Экономика түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 12:32, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
I. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары......5-7
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы....................8-10
1.3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық
экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15
II. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі
және даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы
орны..................................................................................................................16-17
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны........18-20
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы............................................................................................21-23
III. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер........................................................................................................24-26
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын
жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..............................................................27-29
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................30-31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................32
ҚОСЫМША............................................................................................................33

Файлы: 1 файл

әлемдік экономика.doc

— 225.00 Кб (Скачать)
  1. Қазақстанның нарықтық экономиканы дамытудың негізгі кезендерінен жедел өтуі;
  2. Үзілген байланыстарды қалпына келтіру, ТМД елдері топтарының шеңберінде экономикалық интеграциялану және өз кезегінде әлемдік шаруашылыққа бірігей блок түрінде бірлесіп кіру.

      Қазақстанды әлемдік жетекшілерден бөліп  тұрған аралықтан өткізу, ауыртпашылықты жеңілдету және нарықтық экономикаға  көшу уақытын қысқарту, дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру үшін келесі шаралар іске асырылуы тиіс: тұрақты саяси режим қалыптастыру; Қазақстанның жағдайына бейімделген нарықтық шаруашылық жүргізу тетігін дамыту және жақсарту; қолайлы инвестициялық ахуал туғыза отырып шетел инвестициясын тарту және тиімді пайдалану; өндірістің экспорттық бейімделуін импортты алмастырумен үйлестіре отырып, белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізу; ғылыми-техникалық үдерістің жетістіктерін қолдау жолымен экономикалық дамуды ынталандыру.   [2; 7б.]  

  Экономика салаларын Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шарттарына бейімдеу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру және Қазақстанның әлемдік нарыққа кірігуі. Міндеттері;

    • Қазақстан үшін тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіру.
    • Қазақстан нарығына импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің кемсітусіз енуіне салаларды ашуға бейімдеу.
    • Өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т.б.) шеңберінде экономикалық кірігуді тереңдету.
    • Сауда – экономикалық  қатынастар кешенінің негізгі құрауышы ретіндегі шекара маңы ынтымақтастығын дамыту.
    • Барлық заңды тұлғалардың қаржы есептілігінің әлемдік стандарттарына көшу процесін жеделдету.

    Шешу  жолдары: Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар көзделетін болады:

    • Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын ДСҰ міндетті келісімдерінің нормаларына толық сәйкес келтіру;
    • Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше елдермен тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұлттық экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда қазақстандық нарықтарға шығуы жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтау;
    • Қазақстанның тиісті келіссөз ұстанымын белгілеу үшін оны мемлекеттік қолдаудың іс жүзіндегі көлемімен салыстырғандағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға деген негізделген қажеттілікті айқындау;
    • тараптардың ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесін ескере отырып, ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын кезең-кезеңімен қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.

      Қазақстан үшін тиімді жағдайларда ДСҰ-ға кіру Қазақстанның жаһандық экономикадағы бәсекелестік тұғырларын көп ретте оның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты айқындалатын болады.

                         ҚОРЫТЫНДЫ

      Курстық жұмыста қарастырылған   сұрақтардың  негізінде келесідей қысқаша  тұжырымдамалар жасауға болады:

      Нарықтық  экономиканың дамуы үшін сыртқы – экономикалық байланыстардың болуы маңызды болады. Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде халықаралық қатынастармен өзара байланысқан ұлттық шаруашылықтардың қарама – қайшы  тұтастығы.

      Халықаралық экономикалық қатынастар – экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесі. Бұл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.

      Осы заманғы қарқынды еларалық экономикалық байланыстар денгейін төмендегілер көрсетеді: әлемдік шаруашылықта халықаралық еңбек бөлінісі дәрежесінің терендігі; әлемдік шаруашылықтық байланыстардың серпінділігінің күшеюі және көлемінің өсуі.

      Қазіргі кезде әлемде, халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде – бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке – дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы халықаралық институттардың құрылуы.

      Әлемдік сауда – экономикалық қатынастарға толығымен ену, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің бірі, республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып отыр.

      Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің бірі республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай сондай-ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар. Сондықтан әлемдік кеңістікке қарай интеграциялану бүгінгі күннің өзекті, ағымдағы тақырыптарының бірі.

      Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай, сондай – ақ, Қазақстан басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар.

      Орта  мерзiмдi болашақта Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөніндегі келiссөз процесiн аяқтау және ДСҰ-ның тең құқылы мүшесi мәртебесiн иелену күтiлiп отыр. Осыған байланысты барлық мiндеттердi, оның iшiнде өңiрлiк бiрлестіктер шеңберiнде қайта қарау және ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларымен сәйкестендiру жөнiнде жұмыс жүргiзілуде.

      Әлемдік нарықты игеру үшін Қазақстан таңдаулы және кезекпен іске асырылатын саясат жүргізуі тиіс. Таңдаулылық өз басымдылықтарын нақты анықтаумен байланысты. Мысалы, ел ішінде еркін нарықтық экономика құру күш-жігері сыртқы ашықтықтан басым болуы керек. Өзінің халықшаруашылық кешенін сыртқы әлемге ашуда жоспарлы жалғастық қажет. Бұл жағдайда сыртқы ашықтық өзіндік мақсат болмауы тиіс, ол ел ішінде тиімді нарықтық тетіктерді қалыптастыруға жағдай туғызуы керек.  
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Авдокишин Е. Международные экономические отношения.-М.-«Маркетинг»,2006.-300с.
  2. Алшанов Р. Жаһандық экономика және Қазақстан// Егемен Қазақстан.-2008.- 28-ақпан.-5б.
  3. Аубакиров Я. Экономикалық теория негіздері.-Алматы.-2004.-360б.
  4. Арынов Е. Международные экономические организации и экономические союзы.-Алматы, 2007.-300б.
  5. Булатов К. Мировая экономика.-М, «Экономикс», 2007.- 480с.
  6. Джапаркулов Д. Перспективы развития международных связей Казахстана со сторонами СНГ// Транзитная экономика.-2008.-№1.- с.45
  7. Дукенов К. Международная позиция Казахстана// Юридическая газета.-2008.-21 марта.-с.3
  8. Исмайлова А. Ретроспектива и тенденции развития экономической интеграции// Саясат.-2008.-№12-с.9
  9. Кошаганов А. Интеграция Казахстана в международную торговую систему и ВТО// Транзитная экономика. – 2008.- №5.-с.19
  10. Кулекеев Ж. Экономика Казахстана в условиях мирового кризиса// Транзитная экономика.-2007.-№1.-8с.
  11. Мамыров Н. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Алматы.-Экономика.-1999.-300б.
  12. Назарбаеав Н. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы// Саясат.-2006.-№2.с.7
  13. Нәбиев Е. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Астана, 2001.-300б.
  14. Нурпейсова Ж. ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері // Саясат.- 2009.- .-№2-9б.
  15. Раджаев К. Мировая экономика/ Учебник.-«Юнити».- 2007.-450с.
 

 

      Қосымша А  

 
Әлемдік экономикалық қатынастар

 
       
        Халықаралық еңбек бөлінісі.
       
      Тауарлар  және қызметтермен әлемдік сауда
       
      Капиталдар мен шетел инвестицияларының әлемдік қозғалысы
       
        Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.
       
        Халықаралық валюталық – қаржылық  және несиелік қатынастар
       
        Әлемдік экономикалық интеграция.

 
 
 

             Сурет  1– Әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымы 

Информация о работе Экономика түсінігі