Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 23:10, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы табиғи газбен қосалқы газдың бай қоры оны өндіру көлемін едәуір арттыруға береді. Мысалы, 1996 жылдан бері қарай газ өндіру көлемі екі еседен астам өсіп, 14,8 млрд м3 шамасына жетті. Жақын келешекте Каспий теңізі қойнауындағы кеніштердің ашылуына байланысты газ қорының 1,5-2 есеге дейін артуы мүмкін болып отыр. Өндірілетін газдың негізгі бөлігін қосалқы газ құрайтындықтан, мұнай өндіру артқан сайын, одан алынатын қосалқы газ мөлшері де арта бермек.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫН ЖОБАЛАУДАҒЫ НЕГІЗДЕУ
1.1. Қазақстан өнеркәсібіндегі газ секторын дамыту мәселесі
1.2. Қазақстанның магистралдық газқұбыры
2. ЖҰМЫС ЖҮРЕТІН АЙМАҚТЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
2.1. Физикалық – географиялық мінездемесі
2.2. Аймақтың табиғи жағдайлары мен геологиялық – гидрогеологиялық мінездемесі
2.2.1. Орналасу орны
2.2.2. Климаттық мінездемесі
2.2.3. Гидрография
2.2.4. Геоморфология
2.3. Геологиялық құрылысы және гидрогеологиялық жағдайлары
2.4. Физикалық-геологиялық процессстер мен құбылыстар
2.5. Топырақтың физикалық механикалық қасиеттері
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. Газдың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау
3.1.1. Стандартты (қалыпты) жағдайлардағы газдың тығыздығы
3.1.2. Ауа бойынша газдың салыстырма тығыздығы
3.1.3. Газдың молярлық массасы
3.1.4. Газдың газ тұрақтысы
3.1.5. Газ қоспасының псевдокризистік температурасы мен қысымы
3.2. Газ құбырының есептік өнімділігін анықтау
3.3. Машина түрін, оның санын және жұмысының принципиалдық схемасын анықтау
3.4. Газқұбырының қабырғасының қалыңдығын есептеу
3.5. Газтасымалдаудың орташа параметрлері
3.5.1. Газқұбырындағы газдың орташа қысымы
3.5.2. Газдың орташа сығымдалу коэффициенті мен динамикалық тұтқырлығы
3.5.3. Газқұбыры бойынша газдың қозғалыс режимі
3.5.4. Құбырдағы тасымалданушы газдың орташа температурасы
3.6. Газқұбырының гидравликалық есебі
3.7. Газқұбырының ұжымды диаметрін анықтау және таңдау.
3.8. Тасымалданушы газдың орташа және соңғы температурасын тексеру
4. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰЛСАРЫ – ШАЛҚАР МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫ УЧАСТОГЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
4.1.1. Газқұбырының категориясы
4.1.2. Өткізгіш құбырдың біріктіру тетіктері
4.1.3. Құбырды өткізу әдісі
4.1.4. Өткізгіш құбырды монтаждау, пісіру және бақылау
4.1.5. Газқұбырының үрмелеу және сынау
4.1.6. Автомобиль жолдарымен қиылысу
4.1.7. Газқұбырының теміржолдармен қиылысуы
4.1.8. Газқұбырының су преградалардан қиылысып өтуі
4.1.9. Линиялық запорлық арматура
4.2.1. ГКС-1 бойынша технологиялық схема
4.2.2. Компрессорлық цех
4.2.3. Маймен қамтамасыз ету.
4.2.4. ЦН нығыздағыш жүйесі
4.2.5. Газ тазарту қондырғысы
4.2.6. Газды ауамен салқындату қондырғысы
5. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰЛСАРЫ-ШАЛҚАР УЧАСКЕСІН ПАЙДАЛАНУ
6. ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6.1. Капиталдық салымдар
6.2. Жылдық пайдалану шығындары
6.2.1. Жұмысшылар саны және еңбекақы фонды
6.2.2. Электр энергиясы
6.2.3. Ауыз су
6.2.4. Амортизациялық шығындар
6.3. Тиімділік көрсеткіштерін анықтау
7. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.
7.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.
7.2. Өндірістік санитария
7.3. Қауіпсіздік техникасы
7.4. Өрт қауіпсіздігі
7.5. Қоршаған ортаны қорғау
7.6. Жобадағы нысанның төтенше жағдайға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

Diplom-ZK-UKO-1.doc

— 975.00 Кб (Скачать)

Сурет-14

Газды ауамен салқындату аппарты

1-тірек металконструкциясы; 2-жылуалмастырғыш секциялары; 3-вентилятор; 4-диффузор; 5-электр двигатель

 

4.3. Газбөлістіргіш станциялардың ГРС орналасуы

 

Газ магистралдық газқұбырынан поселкелік газтасымалдану жүйесіне газбөлістіргіш станциялар (ГРС) арқылы беріледі. ГРС-те газ қысымы тұтынушы газ тасымалдау жүйесіне қажетті деңгейге дейін төмендетіледі (2000-1200-600-300 кПа) және осы қысым тұрақты деңгейде сақталады.

Газқұбырының трассасы бойынша төмендегі ГРС жобаланған:

  • Құлсары поселкесінде 0,3 км;
  • Аққызтоғай поселкесінде 29 км;
  • Жарқамыс поселкесінде 215 км;
  • Кемерші поселкесінде 244 км;
  • Қауылжыр поселкесінде 418 км;
  • Шалқар поселкесінде 456 км;

Әрбір ГРС төмендегі технологиялық жабдықтармен жарақталған: ажыратқыш тораптың енгізу краны, газ тазарту блогы, газ қысымын төмендету және реттеу тармақтары, шығынды есептеу тармағы, шығудағы жапқыш кран.

Автоматтандырылған ГРС 15-суретте көрсетілген. Газ қысымын төмендету торабы үш тармақтан тұрады, олардан біреуі – резервтік. ГРС тің технологиялық жабдықтары, автоматикасы және КИП өлшемі 6*9м болған ғимаратқа, ал жапқыш құрылмалар торабы ашық алаңға орналастырылған. Шығынды есептеу тармағын (D=300) жердің үстінде бағаналарға орнатады. ГРС тің периметрі бойынша қоршау жүргізіледі. ГРС ке баратын және оның алаңдарын жалпы пайдалану жолдарымен жалғастыратын автомобиль жолы жобаланған.

Газ ГРС ке диаметрі 159мм құбырмен келіп түседі. Құбырға майланатын, червякті берілісті, пісіруге арналған ұштары бар кран 1 орнатылған (D=150; Ру=6,4МПа). Газқұбырының желдету үшін кран алдында диаметрі 89мм болған краны  бар тармақ бар (D=80; Ру=6,4МПа). Бұл тармақ желдету шамына жалғанған. Кранды жапқаннан кейін газ құбырымен қысымды төмендетуші тармаққа келіп түседі. Тармақтық жабдықтары бірдей және майланушы пісіруге арналған ұштары бар червякты берілісті краннан 3 (D=100; Ру=6,4МПа); майланушы пісіруге арналған ұштары бар червякты берілісті краннан 7 (D=200; Ру=6,4МПа) тұрады.

Реттегіш клапандар аралығындағы, сондай-ақ клапандар мен крандар аралығындағы құбырлардың диаметрі 219мм. Реттегіш клапандар құбырлармен переходтар арқылы біріккен. Әрбір тармақтан газды шығарып тастау үшін диаметрі 14мм, вентилді (D=15; Ру=1,6МПа)желдеткіш газқұбыры көзделген. Бұлардың бәрі диаметрі 22мм жалпы желдеткіш шаммен біріккен. Қысымы төмендетілген соң газ камералы диафрагма 8 орнатылған шығын есептегіш газқұбырына келіп түседі. Шағын есептегіш тармақтың ұзындығы газ ағыны тұрақтанатын шарттан қабылданған. Газқұбырының шығаберісінде жер үстіне орнатылған пневможетекті кран 9 орнатылған (D=300; Ру=6,4МПа).

