болатын қателіктерді екі жолмен шешуге болады.

Бірінші – өндірістін барлық шығындары мен нәтижелерін  бос конвертациялы валютасымен  есептеу керек.

Өндірістін барлық шығындары  мен нәтижелерін салмастыру және экономиканың инфляциялық режимінде  қызмет етуі проблемаларын шешудің  екінші жолы болып, барлық шығындар мен нәтижені болжау мерзіміңін ұзақтылығанда есептеу ұлттық валютанын тұрақты бағасымен жасау.   Мұндаә есептерде инфляцияны естен шығармау керек. Шығындармен нәтижені корректірлеу инфляция коэффитциентің қолданумен жасалады. Балансытқ пайданы есептеу келесі формула арқылы жасалады: 

П=J*(В-С),

мұнда П- кәсіпорынмен өндіріс  қуатын құру мен игеруден кейін бірінші  уақыт интервалында алатын баланстық  пайдасы; 

В – кәсіпорынның осы  мерзіміндегі түсімі;

С – осы мерзіміндегі өнімді өндіруге кеткен шығындыр;

J – осы мерзімдегі  инфляциялық коэффициент.

Инфляциялық коэффициент J келесі формуламен есептеледі:

J= ,

мұнда  Фц – кәсіпорынмен өндіріс қуатын құру мен игеруден кейін бірінші уақыт интервалында шығарылатын өнім бағасының өсуін  есепке алатын инфляция коэффициенті;

Фц=(1+Ц1)*(1+ Ц2)*(1+ Ц3)*….(1+Цn)= ,

мұнда Ц1, Ц2, Ц3 и т.д. Цп – өнім бағасының өсімшесі (бірлік бөлігі);

Фр – өндірісте  осы уақыт мерзімінде қолданылатын әр түрлі ресурстар (шикізат, материалдар, энергия, еңбек қүші және т.б.) бағасының өсуін есепке алатын инфляция коэффициенті; 

Фр= (1+Р1)*(1+Р2)*(1+Р3)…..(1+Рn)= ,

мұнда Р1, Р2, Р3 и т.д. Рn – уақыт интервалында қолданылатын ресурстардын бағасының орташа өлшем өсімшесі (бірлік бөлігі); 

Фв – осы мерзімдегі ұлттық валютасының инфляция коэффициенті

Фв=(1+И1)*(1+И2)*(1+И3)….(1+Иn)= ,

мұнда И1, И2, И3 и т.д. Иn – уақыт интервалында ұлттық валютаның  инфляция қарқыны  (бірлік бөлігі).

J= формуласын келесі түрге өзгертейік:

J=

мұнда Р – осы уақыт  интервалында рентабелділік коэффициенті Р=В/С.

 

3.3. Белгіссіздік жағдайларында инвестициялық жобаны бағалау

Операциялық леверидж және тәуекел.

Тәуекел дегеніміз– капиталды  жоғалту ықтималдығы. Әр түрлі инвестициялық  жобалар тәуекелдің әр түрлі дәрежесіне ие.  Жоғары табыстылық болып көрінген инвестициялық жоба тәуекел болуы  мүмкін және фирманың тәуекеліне әкеледі. Ал соңғысы фирманың құнының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Информация о работе Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері