Имандылык туралы жаксы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 07:51, реферат

Краткое описание

Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп ат береді: Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп Және хақ жол осы деп әділетті.

Файлы: 1 файл

имандылық.docx

— 33.19 Кб (Скачать)

Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп ат береді:

 Махаббатпен жаратқан адамзатты,

 Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

 Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

 Және хақ жол осы деп әділетті.

 Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой – пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны шындық. Кешегі «біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ.

 Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден- дін.

Дін - Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығы. Дініміздің аты – Ислам. Ислам қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке, имандылыққа  баулуға қызмет етіп, қоғамды біріктіуге, қоғамдағы тыныштықты сақтауға үйрететін дін. Яғни адамдарды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтарушы . Сонымен қатар дін – жер бетіндегі адамзат баласының болмысына имандылық иірімдерін сіңіруге қызмет ететін идеология.  Шын мәнінде, рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі – дін. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті егіз ұғым деп білген жөн. Иманды адам – қоғамдық қарым-қатынаста ар-ождан тазалығын, әдептілігін, әділеттілігін әрқашан да жоғары қояды. Әдептіліктің өзі адамның дұрыс тәрбие алуына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, дінді қастерлемеген бірде-бір қоғам болмаған. Әлемдік діндерге ортақ қасиеттердің бірі – зұлымдық, зорлық-зомбылық атаулыға, адам бойындағы жаман қасиеттерге қарсылығы. Ғасырлар тоғысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев діннің осындай қасиеттерін, ықпалын ынтымақтастықты дамытуға бағыттай білді. Тәуелсіздік жылдары елімізде татулық, өзара келісім берік орнықты. Адамның ішкі бостандығына құрметпен қарау конфессияаралық толеранттылықты дамытуға мүмкіндік берді. Тарихи дәстүрлі ислам мәдениетімен қатар, елде әлемдік діндерді дамыту үшін де жағдайлар жасалды. Бүгінде діннің беделі мен мәртебесі көтеріліп, дінге сенушілер қатары көбеюде. Бір сөзбен айтқанда, дін Қазақстан жағдайында қоғам мен жеке тұлғалар арасындағы байланысты нығайтып, ортақ келісім, татулық пен бірліктің негізіне айналды. Алайда ислам діні жастардың иманды болып тәрбиеленуіне мол ықпал етсе де, қазіргі дініміздегі бар құндылықтар да адами әлеуеттің заман ағымына сай дамуына бағытталса да, дін ішінде де әртүрлі ағымдардың әсеріне түсіп, экстремизм мен лаңкестікке бой алушылық та көрініс береді.

Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз.

 Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.

 Міне, осындай басты  – басты үш қасиетті берік  ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас  айқын жолды» көрсетіп кетті.  Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет  те біз болмақпыз. Данышпан  Абай бір қара сөзінде: «ата  – бабаларымыздың бұл замандағылардан  артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең,  әуелі, ол заманда ел басы, топ  басы деген кісілер болады  екен… Екіншісі намысқор келеді  екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің  артын құшып жүрмейік. Иманымызды  ту етіп, соған жету үшін бар  күш – жігерімізді салып, аянбай  еңбек етейік дегім келеді.

 

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін  белгілі-бір қалыпқа түсіретін  ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік  белгісі.

 

Дәстүрлі қазақ қоғамында  адамның имандылығына – мінез-құлық  жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп  көңіл бөлінген. Адамның жарық  дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың  қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды  мәселелер имандылықтың маңызды  құрамдас бөлігі ретінде ешқашан  да назардан тыс қалмаған. Жастардың  үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің  кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік  қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша  адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен  жасты “көргенді” деп, жүрегінен  нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым  жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік  көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. [1]

 

Ең соңғы пайғамбар  Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды  екенін көрсеткен, имандылыққа өзі  бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық  үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен  үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда  деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп  үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: “Оның  мінезі – Құран”, – деп жауап  берген. Құранда: “Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық  орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның  жанында сыйлық бар”, – делінген (Бақара, 2/277). Бұл аяттағы ізгі істер, діни ұғым бойынша имандылық болып  табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті

 

Қазіргі уақыттағы алма - кезек заманда өскелең ұрпаққа имандылық тәрбиесі ауадай қажет деп ойлаймын.Соңғы уақытта әр түрлі өрескел жағдайлар, адамның жаны түршігерлік оқиғалар болып жатқанын ақпарат құралдары: теледидар, радио, газет - журналдар, кітаптар, интернет арқылы көріп, оқып, білсек, тіпті бізді қоршаған өмірден көріп жүрміз.

 

Адамның ақылына, санасына сыймайтын осындай жағдайлар, нақтырақ айтсақ миссионерлік, секталық ұйымдардаң жастарымыздың , ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасын улап, тура жолдан тайдырып, бұрыс жолға алдап түсіріп, өз мақсаттарына пайдаланып, исламға қара күйе жағуда. Әрине бұл жастарымыздың болашағына, еліміздің болашағына қам жейтін ата- аналарды, мұғалімдерді, тәрбиешілерді, біздің қоғамымызды ойландырмай қоймайды. Дінді жамылып, бірақ істеген істері діннен, исламнан, имандылықтан әлдеқайда алыс жатқан миссионерлік, секталық ұйымдардың жетегінде кетпесін десек, өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеп, оларға рухани адамгершіліктің: адалдық, кішіпейілділік, мейірімділік, әдептілік, арлылық, ұяттылық, ізгілік, отансүйгіштік деген сияқты  құнды қасиеттерді үйретіп, бойларына сіңіріп, сонымен қатар араққұмарлық, есірткі, шылымқұмарлық деген зиянды әдеттерден жирендіріп, діни сауаттылыққа үйрету басты мақсат болып табылады.