ГРС тен шығу линиясында бекіткіш краннан кейін құбырға червякты беріліспен маховикпен басқарылатын, майланушы үшжүрісті кран 10 орнатылған (D=100; Ру=2,5МПа). Оған екі сақтандырғыш шығару клапаны 11 (D=100; Ру=1,6МПа) бекітіледі, бұлар ГРС тен кейін газдың қысымы шектен тыс артып кетуінен сақтайды. Клапандардан газды атмосфераға шығарып тастау шам 12 арқылы жүзеге асырылады.

Байпос червякты берілісті, майланушы екі краны бар (D=100; Ру=6,4МПа) құбырдан (D=108*4) жасалған. Импультер алу үшін газқұбырына бабышкалар 13 (D=15мм) пісірілген. Температураны өлшеу үшін термометр 14 орнату көзделген. ГРС ке келуші және одан шығушы газқұбырларында изоляциялаушы фланцтер 15 және 16 орнату көзделген. ГРС тен шығушы газқұбырына изоляциялаушы фланцтан кейін одорризациялық қондырғы 17 жасалған.     

 

5. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰЛСАРЫ-ШАЛҚАР УЧАСКЕСІН ПАЙДАЛАНУ

 

5.1. Линиялық газқұбырының  атодтық қорғау жүйесі

 

Жобаланушы линиялық газқұбырының катодтық қорғау жүйесі линиялық запорлық арматуралар алаңына жайласатын 10 катодтық станция орнатуды көздейді. Одан басқа құбырдың автомобиль және темір жолдармен қиылыстарында футлярды қорғау үшін, сондай-ақ су кедергілерінен өткен жерлерінде резерв ретінде тротекторлық қондырғылар орнату көзделген.

 

Кесте-27

Магистралдық газқұбырының бойында катодтық қорғау станцияларының (СКЗ) орналасуы

 

№ СКЗ

Орнату орны

Трасса бойынша Км

СКЗ аралығындағы арақашықтық

1

№2 задвижка орны

29

29

2

№4 задвижка орны

79

50

3

№6 задвижка орны

129

50

4

№8 задвижка орны

179

50

5

№10 задвижка орны

228

49

6

№13 задвижка орны

290

62

7

№15 задвижка орны

340

50

8

№17 задвижка орны

390

50

9

№19 задвижка орны

440

50

10

КС-3 орны

456,2

16,2


 

Тұрақты электр тоғы В-ОПЕ-25-24-У1 типіндегі сыртқы вариантта жасалған трансформатор – түзеткіштермен қамтамасыз етіледі. Олар метал конструкцияларға орнатылады.

 

5.2. Анодтық жермен  тұйықтау.

 

Анодтық жермен тұйықтау жер астына орнатылады, оған АЗЖК – типіндегі теміркремний электроды қолданылады. Электр тұйықтауға материал шығыны өте агрессивтік топырақта 0,5 кг/а.жыл. Электрод шығынын нормативтік қызмет мерзімі 15 жыл деген есептен анықталып, ерітілу коэффициентін ескере отырып анықтаймыз. Шекті ток тығыздығы әрбір жермен тұйықтағышқа шаққанда 1 А/дм2.

Анодтық жермен тұйықтағыш газқұбырынан 150м қашықтықта орнатылады. КС-ларды алаңнан тыс, газқұбырға дейінгі қашықтық 40м ден кем болмаған жерге орнатылады. Жермен тұйықтағыш роторлы станоктармен тереңдігі 5 метрлік скважиналарға орнатылады.

Анодты магистралдық линияға біріктіру металдан жасалған нығыздағыш битумы бар монтаждық біріктіргіш қораптар арқылы жүзеге асырылады.

Анодтық жермен тұйықтағыштың жұмысын бақылау және оны СКЗ ға қосу бақылау өлшеу колонкасында орналасқан түйісу құрылмалары арқылы жүзеге асырылады.

