Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.

Оглавление

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
1. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ..................................................................................................10
2.1 Қазақстан Республикасының валюта тарихы және жаңа теңгеге сипаттама ...........................................................................................................10
2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және Қазақстан Республикасының монеталары...........................................................................................................................17
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------24
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртібі...................................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------29

Файлы: 1 файл

Валюта.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

[pic]

[pic]

      Банкнота өлшемі 134х70 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында ашық және қою қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен  орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда Президент мәдени орталығының үйі,  артқы жоспарда таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

[pic]

      Банкнота өлшемі 130х67 қағазда дайындалған.

      Бет  жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы көк түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

      Сырт  жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жоспарда теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2.2 Жаңа банкноталарды қолдану тәртібі және  Қазақстан Республикасының  монеталары

     Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдануға тиіс.Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады.Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті.Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жыл бойы  оларды заңды және жеке тұлғалардан қабылдауды жалғастырады және олардың сараптамадан түпнұсқалылығы расталғаннан кейін қолданылып жүрген ақша белгілеріне айырбастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.

Информация о работе Ұлттық банктің қалыптасуы және оның валюталық бағамдарын құру тәртіб