 

Діни сауатты адам ғана сектаның не екенін, дәстүрлі ислам дінінің не екенін айқын біліп, ара жігін ажырата алады.

 

«Ислам» – бейбітшілік, амандық, есендік деген мағынаны білдіреді. Ислам діні – жер бетінде «бейбітшілік пен тыныштықты» орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін.

 

«Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады» бұл Қасиетті Құранның «Маида» сүресінің, 32 аятында айтылған. Ендеше бұны білген, санасымен түсінген  адам ондай әрекетке бармайды деп ойлаймын.

 

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

 

Рас сөз ешуақытта, жалған болмас,

 

Көп кітап келді, Алладан, оның төрті

 

Алланы танытуға сөз айырмас-

 

деп Абай айтқандай біз дәстүрлі дінімізді Құраннан, оны жеткізуші соңғы пайғамбар Мұхамедтің (с.ғ.с.) хадистерінен үйреніп, оны балаларға да үйреткеніміз жақсы. Әрине әр нәрсеге сауаттылық керек.

 

Соңғы уақытта басына түскен болмашы қиындыққа төзе алмай, өз -өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасып жатқан жастарымыз қаншама. Ал біз бұл жағдайға не демекпіз ? Бұл тағы да имансыздықтың, діннің тайыздығының айғағы.

 

«Өмір»  адамға Алланың берген сыйы, тамаша тартуы, ендеше оны біз қадірлеп, бағалай білу керек деп балаларға үйретіп, өз- өзіне қиянат жасау – исламда үлкен күнә екенін айтсақ, оны Құрандағы «Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар» «Ниса» сүресінің 29 аятымен бекітсек балаларға әсер ететініне еш күмәнім жоқ.

 

«Сабырлық – иманның жартысы» дегендей басыңа қандай да бір қиын іс түскенде оны сабырлықпен, төзімділікпен жеңе білуге үйрету, тәрбиелеу дегенді айқындайды .

 

Қасиетті Құранның алғашқы аяты «Иқра», яғни «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен» деп басталады. Ұлы жаратушы адамдарды адаспасын деп Құранды түсірсе, Құран арқылы оқуға , білімге шақырады. Оқу оқу, білімді болу тамаша нығымет. Оқып, білім алу үлкен бақыт, ол адамды надандықтан сақтайды. Ағартушы, педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин өз өлеңін

 

Бір Аллаға сиынып,

 

Кел балалар оқылық.

 

Оқығанды көңілге,

 

Ықыласпен тоқылық.- деп бастады емес пе?

 

Қазақ халқы  сонау бал- қаймағы бұзылмаған уақыттан бастап арақ ішу, шарап ішу, есірткі, темекі шегу деген әдеттерден аулақ болған. Гені, қаны таза халық болғанына, сусын ретінде шипасы мол қымыз бен шұбатты пайдаланғанына тарих куә. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.)  мына хадисінде «Ішкілік ішпе! Себебі ол –бүкіл жаманшылықтың көзі» -деп өсиет қалдырған. Осы өсиетті балаларға жеткіземін. Неге десеңіз арақ ішкен адам барлық зұлымдыққа барады. Ұлдарымыз бен қыздарымыз арақ ішпесін десек, ең алдымен оған үлкендер өзіміз үлгі- өнеге бола білейік. Ата- ана өзі арақ ішіп, балам сен арақ ішпе десе оның  айтқан ақылы, сөзі өтімді бола ма? Осы тұрғыда барлығымыз терең ойланайықшы.

 

Аллаһ Тағала адамды барлық жаратылыстан артық етіп жаратқан. Оған сана, ақыл -ой, түйсік, қабілет, таңдау берді емес пе? Барлық жаратылыстың халифасы жасаған. Сөйте тұра адамзат арақ ішіп азуда. Адамнан әлдеқайда төмен дәрежедегі ит арақ ішпейді.

 

«Ел боламын десең- бесігіңді түзе»-деген М. Әуезов. Қазақ халқы әу бастан ұрпағын бесіктен тірбиелеген. «Қызға қырық үйден тыйым» -деп қыздың тәрбиесіне жете көңіл бөлген. Себебі қыз болашақ ана. Ана бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді. Ана отбасының ұйытқысы, барлық жақсылықтың бастамасы.

 

Ал Құранда әйелдер мен қыздарға қатысты былай деп айтылған «Әурәт (ұятты) жерлеріңді ашпаңдар, ол сіздер үшін қайырлы»- деп, ненің қайырлы екенін ашық түсіндірген. Ендеше неге біздер қазақ халқы қыздарымызға шын ықыласымызбен жанымыз ашымайды. Адам баласының бойына адамгершілік, ұялу, ұятты жерлерін жабу деген сипаттарды берген жаратушы.

 

«Ұят пен иман бір- бірімен өте тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетіп қалады» деген хадисте . Тағы бір хадисте былай айтылған «Әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі – ұят». Ендеше көкірегінде намыс оты бар , ары бар қыздарымыз ашық шашық киінбейтініне еш күмәнім жоқ.

 

Уақыт бір мезет те тоқтамайды, көзді ашып-жұмғанша  зулап өтуде. Уақытпен бірге заман да, барлығы да дамуда. Адам да бірге дамып, ақылымен, санасымен саралап заманнан жақсысын алып, жаманынан жирену керек.

 

 Ғылым мен білімді меңгерген, тіліне, дініне берік , еркін ойлай алатын, рухани дамыған, жан-жақты жастарымыз көп болсын. Елдің болашағы сондай жастардың қолында болса, еліміз үшін игі бола

 

.

 


Информация о работе Имандылык туралы жаксы