 

5.3. Линияны пайдалануды  ұйымдастыру.

 

Газқұбырының линиялық бөлімін пайдаланудың техникалық және әдістемелік басқаруын жұмыс бағыты бойынша бас директордың орынбасары және магистралдық газқұбырының эксплуатациясы бойынша өндірістік бөлім жүзеге асырылады.

Линиялық бөлімнің жұмыстарын линиялық бөлімнің эксплуатациялық қызметінің бастығы басқарады (ЛЭС).

ЛЭС линиялық бөлімнің, жабдықтардың, ғимараттардың тиімді және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс және олардың техникалық күтімі мен жөндеуін өз уақытында өткізіп тұруы қажет. Бекітілген механизмдермен көлік құралдарының жұмысқа дайындығын сақтап тұруы, құбыр, жабдықтар және материалдар қорларын сақтау және орнын толтырып отыруды қамтамасыз етуі, авария мен бұзылымдар зардаптарын тез арада жоюы, газқұбыры мен жабдықтардың нығыздығын қамтамасыз етуі, қоршаған ортаны ластаудан сақтауы тиіс.

ЛЭС құрамына бұлардан басқа жөндеу – эксплуатациялық пункттер (РЭП) және өндірістік алаңдар кіреді.

ГРС тің аралаушылардың үйлерін, авариялық-жөндеулік пуекттердің эксплуатациясын, техникалық күтімін және жөндеуін ЛЭС атқарады. ЛЭС құрамына электрхимқорғау, бақылау-өлшеу приборлары және автоматика (КИПиА) және телемеханика бойынша учаскалар, топтар немесе мамандар кіреді.

ЛЭС күшінде тұрған инструкция бойынша метанол алу, сақтау және оны газқұбырына және ГРС ке құю жұмыстарын орындауы тиіс.

 

5.4. Техникалық  күтім және жөндеу.

 

Газқұбырының линиялық бөлімін күтуші ЛЭС ке төмендегі міндеттер жүктеледі:

  • газқұбырының және оның ғимараттарын кезеңді түрде қарап жүріп, оның бұзылымдарын, газдың сыздықтауын, жұмыс істемей қалуын және т.б. анықтау;
  • газқұбырының техникалық жағдайын жорамалдау;
  • трассаны, қорғау аймағын және ғимараттарды ВРД 39-1.10-006-2000, "Магистралдық газқұбырын қорғау ережелері", "Магистралдық газқұбырын эксплуатациялауда қауіпсіздік ережелері" талаптарына сәйкес келетін жағдайда ұстау;
  • жасанды және табиғи кедергілермен қиылысып өтетін жерлерінің жағдайын бақылау;
  • жаңадан пайдалануға берілген газқұбырларын пайдалануға дайындау және оны газбен толтыру және істеп тұрған газқұбырының қуысын тазалау;
  • газқұбырына жаңа нысандар үшін отводтар қосу, жалғау тораптарын реконструкциялау;
  • авариялық техникаларды, механизмдерді, бейімдемелерді жұмысқа сай қалпында ұстау және оларды дер кезінде толтыру;
  • газқұбырына ағымдағы күтім, ағымдағы жөндеу жүргізу, аварияларды және авариялық ситуацияларды жою;
  • жылдың күзгі-қысқы маусымында және су басқан жағдайларда жұмыс істеуге газқұбырын дайындау бойынша шаралар өткізу;
  • тікұшақ алаңдарын, ұшу-қону жолақтарын және авиациялық техникаға май құю пункттерін сақтау;
  • газқұбырының нысандарына ажыратылған жер телімдерінің шегараларын сақтау;
  • линиялық телемеханика және КИПиА құралдарын іске жарамды күйде ұстау, олардың дер кезінде жөндеу және модернизациялау.

Жоспарлы қарауда қорғау аймағы мен минималдық қашықтық аймағын тексереді, су кедергілерімен қиылысуы, реперлі белгілер,оврагтар, темір және автомобиль жолдары, крандық алаңдар және құбырдың авариялық қоры сақталатын алаң, тазалағыш құрылмаларының қабылдау және босату торабы, трасса бойлап өткелдер, газұбырына келетін жолдар, көпірлер, дамбалар, газқұбыры арқылы өткелдер, су өткізгіш сооружениялар, трасса бойлық байланыс және электр беру линиялары, трансформаторлық подстанциялардың сақталуы, трассаны белгілеу белгілері, газқұбырының бөтен ұйымдармен қиылысуы тексеріледі.

Қараудың мақсаты: жабдықтармен коммуникациялардың жағдайын анықтау, ереженің бұзылғандығын анықтау, газ сыздықтауын табу, авария алдындағы жағдайды және аварияны анықтау, басқа да кемшіліктер мен зақымдануларды табу. Жақын жердегі сооружениелер мен нысандардың газқұбырының бүтіндігіне немесе қалыпты жұмысына қауіп туғызатын авариясын анықтау.

Жоспарлы қарау жылына кемінде екі рет жүргізілуі керек (көктемде – күзде).

Қарау тікұшақ, ұшақ, автокөлік сияқты көлік құралдарын пайдаланып немесе жаяу айланып жүзеге асырылады.

Зерттеу жүргізу газқұбырының әрбір торабының, учаскелерінің және басқа нысандардың техникалық жағдайын бағалауға арналған техникалық құралдар мен жабдықтар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу шеңберіне кіретіндер: магистралдық газқұбырының линиялық бөлімін қарау, газқұбырының отводтарын, ашық жалындап жанатын от жағу орындарын (костерлер жағу, жердің бетіндегі шөптерді жағу және т.б.), қорғау аймағының және минималдық шекті қашықтықтардың бұзылуын табу, газқұбыры арқылы жабдықталмаған өткелдердің болуын табу және т.б.

Зерттеудің мақсаты:

  • газдың сыздықтауын табу;
  • коррозиялық және эррозиялық зақымдануларды, жарықтарды және басқа металл деффектерін табу;
  • металдардың механикалық кернеуін, деформациясын және газқұбырының участогының жылжуын өлшеу, тіректердің жағдайын бірікпелерін және басқа конструктивтік элементтердің, ауа өткелдерінің, тазарту құрылмасын қабылдау және іске қосу торабын, газ өлшеу станцияларын (шығын өлшеу пункті) және т.б. өлшеу.
  • суасты өткелдерінің техникалық жағдайын анықтау;
  • газқұбырын жүргізу тереңдігін анықтау;
  • гидравликалық тиімділігін, жергілікті гидравликалық кедергіні өлшеу;
  • тазарту құрылмасының өту мүмкіндігін анықтау;
  • изоляция және металл құбырдың жағдайын электрометрлік зерттеу және шурфование жасап, жай көзбен және инструментпен бағалау.

Газқұбырының көмілу тереңдігі кезеңді бақыланып тұруы тиіс:

  • жыртылмайтын жерлерде – кемінде үш жылда бір рет;
  • жыртылатын жерлерде – жылына бір рет көктемгі егіске дайындық жұмыстарының алдында. Бақылау әрбір 500м аралықта белгілі нүктелерде жүргізіледі. Көмілу тереңдігі 0,8м ден кем болған жерлерде қосымша шаралар күзде тұтылып және орындалып, газқұбырының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Құм көшкіні болатын жерге көмілген газқұбырының учаскелері жылына бір рет зерттелуі тиіс.

Газқұбырының автомобиль және теміржолдардан күндақпен өткен жерлерін зерттегенде (қарағанда) құбыр аралық кеңістікке жылжымалы газ анализатор жәрдемінде оперативтік анализ жасалып, ондағы ауа қабатының құрамында көмірсутектің бар – жоқтығын жылына екі рет анықтау қажет.

Құбырмен қорғаушы футляр арасындағы электрлік түйісуді тексеру жылына кемінде бір рет жүргізілуі қажет.

Информация о работе Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары